1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны



бет8/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Дәрістер жинағы

Атмосфера қабаттары. Атмосфера – Жерді сыртынан 3 000 км-ге дейін қоршап, онымен бірге айналатын қабығы, ол – тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера қабаттарына бөлінеді. Әр қабат бір-бірінен, өтпелі қабаттар – паузалармен: тропо-, страто-, мезо-, термопаузалармен бөлінген.
Тропосфера (гр: tropos - өзгеріс, sphaіra - шар) – атмосфераның тікелей, жер бетімен шектесе, жанасып жатқан, ең төменгі қабаты. Оның қалыңдығы географиялық ендіктерге қарай өзгереді, полярлық аймақтарында 8-10 км, қоңыржай ендіктерде 10-12 км, экватор бойында 16-18 км биіктікке дейін барады.
Тропосферада атмосфералық ауаның 80%-дан астамы шоғырланып, атмосферадағы су буы түгелдей дерлік, осы қабатта болып, ауа үздіксіз, қозғалыста, үнемі сапырылысып жатады.
Тропосфераның тікелей жер бетіне жанасып жатқан бөлігі, жер бетіне іргелес қабат деп аталады. Ауа температурасы жер бетінен көтерілген сайын төмендеп, ең жоғарғы шегінде – 50-600С шамасында болады. Мұнда ауа температурасының тәулік және жыл ішіндегі өзгерістері айқын байқалады.
Тропосфера жер атмосферасы үшін маңызды роль атқарады, атмосфераның осы қабатында ауадағы түрлі физикалық үдерістер жүріп, жергілікті жер ауа райын қалыптастырушы элементтері мен жер шары климатын құрушы жағдайлар қалыптасады. Жер бетінен 10-12 км биіктікте бұлттар пайда болып, найзағай ойнап, жауын-шашын жауады. Жер бетіндегі тіршілік негізінен тропосфера қабатында шоғырланған.
Тропопауза – тропосферадан стратосфераға өтпелі қабат. Тропопаузаның биіктігі мен температурасы, географиялық ендікке байланысты өзгереді. Экватордан полюстерге қарай аласара береді де, 30-400 с. және о.е. маңында, тропопаузаның тұрақты үзілісі болады. Тропопауза неғұрлым биік болса, ауа температурасы да соғұрлым төмен болады.
Стратосфера (лат: stratum - қабат, гр: sphaіra - шар) – атмосфераның тропосфера үстіндегі қабаты, жоғарғы шекарасы 50-55 км биіктікте өтеді. Стратосферада озон қабаты орналасқан (әсіресе, 20-30 км биіктіктер аралығында). Ауа температурасы 30-35 км дейін төмен –550С болып, бұдан биіктеген кезде температура күрт жоғарылайды, 50-55 км-де +50-750С шамасында болады. Бұл құбылыс озон қабатының болуынан деп түсіндіріледі.
Стратосферада ауа өте сирек, су буының мардымсыз болуына байланысты бұлт құралып, жауын-шашын жаумайды. Стратосферада ауа тікелей жер бетінен емес, түскен күн сәулесі әсерімен жылынады.
Мезосфера (гр: mezos - орта, sphaіra - шар) – атмосфераның стратосфера үстіндегі, 50 км-ден 80 км дейінгі аралықтағы қабаты. Онда ауа температурасы төменгі шекарасында 00-тан, жоғарғы бөлігінде -750С дейін төмендейді.
Мезосферада ұсақ мұз кристалдарынан тұратын, күміс бұлттар кездеседі. Мезосфераның ең жоғарғы бөлігінде өтпелі - мезопауза қабаты орналасқан.
Термосфера (гр: therme - жылылық, sphaіra - шар) – атмосфераның мезосфера үстіндегі 80 км-ден 1000 км биіктікке дейінгі қабаты. Атмосфераның бұл қабатында биіктік артқан сайын, ауа температурасы өте тез жоғарылайды, 100 км биіктікте температура 00С-тан өтеді, 150 км биіктікте +220-2400С, 200 км биіктікте +5000С, 600 км биіктікте +15000С, ал ең жоғарғы шекарасында 20000С шамасында болады. Температураның күрт жоғарылауы, ауа бөлшектері қысқа толқынды күн сәулелесін көп жұтуымен түсіндіріледі. Термосфера– иондалған газдың сферасы, сондықтан оны ионосфера деп атайды.
Экзосфера (гр: exe – сыртқы, sphaіra - шар) – атмосфераның ең сыртқы қабаты.
Атмосфераның төменгі қабаттары жақсы зерттелген, жоғары қабаттары ұзақ жылдар бойы, қосалқы белгілеріне қарап болжанып келеді. Атмосфераны зерттеумен гидрометеорологиялық қызмет орталығы айналысады.
Атмосфераның маңызы және оны қорғау. Жер шары үшін атмосфераның маңызы орасан зор, ең бастысы, атмосфера жер бетін күндіз қатты қызып, түнде қатты суып кетуден сақтайды. Жер бетіндегі тіршілікті күннен келетін ультракүлгін (озон қабаты) сәуледен қорғайды. Атмосферада планета аралық кеңістіктен келетін метеорит жерге жетпей, жанып кетеді. Атмосфераның ең басты маңызы – онда тірі организмге қажет, оттегінің болуы, оттегінсіз жер бетіндегі барлық тіршілік дамымас еді.
Атмосфера – Жердегі организмдердің тіршілік және даму ортасы. Ол Жердің басқа қабықтарымен зат және энергия алмаса отырып, үздіксіз қарым-қатынаста болады.
Соңғы жылдары адамзаттың қоршаған орта жағдайына деген жанашырлық көзқарасының төмендеуі салдарынан, жер табиғаты, оның ішінде, атмосфера қабаты қатты ластануда. Қазіргі кезде атмосфералық ауаны қорғау, адамзаттың ғаламдық проблемаларының бірі саналуда. Жер шары климатының өзгеруі, Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан адамзат қоғамы алдындағы XXI ғасырдағы маңызды мәселе ретінде қарастырылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет