1 Дәріс. Өсімдіктер. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктің даму кезеңдері



бет10/11
Дата15.10.2023
өлшемі499.27 Kb.
#480840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
лекция жаратылыстану

Дәріс 14. Ғарышқа саяхат
Жоспар
1. Ғарыш
2. Ғарышкерлер

Ғарыш (араб.-кеңістік, космос) — ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі.Кейде ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады .Ғарыш жер төңірегіндегі кеңістікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар,т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс Ғарыш болып ажыратылады.


Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін Жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңестігіне шығарылды. Осы уақыттан бастап адамзат ғарыш кеңістігін зерттей бастады. Ал қазіргі уақытта жерді айнала жүздеген Жердің жасанды серіктері ұшып жүр. Олар арқылы радио мен теледидар хабарлары тезарада дүние жүзіне таратылады. Жердің жасанды серіктері арқылы ауа райын дұрыс және дәл болжауға мүмкіндік туды.Теңізде жүзген кемелер мен ұшақтар бағытын бұрын жұлдыздарға немесе Күн мен Айға қарап болжайтын болса, қазір бұл Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүзеге асады.
Ғарышкер, астронавт (Батыс елдеріндегі баламасы: астро... және nбutēs – теңізде жүзуші).), космонавт (ТМД елдерінде - Космонавт: грек. kosmos –ғарыш және nautes – теңіз жүзушісі) – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы ғарышкерлер әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынақшылар қатарынан таңдалып алынды. Өйткені ғарышқа ұшуға қажетті қасиеттер (ұшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа ұшырау жағдайында жылдам шешім қабылдауы, шу, діріл, үдеу, т.б. әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі, т.б.) осындай мамандыққа лайықты еді. Кейінірек КСРО-да да, АҚШ-та да ғарыштық кеме экипажына қажетті арнайы білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса бастады. Ғарышкерлерді дайындау ісі бұрынғы КСРО-да 1960 ж., ал АҚШ-та 1959 ж. және 1962 ж. жүргізіле басталды. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен (1961) бастап ғарышқа үш жүзден астам адам ұшты. Олардың ішінде қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров (1991), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001) бар
Ғарышкерлер тамағы Мәскеу облысының Ленин ауданында орналасқан Бирюлев тәжірибе зауытында даярланады. Бұл цехта Гагариннен бастап, күні бүгінге дейінгі ғарышкерлердің бәріне тамақ дайындалады. Алғашқыда ғарышкерлер тамағы 165 граммдық түбекшелерде дайындалыпты. Одан алғаш ауыз тиген Гагарин болыпты. Оған көкте 108 минут болса да, белгіленген тәртіп бойынша тоғыз түрлі тамақ – борщ, котлет қосылған картоп, түрлі шырындар берілген. Технологтар мен конструкторлар ғарыш кемесінде сақталатын тамақтардың көп орын алмауына, оларды сақтау кезінде бұзылмауына және оның өте дәмді болуына бастары қатыпты. Ерлерге күнделікті 3200 килокалория, әйел ғарышкерлерге 2800 килокалория тамақ беріліп отырыпты.
Ғарышқа алғашқы іс-сапарлар ұзақ мерзімді қамтымағандықтан, тамақ мәзірі гомогенді сұйық және қою түрінде түбікшеде беріліп келген. Бертін келе ұшу мерзімінің ұзартылуына байланысты арнайы консервіленген тамақтар ойластырылған. ХХ ғасырдың 70-жылдары үй жағдайында дайындалған сублимерленген азық-түліктер беріле бастаған. Азық-түліктер – 70 градустық суықтықта сақталып, +70 градустық ыстықта жылытылып берілетін болған.
Ғарышкерлердің күндік тамақ мәзірі таңертеңгілік, түстік, кешкілік және қалауы бойынша тәттілер, жеміс-жидектер қосымша берілген. Сүт тағамдары мен әйелдер үшін тәтті тоқаштар беру де ескерілген. Тамақ мәзірлері бірін-бірі қайталамайтын болған. Ғарышқа көтерілетін ұшқышқа өзіне ұнайтын тамақтың алдын-ала дәмін татып көруіне де мүмкіндіктер беріліп отырған. Белгісіз әлемге сапар алдында қай адамның тәбеті бола қойсын, десек те, жерде жүргенде туралған етті ұнататын жан ғарышта рассольникті ұнатып қалатын кездері жиі болады екен. Мұндайда ғарышкерлер қолдарындағы тамақтарын алмастырып жататын сәттері жиі болатын көрінеді. Соңғы уақытта мамандар ғарышқа қияр, қызанақ, апельсин, алма, көк пияз бен сарымсақты көптеп жіберетін болыпты. Бүгінгі таңда ғарыш­керлер тамағы үш жылға жарамды етіп жасалады.
1961 жылдан бері ғарышта 400-ден аса адам болыпты. Солардың ішінде МКС-те қызмет істегендерден артық ешкім тәтті тамақ ішіп көрмепті. Халықаралық ғарыш кемесі үшін француз аспаз­шылары тартылатын көрінеді. Қазір ғарыш көгінде орыс, американ және еуропалық ас мәзірлері тұты­нылады екен. Нан-бөлке тағамдарынан үгітілмейтін, ауызға шайнауға ыңғайлы тоқаштар ұсынылады.
Ғарышты игерген 55 жыл ішінде көкке 80 тоннадан астам азық-түлік жіберіліп, 50 мың тамақ түрі дайындалыпты. Орта есеппен әр ғарышкердің түскі асы 18 мың рубльді құрайды екен. Бұл – азық-түліктің ғана шығыны, ал жеткізу шығыны басқа. Ғарыш кемесіне жеткізілетін жүктің әр килограмы 10-нан 20 мың доллар арасында тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет