1. дәріс Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Ғылымды – білім , қызмет және әлеуметті институт ретінде талдау



бет22/56
Дата20.05.2022
өлшемі2.52 Mb.
#458329
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
348879 2

2. Ғылымды – білім , қызмет және әлеуметті институт ретінде талдау
Ғылым әлеуметтік институт ретінде: негізгі ыңғайлар (подходы).
Ғылыми іс-қызметтің институтциональдық формаларының тарихи дамуы: негізгі тенденциялар.
Жалпы алғанда дүниетану процесін, ал сөзбе-сөз алғанда таным теориясын білдіретін ертедегі Грециядан бері келе жатқан бірі "гносеология", екіншісі "эпистемология" деген екі термин сөз бар. Грекше "gnosis" те, "ерisteme" де "білім" деген мағынаны білдіреді екен, олай болса, алғашқы келтірілген екі термин сөздің екеуі де таным теориясы дегенді білдіреді деп жазылыпты философиялық сөздіктерде. "Эпистемология" термині негізінен ағылшын, американ тілдерінде және сирек болса да француз, неміс тілдерінде қолданылады екен.
Бірақ философия тарихын зерттеумен көбірек айналысқан кейбір авторлар, әсіресе ғылым философиясымен айналысушылар ертедегі Грецияда "эпистемология" деп ақиқаттығы негізделген, дәлелді математика, логика деген білім салаларын атаған, ал қалған басқа білімдер жай пікір (dоха) деп саналған дейді. Осындай дәлелдерді басшылыққа ала отырып, қазіргі философтар, оның ішінде әсіресе ғылым философтары таным процесін күнделікті жай таным және ғылыми таным деп екіге бөліп, жалпы таным теориясын (күнделікті таным процесін қоса) "гносеология" деп атап, ал ғылыми таным теориясын "эпистемология" деген терминмен атауды ресми түрде болмаса да қабыл алыпты. Сондықтан біз де эпистемологияны ғылыми таным теориясының атауы ретінде қолданып отырмыз.
Ғылыми білімнің өзі эмпириялық (тәжірибелік) және теориялық болып екіге жіктелетіндіктен, алдымен эмпириялық білімнің құрылысын қарастырып, содан кейін теориялық білімге көшуді орынды санадық.
Шындық дүниеде өмір сүретін заттар мен құбылыстар туралы хабар беретін түйсіктер мен қабылдаулар олармен тікелей байланысты, өйткені олардың көрнекі белгілері мен сапаларын бейнелеңдіреді. Сондықтан олар заттардың сезімдік бейнесі болып табылады. Сыртқы дүние нәрселерінің тікелей әсер етуінің нәтижесінде бізде, мәселен, олардың түсі, түрі, көлемі, формасы т.б. туралы нақты түйсіктер туады, ал олардың табиғи бірлігінің нәтижесінде біртұтас қабылдау бейнесі туады. Танымның бұл деңгейін шындық дүниенің тікелей сезімдік бейнелену процесі деп қарауға болады, бірақ мұны ғылыми танымның эмпириялық деңгейімен бірдей, тепе-тең деп қарауға болмайды.
Кейде бізге заттар қалай көрінсе, іс жүзінде олар сондай сияқты көрінеді. Мұндай түсінік күнделікті ойлау процесінде кең тараған. Мұндай түсінік философияда "қарапайым реализм" деп сипатталады. Бұл түсінікте шындық дүниенің объективтік өмір сүретініне деген сенім бар екендігі күмәнсіз, бірақ ол шындықтың танымдық бейнесі дұрыс болмауы мүмкін: алғаш қарағанда, мәселен, жер қозғалмай бір орында тұрған сияқты, ал Күн шығыстан батысқа қарай жылжып бара жатқан сияқты, материяның (атомның) көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектері, вирустар мен микроптар дүниеде өмір сүрмейтін, жоқ сияқты. Ал ғылым Күн жерді емес, Жер күңді айнала жылжитынын дәлелдейді, арнайы приборлар мен ультрамикроскоптар ұсақ бөлшектердің, вирустар мен микроптардың бар екендігін көрсетті т.т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет