1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны


Шығу тегі Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда грек ғылымында пайда болғаннан бастап, климатология екі негізгі бағытта дамыды



бет6/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Дәрістер жинағы

Шығу тегі
Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда грек ғылымында пайда болғаннан бастап, климатология екі негізгі бағытта дамыды: аймақтық климатология және физикалық климатология.
Біріншісі - белгілі бір континентальды немесе субконтинентальды аймақтарға тән климаттық құбылыстарды зерттеу.
Екіншісі әртүрлі климаттық элементтерге, атап айтқанда температураға, ылғалдылыққа, атмосфералық қысымға және желдің жылдамдығына статистикалық талдау жасауды және осы элементтер арасындағы негізгі байланыстарды егжей-тегжейлі тексеруді қамтиды.
1960 жылдардан бастап үшінші негізгі саласы - динамикалық метеорология пайда болды. Бұл негізінен динамикалық метеорологияның іргелі теңдеулеріне негізделген атмосфералық процестердің модельдерін қолдана отырып, климат пен климаттың өзгеруін сандық модельдеу мәселелерімен айналысады.
Климатологияның басқа маңызды пәндеріне биоклиматология мен палеоклиматология жатады.
Гидрология – (гр. hydor - су, logos - ғылым) физикалық географияның географиялық қабықтағы табиғи су түрлерін зерттеумен айналысатын саласы. Оның негізгі зерттеу объектісі - табиғаттағы су айналымы, жердің беткі (дүниежүзілік мұхит, өзен, көл, мұздық, батпақ) және ішкі қабаттарындағы су көздері жеке түрлерінің пайда болуын, құрамын, физикалық-химиялық қасиеттері мен таралуын сипаттау. Барлық ғылым түрлері сияқты гидрология да ғылым саласы ретінде өте ерте кезден дамыған. Гидрологияның дамуына табиғи су көздерін адам баласының күнделікті қажеті үшін тиімді пайдалану негіз болды.
Алғашқы гидротехникалық құрылыстар ежелгі Мысыр, Үндістан, Қытайда салынды. Мысалы, мысырлықтар Ніл өзені деңгейін реттейтін бөгет салса, қытайлықтар су ағысы қуатын пайдаланылатын тәсілдер пайдаланды.
Өзен суы арқылы жер суғару климаты қуаң біздің жеріміз бен Орта Азия аймақтарында кеңінен қолданылды. Ежелгі қазақ жеріндегі көне гидротехникалық құрылыстар туралы тарихшы ғалым Ө.Жәнібеков еңбегінде кеңінен баяндалады.
Гидрология зерттеу бағытына қарай: гидрография және гидрогеологияға бөлінеді. Гидрография немесе құрлық гидрологиясы - гидрологияның жер бетіндегі жекелеген су көздерін – мұхиттар мен теңіздерді, өзен, көл және т.б. зерттеумен айналысатын үлкен бір саласы. Гидрографияның өзі табиғаттағы су көздерінің түріне қарай бірнеше жекелеген салаларға бөлінеді. Атап айтқанда мұхиттану - мұхиттарды, потимология - өзендерді, лимнология - көлдерді, гляциология - мұздықтарды, тельматология - батпақтарды зерттеумен айналысады.
Табиғи су көздерін зерттеуде теориялық, тұрақты бақылау (стационар), тәжірибелік және экспедициялық әдістер кеңінен қолданылады.
Гидрогеология – жерасты сулары жайлы ғылым. Ол жерасты суларының пайда болуы мен дамуын, құрамының физикалық және химиялық қасиеттерін, таралу заңдылықтарын зерттейді. Жалпы гидрология ғылымының қалыптасып, дамуына Ю.М.Шокальский, М.И.Львович, В.И.Вернадский, Л.С.Берг, А.И.Воейков және т.б. көптеген ғалымдар зор үлес қосса, қазақстандық ғалымдардан У.М.Ахметсафин, Н.Кенесарин, Н.Н.Пальгов, Ш.Ш.Шокин, Ж.Сыдықов, Ғ.А.Тоқмағамбетов, А.А.Тұрсынов, А.П.Горбунов еңбектерін атауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет