1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны



бет4/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Дәрістер жинағы

Зоологиялық география – жер шары бойынша жануарлар дүниесінің таралу ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттеп, аудандастырады. Физикалық география мен зоология арасынан шыққан ғылым.
Биогеографиядан қолданбалы ғылымға жататын биоресурстану бөлініп шықты. Ол жер шарының органикалық дүниесін экономикалық жағынан бағалайды.
Соңғы жылдары қауырт дамып келе жатқан ғылым саласының бірі – геохимия ғылымы. Геохимия химиялық элементтердің жер қойнауында таралуы мен орын ауыстыруы, жер қыртысының геологиялық дамуы барысында, химиялық құрамның өзгерісін зерттейтін ғылым. Ландшафтың жеке құрамбөліктері – су, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесінің өзіне тән химиялық құрамы бар. Химиялық элементтердің әр қайсының тіршілік үшін маңызы ерекше.
Жердің беткі және жеке қабаттарындағы жүріп жатқан физикалық құбылыстар мен үрдістерді – геофизика ғылымы зерттейді. Жер шары табиғат зоналарының қалыптасуындағы басты фактор – күн энергиясы (жарық пен жылу) мен ылғалдылықтың таралуы болып саналады, жарық пен жылу жер беті бойынша біркелкі таралмаған.
Физикалық географияның қолданбалы саласына мелиоративтік география жатады. Бұл ғылым саласының басты міндеті – табиғи орта жағдайын өндірістік мақсатта құрғату немесе суғару және тағы басқа да заманауи технологиялық жолдармен, өңдеп, жақсарта отырып, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық блок– екі ғылым саласының байланысы негізінде қалыптасқан. Әлеуметтану – қоғам туралы ғылым, ол қоғамдық өмір заңдарын, адамның қоғамдағы орны мен қоғамдық іс-әрекетін зерттейді. Экономика – қоғамдық өндіріс, оның аумақтар бойынша тиімді дамуын зерттейді. Экономикалық география терминін тұңғыш рет М.В. Ломоносов қолданған. Экономикалық география қоғамдық өндірістің географиялық құрылымының қалыптасу жағдайлары мен даму ерекшеліктерін зерттейді.
Ол жалпы экономикалық география, салалық (өнеркәсіп географиясы, ауыл шаруашылық географиясы, көлік географиясы) экономикалық география және аймақтық экономикалық география болып бөлінеді.
Өнеркәсіп географиясы – қоғамдық өндірістің қалыптасу жағдайларын, өнеркәсіптің аймақтар бойынша орналасу заңдылықтарын зерттейді. Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын, қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістер саласының жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржы, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді, өңдеуші кәсіпорындар береді. Өнеркәсіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдастырылуы және орналасуы жөнінен де, күрделі жүйе болып табылады. Өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторлар, ел экономикасының даму жағдайына сәйкес, ұдайы өзгеріске ұшырап отырады. 
Ауыл шаруашылығы географиясы – материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі, халықты күнделікті азық-түлік өнімдерімен және өнеркәсіптің көптеген салаларын шикізат түрлерімен қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан: өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар, оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді. Ауыл шаруашылығы географиясы – жалпы ауыл шаруашылығы мен оның жекелеген салаларының, жер шары аймақтарының жергілікті ерекшеліктері бойынша қалыптасып, даму заңдылықтарын зерттейді.
Көлік географиясы – көлік жүйесінің құрылымы, салалық ерекшеліктері мен қызмет көрсету саласының технологиялық заңдылықтарын зерттейді. Өнеркәсіп пен ауыл шарушылығының дамуы, тікелей көлік жүйесі қызметімен тығыз байланысты.
Жалпы экономикалық география құрамына кіретін ірі саласының бірі – халықтар географиясы. Ол жер шары халқының саны, оның жалпы жер беті және жекелеген елдер бойынша қоныстану ерекшеліктері мен тығыздығы мен тілдік ерекшелігі, халықтың қоныс аударуы, елді мекендер және тағы да басқа әлеуметтік мәселелерді зерттейді. Ол әлеуметтану, демография, экономика және география ғылымдарымен тығыз байланысты.
Табиғи-қоғамдық блок. Жер шары тарихи дәуірлерге созылып келе жатқан, геологиялық даму тарихы, табиғат пен қоғам арасындағы, өзара тығыз байланыстар негізінде дамуда. Соңғы кездері жаратылыстану және қоғамдық ғылым салалары арасында, жүрген интеграция үдерісі нәтижесінде, геоэкология, тарихи география, медициналық география, рекреациялық география, сакральды география сияқты ғылым салалары пайда болды.
География ғылымы адамзат қоғамы мен географиялық ортаның арақатынасын зерттейтін ғылым. Заманауи технологияның дамуы, демографиялық дүмпу, соңғы жылдары адам баласының табиғи ресурстарды пайдалану қарқынының күрт артуы көптеген күрделі мəселелерді туындатты.
Геоэкология – XX ғасырдың ортасынан бастап, география мен биология ғылымдарының өзара тоғысуы нәтижесінде, қалыптасқан, заманауи жас ғылым саласы. «Геоэкология» ұғымын алғаш рет, 1939 жылы неміс географы К. Тролль енгізді, ол ландшафттарды зерттеуде физикалық география мен экологияның кіріккен, жаңа ғылыми бағыт ретінде пайдаланды. К.Тролль географиялық-ландшафттық жəне биологиялық-экологиялық тəсілдерді кіріктіру қажет, география тереңдетілген экологиялық танымды меңгеруі тиіс, ал экология өз кезегінде аймақтық дифференциацияны дамыту керек деп есептеді.
География ғылымы бүкіл даму тарихы барысындағы, зерттеу нысаны – қоғам мен географиялық қабық арақатынасы туралы болып келді. Қазіргі кездегі техниканың, технологияның дамуы, демографиялық дүмпу, табиғи ресурстарды пайдалану қарқынының күрт артуы, көптеген келелі мəселелерді туындатты. Геоэкология – адам мен қоршаған орта, арасындағы өзара нақты ерекшеліктері мен қарым-қатынастарын зерттеуші ғылым.
Тарихи география – қоғамдық ғылымдар ішіндегі жас бөлімдердің бірі болып саналады.  Тарихи география – дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын, яғни, мемлекеттердің пайда болуы, алғашқы, орта және жаңа дәуірдегі мемлекеттердің тарих сахнасына шығып, қалыптасу кезеңдерін, олардың тарихы мен саяси - географиялық орналасуын, сонымен бірге, қазіргі дүние жүзінің саяси картасын: жер шары елдері, мемлекеттерді топтастыру және типке бөлу, дүние жүзі елдерінің мемлекеттік - саяси құрылысы, халықаралық қатынастары, оның дүние жүзі картасына әсерін және мемлекеттердің геосаяси жағдайларын қарастырады.
Медициналық география – адам экологиясы, медицина және география негізінде дамыды. Қоршаған ортаның ластануына байланысты, адамзат баласы арасында тараған, түрлі жұқпалы аурулар, олардың пайда болу жолдары мен емдеу тәсілдерін зерттейді. Сондай-ақ медициналық география, қоршаған ортаның адам денсаулығына тигізетін оң әсерін де зерттейді.
Адамзат баласы арасындағы түрлі жұқпалы аурулардың географиялық таралуы табиғи (су, ауа, климат) және әлеуметтік (халықтың тұрмыстың-материалдық жағдайы, азық-түлік сапасы) жағдайлармен тығыз байланысты. Медициналық географияның дамуында микробиология, эпидемиология, гигиена, патология сияқты медицина ғылымдары салалары үлкен роль атқарады. 
Рекреациялық география – адамның бос уақытында физикалық және рухани күшін қалпына келтірудегі демалысын ұйымдастырудың географиялық аспектісін зерттейді. Ол табиғат объектілерінің адамның денсаулығы мен тынығуына тигізетін оң ықпалына баға береді.
Рекреациялық ресурстар табиғат ресурстары арасында маңызды роль атқарады. Оның басқа ресурстардан ерекшелігі – табиғаттың бұл байлығы адам баласының материалдық жағдайын емес, жан-дүниесін эстетикалық тұрғыда ләззатқа бөлеп, ішкі рухани сезімін көтеріп, қалпына келтіреді, моральдық тұрғыда қолдайды.
Сакральды география – өзіне тән зерттейтін нысандары мен астары, әдіс-міндеттері бар әлеуметтік-экономикалық ғылымдар жүйесінің дербес саласы. Сакральды ( ағ:sacral және лат: Sacrum-құдайға арналған киелі орын) – әдеттегі заттардан, түсініктер мен құбылыстардан ерекшеленетін дінге, аспан кеңістігіне, аңыздарға қатысы бар киелі орындар.
Ол ХХ ғасырдың соңғы ширегінде әлеуметтік-гуманитарлық саладағы бетбұрыстар нәтижесінде, ғалымдар назарының уақыт санатын зерттеуден кеңістікті жаңа тұрғыда «оқуға» көшуінен пайда болды.
Сакральды географияның мақсаты – сирек кездесетін құбылыстар мен нысандар ретіндегі ғұрыптық, діни маңызы бар киелі орындардың кеңістіктік таралу заңдылықтары мен аумақтық ораласу ерекшеліктерін зерттеу. Кеңістіктік тұжырымнама тұрғысынан оның «діни туризм», «танымдық туризм», «зиарат» түсініктерімен де тығыз байланысы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет