1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны



бет38/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Дәрістер жинағы

14-дәріс. Мұздықтар

Мұздықтар – гидросфераны құраушы жер беті суларының өзіне тән ерекшелігі бар түрі, географиялық қабық құрамбөліктерінің (атмосфера, гидросфера және литосфера) бір-бірімен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады.


Мұздықтар– жер бетіне қатты күйде келіп түскен атмосфералық жауын-шашынның жинақталуы нәтижесінде пайда болған, көп жылғы мұз қабаты. Мұздықтар құрлық беті жалпы ауданының 11%-ын алып, қойнауына жер шары тұщы су қорының 97%-ын сақтауда.
Мұздықтың пайда болуы мен қалыптасып, дамуы тікелей жергілікті жердің климаттық жағдайымен байланысты. Жер бетіне атмосферадан қатты күйінде түскен жауын-шашын түрі еріп немесе буланып үлгермейтін күйден артқан жағдайда мұздықтар пайда болады. Климаты қатаң, поляр аймақтарында атмосфералық жауын-шашын жыл бойы қатты күйде түседі де, аз мөлшерде жауғанына қарамастан, еріп немесе буланып үлгермейді.
Ал ауа температурасы жоғары тропиктік климат жағдайында мұздықтар биік тау бастарында пайда болады. Жер бетіне жыл бойы қатты күйде түсетін қар еріп үлгермейтін биіктікті белгілейтін сызық қар жиегі деп аталады. Қар жиегінен төмен жауған қар түгелдей еріп кетеді де, онан жоғарыда жауған қар ерімейді, ұзақ уақыт жинақталып, нығыздала келе, мұздыққа айналады.
Қар жиегі биіктігі жер бетінің географиялық ендігіне, климат ерекшелігі мен тау жотасы беткейлері қалпына (күнгей, теріскей) байланысты болады.
Қар жиегі биіктігі экватордан полюстерге қарай төмендей береді де, Антарктида мұхит деңгейімен шамалас болса, Арктикада 200-700 м, ал экваторда 5 000 м шамасында болады.
Жер шары мұздықтары пайда болу орындарына қарай: жамылғы және тау мұздықтары болып бөлінеді.
Жамылғы мұздықтар құрлық бетінің көп бөлігін алып, Антарктида мен Гренландияны тұтастай жауып жатыр. Жамылғы мұздықтар ортасына түскен салмақ күші әсерінен жан-жағына жайылады. Мұз құрсауы жарылады да, сырғып мұхитқа түседі де, кейіннен сынып айсбергке айналады.
Тау мұздықтары биік тау бастарында қар жиегінен жоғары биіктікте пайда болып, өзінің қоректену аймағы болады. Қоректену аймағына атмосфералық жауын-шашын қар түрінде түсіп, жиналып, нығыздала келе, мұз пайда болады. Мұздық қоректену аймағынан тау аңғары бойымен төмен қарай жылжиды, оның қар жиегінен төмен түскен бөлігі мұздықтың тілі деп аталады.
Қар жиегінен төмен түскен мұздық тез ериді. Мұнда жыл сайын мұздық алып келген орасан зор мөлшердегі кесек тау жыныстары жиналады. Мұздықпен келген кесек тау жыныстары шеткі морена деп аталады. Тау мұздығы жер шарындағы биік таулардың барлығында дерлік, тіпті экватор бойында да таралған.
Мұздықтар – әлемдегі ең мол тұщы су қоры болып саналып, егер қазіргі жер бетін басып жатқан мұздықты ерітсе, әлемдік мұхит деңгейі шамамен 60 м-ге көтеріледі екен.


15-дәріс. Адамзаттың ғаламдық проблемалары

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет