1 дәріс тақырыбы: Кіріспе. Астрономия пәні және оның басқа пәндермен байланысы



бет11/15
Дата30.05.2023
өлшемі417 Kb.
#474501
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
15 лекции по Астрономии

Құйрықты жұлдыз, кометаКүн жүйесінің кіші денесі; аспанда оқтатекте тұманданған нысан түрінде байқалып, жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы бар аспан денесі. Комета (грекше kometes – құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты), яғни ірі құйрықты жұлдыздың Күнге қарама-қарсы жаққа шұбатылған бір не бірнеше жарқыраған құйрықтары болады. Күннен алыс жерде құйрықты жұлдыз – қатты дене. Күнге жақын келгенде Жерден телескоп арқылы, кейде көзбен көруге болады. Тихо Браге жарық құйрықты жұлдыздың параллаксын анықтап (1577), құйрықты жұлдыз да өзге планеталар тәрізді аспан шырағы деп дәлелдеген. Тартылыс заңы ашылғаннан кейін құйрықты жұлдыздың орбитасын анықтау тәсілі жетіліп (Эдмунд Галлей, т.б.), олардың физикалық табиғаты, әсіресе, ішкі құрылысы зерттеле бастады. Феодор Бредихин құйрықты жұлдыз пішіндерінің механикалық теориясын жасады. 1910 жылдан құйрықты жұлдызды зерттеуде фотографиялық және спектроскопиялық бақылау тәсілдері қолданылуда. Күн жүйесіндегі құйрықты жұлдыздардың саны орасан көп: кейбір мәліметтер бойынша олар жүздеген миллиардқа жетеді. Халықаралық келісім бойынша құйрықты жұлдыздар оны алғаш ашқан адамның атымен белгіленеді (мысалы, Эдмунд Галлей, Иоганн Энке – Оскар Баклунда, Девид Морхауза, т.б.). Күннен қашықтаған сайын құйрықты жұлдыздың жалтырауы кеми береді. Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі. Ядросының массасы 1011 – 1015 кг шамалас, ал оның басының өлшемі 103 – 106 км аралығында; құйрығының ұзындығы жүздеген млн. км-ге жетуі мүмкін. Құйрықты жұлдыздар Күн айналасында эллипстік орбита бойымен қозғалады. Мысалы, периоды 75 жыл шамалас – Галлей, қысқа периодты Энке – Баклунда құйрықты жұлдыздарын (периоды – 3 жыл) айтуға болады. Құйрықты жұлдыздардың эволюциясына Күн жүйесіндегі үлкен планеталар, негізінен, Юпитер көп әсерін тигізеді. Құйрықты жұлдыздың пішініне және ондағы өтетін процестердің қалыптасуына Күннің корпускулалық сәуле шығаруы – Күн желінің ықпалы да өте үлкен.
Астероидтар
Марс пен Юпитер орбиталарының арасында пішіні бұрыс аспан денелері бар. Олар планеталардың серіктері емес және Күнді айнала өз еркінше қозғалады. Бұл денелер астероидтар ("жүлдызға ұқсас") деп аталады. Суретте оларды жұлдыздардан тек баяу орын ауыстыруынан ғана ажыратуға болады. Бірінші астероидты 1801 жылы 1 каңтарда Италия астрономы Джузепе Пиации ашты. Ол тура көтерілуі мен еңкеюі тәулік ішінде елеулі өзгеретін жұлдызды бақылады. Неміс математигі Гaусс үлкен жарты осі 2,77 а. б. болатын бұл астрономиялық дененің орбитасын есептеп тапты. Сатурн мен Юпитердің арасынан планета табылды деп есептеп, оған ескі Римнің табыс әкелетін әйел құдайы Церераның есімі берілді. 1802 жылы астрономиямен айналысатын неміс дәрігері Ольберс Церераға жақын жерден жаңа астероидты ашып, оны Паллада деп атады. 1804 жылы Юноиа, 1807 жылы Веста табылды. Кішкентай планеталарды Гершель грекше "жұлдыз бейнелі" деген мағынаны беретін астероидтар деп атауды ұсынды.
Қазіргі кезде 12 000-нан астам астероидтар белгілі. Бастапқы кезде құдайлардың аттарымен аталған астероидтарға кейін ұлы адамдардың есімдері берілді. Астероид табылғанда оған ашылған жылы (мысалы, 1937 DA) көрсетілген белгі тағылады. Астероидтың орбитасы есептелген соң тұрақты номер және аты беріледі.
Астероидтар орбиталарының шеңберден өзгешіліғі аз, сондықтан астероидтардың көпшілігі Күн жүйесінің ішіне кірмейді. Бірақ кейбір астероидтар Күнге жақын келіп немесе Сатурн орбитасының сыртына шығып кетеді. Юпитер орбитасы бойымен планетаның алдында және артында қозғалатын астероидтардың екі тобы бар. Олар "Гректер" және "Трояндықтар" деп аталады. Олардың айналу периоды Юпитердің айналу периодына дәл келеді және орбитадағы орны аспан механикасының теориясын құрушы Лагранждың тапқан заңы бойынша есептеп шығарған нәтижесінен ауытқымайды. Ол математикалық жолмен А денесінің айналысында (біздің жағдайымызда Күн) одан кіші В (Юпитер) денесі және оның орбитасында салмағы әлдеқайда жеңіл дене айналып жүрсе (астероидтар), онда бұл жүйе орнықты болады, егер астероидтар Лагранждың орнықтылық нүктелерінде, яғни теңқабырғалы үшбұрыштардың төбелерінде орналасса. Күн, Юпитер және астероидтар (біздің жағдайымызда "Гректер" мен "Трояндықтар") шын мәнінде теңқабырғалы үшбұрыштарды, демек, шексіз ұзақ өмір сүретін орнықты жүйені құрайды. Сөйтіп, XX ғасырда математик Лагранждың теориялық болжамы космос кеңістігінде де шындыққа айналды.
Кейбір астероидтардың жарықтылығының периодты өзгеруі бұрыс пішінді, беткі қабаттарының тегіс емес екенін және өз остерінен айналатынын көрсетеді. Кейбір астероидтардың өз осінен айналу периоды — бірнеше сағатқа созылса, ал кейбірінде ол тәулікке жетеді. Астероидтардың беткі қабаттарының құрамындағы үлкен айырмашылық олардың жарықты шағылдыру қабілетімен анықталады: кейбір астероидтардьщ бетінен жарықтың шағылу коэффициенті бар болғаны 3%, ал кейбіреуінде ол 50%-ға жақындайды. Астероидтардың бетінде планеталар серіктерінің бетіндегі тәрізді уақ денелер соққыларының іздері болуы керек. Астероидтарда атмосфера жоқ.
11 дәріс тақырыбы Жұлдыздар физикасы. Жарық жылы. Жұлдыздардың спектрі.
Жарық жылы — ұзындықтың астрономияда қолданылатын жүйеден тыс бірлігі;
1 Жарық жылы жарықтың 1 жылда жүріп өтетін қашықтығына тең: 1 Жарық жылы=0,3068 парсек=9,46051015 м.
'Жұлдыздардың спектрлік жіктелімі – жұлдыздарды спектрінде анықталған айырмашылықтары бойынша класқа бөлу. 19 ғасырдың 2-жартысында жұлдыздарға жасалған спектрлік жіктелімдердің ішінде ең сәтті шыққаны – Гарвард жіктелімі. Оны 19 және 20 ғасырларда америкалық астроном Э.Кеннон жасаған. Бұл жіктелімнің негізіне атомның спектрлік сызықтарының не молекулалық жолақтардың қарқындылығы (интенсивтілігі) алынған. Мұнда жұлдыздардың үздіксіз спектріндегі энергияның таралуы ескеріледі. Жұлдыздардың спектрлік жіктелімі тәжірибелік деректерге негізделген темп-ралық жіктелімге жатады. Жұлдыздардың спектрлік жіктелімі әріптермен белгіленіп, температураның кемуіне қарай мына тәртіпте орналастырылады: О–В–А–Ғ–, мұндағы тармақтар жұлдыздардың химиялық құрамындағы айырмашылықты көрсетеді. Жұлдыздар бір кластан екінші класқа үздіксіз ауысып отырады. Спектрлік кластардың ішінде ондық бөліктер де болады, мыс., В0, В1, В2, ...., В9, АО, ... Барлық жұлдыздың 99%-і В – М спектрлік класына жатады. O, R, N, S класындағы жұлдыздар сирек кездеседі. О класы (t50000–30000 K). Бұл класқа спектрінің ультракүлгін бөлігі күшті білінетін өте ыстық жұлдыздар жатады. Мұндай жұлдыздардың спектрі, негізінен, иондалған гелий сызықтарынан тұрады. Бейтарап гелийдің, бірнеше рет иондалған азоттың, көміртектің, кремнийдің сызықтары да кездеседі. В класы (t30000 – 12000 K). Бұл класқа жататын жұлдыздардың спектрінде бейтарап гелийдің, иондалған оттектің және азоттың сызықтары болады. А класы (t11500–7700 K). Спектрлерінде Бальмер сериясына жататын сутек сызықтары көп кездеседі. F класы (t7600–6100 K). Спектрлердегі сутек сызықтарының қарқындылығы әлі де жоғары болып келеді, сондай-ақ онда иондалған металдар мен бейтарап металдардың көптеген сызықтары байқалады. Иондалған кальцийдің Н және К сызықтары өте қарқынды. G класы (t6000 – 5000 K). Металдардың күшті спектрлік сызықтарының ішінде, енді сутек сызықтары ерекше көзге түспейді. Н және К сызықтары өте қарқынды. Күн G2 класына жатады. К класы (t4900–3700 K). Н және К сызықтары, толқын ұз. 4227 сызығы және G жолағы өте күшті байқалады. М класы (t3600–2600 K). Бұл класқа жолақ спектрі бар қызыл жұлдыздар жатады. Әсіресе, титан тотығы жолақтары көзге ерекше түсіп тұрады. R класы (t5000–4000 K). Бұл кластың спектрі көп жағынан G5 – K5 спектрлеріне ұқсас. N класы (t3000–2000 K). Спектрдің қызыл жағымен күрт шектелген көміртек пен циан молекулаларын жұту жолақтары күшейе түсетіні байқалады. S класы (t3000–2000 K). Бұл кластың жұлдыздары М және N кластарының жұлдыздарына ұқсас болып келеді. Мұның үстіне бұл кластың спектрінде цирконий, иттрий және лантан тотықтарының жолақтары кездеседі. Жұлдыздардың спектрлік кластары жиі өзгереді. Жұлдыздардың спектрлері спектрофотометриялық әдістердің көмегімен анықталады.

12 дәріс тақырыбы Қос және еселі жұлдыздар. Айнымалы жұлдыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет