1-дәріс. Психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны Жоспар



бет1/3
Дата14.09.2023
өлшемі170.19 Kb.
#477524
  1   2   3
1-дәріс Психология (1)

Басқару психологиясы


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
https://atu.edu.kz/
п. ғ. к., қауым проф. м. а. Исмайлова Р. Б.

1-дәріс. Психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны

Жоспар

  • Басқару психология пәні, қызметтері, міндеттері.
  • Басқару психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
  • Басқару психологияның салалары.

Психология

  • Психологиялық дүниенің бірінші ерекшелігі - әр тұлғаның (индивид) өз меншік толғанысының болуы - ол түйсік, сезімнен ғана көрінеді де оның басқаша пайда болу жолы жоқ. Психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебі әрқандай нақты заттың өзі мен оның қабылданған кейпі бір-бірінен ажыралып тұратыны даусыз. Адам психика жөніндегі кейбір түсініктерді өз өмір тәжірибесі негізінде топтайды.
  • ХІХ ғ. кейінгі шерегі болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңінде өріс алды. Пән атының өзі де грек тілінен аударуында психология - жан туралы ғылым (психо - "жан", логос - "ғылым") дегенді аңғартады. Осыдан, жан жөніндегі зерттеулер мен түсініктер психологияның пәндік аймағының кемелденуінде бірінші кезең болды да психология әуел бастан жан туралы ғылым деп танылды.

Психология білімі

  • ХҮІІІ ғ. психология білімінің дамуында Рене Декарт жаңа дәуір есігін ашты. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнінде пікір айтып, дәлелдеді. Бұл жантану ғылымының кейінгі желісіне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екі түсінікті - рефлекс және сана - бірдей енгізді.
  • Ойлау, сезу, қалау қабілеттеріне сана атауы беріліп, психика санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы жүзеге келді. Мұндай түсінім кең етек алып, ал бұл бағыттағы идеализм интроспекттік (ішке үңілу) сана тағылымы атын алды. Осыдан сана өзімен өзі шектеліп, психика объектив болмыс пен субъекттің өзінен де толығымен ара байланысын үзді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет