2-сурет. Жердің пішіні. Тұтас сызықтар— жер эллипсоидысының бетіне түсі-рілген
перпендиқулярлар. Геоид бетіне перпендикуляр түсірілген тіктеуіштердің бағыты
пунктир сызықпен көрсетілген (Н.П.Неклюкова бойынша)
Ауырлық күші үнемі нақты физикалық бетті тегістеуге, оны деңгейлік бетпен теңестіруге
бағытталған. Алайда геоидтің беті де өзгеріссіз қалмайды: оған Жердің айналу жылдамдығының
өзгеруі және жер массасының қайта бөлінуі әсер етеді.
Геоид 1 : 298,2 сығылумен эллипсоидқа өте жақын. Оның эллипсоидтан ауытқуы заңды
ақиқат. Оңтүстік полюс облысына қарағанда солтүстік полюс облысындағы геоид
эллипсоидтан 20—30 м жоғары екен. Эллипсоидтан әсіресе қашыктай түсетін экваторлық
белдеудің учаскелері: 6—10° б. б.,. 174—170° ш. б. Осы бағытта геоидтің үлкен экваторлық осі
орналасқан. Геоид полярлық қана емес, сонымен бірге экватор бойымен сығылған екі ості емес,
үш ості эллипсоидқа жақын тұратындығы анықталды.
Жердің фигурасы мен мөлшерінің географиялық манызы өте зор. Жер фигурасы экватордан
полюстерге қарай бағытта күн сәулелерінің жер бетіне түсу бұрышын заңды түрде азайтып
отырады. Сол бағытта жер беті қабылдайтын күн энергиясының мөлшерінің азаюы және
географиялық қабықтың басты зандылығы — енді зоналылығы сонымен байланысты.
Жердің мөлшері географиялық қабықтың мөлшерін, онда болып жатқан процестердің
кеңістіктегі масштабтарын анықтайды.
Физикалық бет (геологтардың айтуынша: күндізгі, топографиялық) жердің беті сыртқы және ішкі
процестердің әрекетімен күрделенген.
Деңгейлік бет тыныш жатқан мұхит пен теңіздердің деңгейлік беті, ойша жерастында жалғасады.
Бұл беттің кез-келген нүктесі ауырлық күш бағытына перпендикуляр болады.
Жер эллипсоиды беті Жердің фигурасына сәйкес келетін эллипсоид айналымы беті.
Жердің пішіні мен көлемін зерттеу жер бетін картада дұрыс кескіндеуге мүмкіндік туғызады
және ол ғылым мен техниканың көптеген міндеттерін шешу (жасанды серіктерді жэне ғарыш
кемелерін ұшыру, теңізде жүзу, авиация, радиобайланыс және т.б.)үшін қажет.
Жердің физикалық бетінің жалпы ауданы 510 млн км2-қа тең және геометрия жағынан
алғанда пішіні күрделі. Орасан кеңістікті (жер бетінің 71%-ін) мұхиттар мен теңіз
шұңқырлары алып жатыр, олардың тереңдігі 11000 м-ге дейін жетеді. Дүние жүзілік мұхиттың
орташа тереңдігі -3800м-ге жуық. Құрылықта тау жоталары, шатқалдар, жазықтар,өзен алқаптары
және жыра-сайлар бар. Кейбір таулардың, мәселен, Эверестің (Джомолунгма) биіктігі 9000 мге
жуық. Құрылықтың теңіз деңгейінен орташа биіктігі 875 м-ге тең. Сонымен, құрлықтың көлемі
дүние жүзілік мұхитқа қарағанда аз ауданды алып жатқандықтан, сондай-ақ құрлықтың мұхит
тереңдігіндегі қыраттармен салыстырганда онша биік болмайтындықтан, мұхит деңгейін жердің
фигурасы ретінде қабылдауымыз керек.
|