ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ. ЖЕКЕ БӨЛІМ ТЕСТІЛЕРІ
1) Қан жүйесі ісіктерінің тобына ... жатады: лейкоз
2) Лейкоз деп ... аталады: қанжасам ұлпаларының ісіктік аурулары
3) Лейкоз - ... тән ісік: пісіп жетілмеген қан жасушалары
4) Лимфогранулематоздың морфологиялық бейнесіне … тән Березовский-Штернберг жасушалары
5) Миеломалы аурумен сырқаттарда ... байқалады: остеопороз бен парапротеинемия
6) Лейкоздардың классификациясы ... ұстанымға негізделген: ісіктік жасушалардың пісіп жетілу дәрежесі мен аурудың ағымы ескерілетін
7) Лейкозбен сырқаттар қанының ...: қызыл өскінінде ісіктік трансформация байқалады
8) Ұлғайған лимфалық түйіндер мен "порфир талақ" ... сырқаттарға тән: лимфогранулематозбен
9) Жедел лейкозға … пролиферациясы тән: пісіп жетілмеген бластылық жасушалардың
10) Созылмалы лейкозға … пролиферациясы тән: пісіп жетілген лейкоздық жасушалардың
11) Саңырауқұлақтық микоз, әдетте, … зақымдайды: теріні
12) Қан жасам ұлпасының жүйелік ісіктері тобына … жатады. лейкоз
13) Жедел лейкоздар тобына … жатады: пісіп жетілмеген қан жасушаларынан дамитын ісіктер
14) Созылмалы лейкоздар тобына … жатады: ауыр тізбектік ауру
15) Созылмалы миелолейкоз кезінде сүйек кемігінің реңі … болады: ірің тәрізді, яғни пиоидты
16) Қатерлі лимфомалар қатарына … жатады: лимфогранулематоз
17) Парапротеинемиялы лейкоздар қатарына …жатады: миеломалы ауру
18) Лейкоз асқынған кезде … байқалады: бластылық криз
19) Лимфогранулематозбен сырқаттанғанда … көбейеді: ретикулалық атипиялы жасушалар
Достарыңызбен бөлісу: |