1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы



бет14/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

Алаша хан күмбезі - Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір және Сарыкеңгір өзендері қосылар тұстағы биік жотаның үстінде орналасқан көне сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. Ғалымдар күмбезді Қарахан әулетіне, оғыз-қыпшақ заманындағы сәулет өнерінің қатарына қосады. Зерттеушілер жаңа болжам айтқанымен, күмбездің уақыт зардабынан мүжіліп тозған түрі мен басқа ешбір ескерткішке ұқсамайтын көркемдеу тәсілі арғы замандарға сілтейді. Алаша хан күмбезі порталды-күмбезді сәулет өнері үлгісіне жатады. Кіреберіс қақпа-портал аркасы мен екі жақ ұстанды мұнаралық бөліктерінің биіктігі қандай болғандағы белгісіз. Олардың күмбез барабандары басталатын тұстан жоғары жағы жойылып кеткен. Күмбезге кіреберіс сол жақ бұрышта баспалдақты тар қуыс бар. Сол арқылы жоғары көтеріліп барып, күмбездік айналма екінші қабатқа (барабан галереясы), одан портал аркасының желке тұсынан кесене үстіне шығуға болады. Жарық кесенеге қабырғада орнатылған терезелер арқылы түседі. Портал мен күмбездің шыны сырлы қаптама жұқа өрнектерінен еш нәрсе қалмаған. Ары-бері өткен жолаушылар тәбәрік етіп алып кеткен болуы керек. Алаша хан күмбезінің шынайы қалпын онымен тұстас, сәулеттік үлгілері ортақ жәдігерліктермен салыстыру арқылы елестетуге болады. Бұл орайда ол, негізінен, Қарахан әулеті дәуірі сәулет үлгілерінің Салжұқ өнері аталатын түрлерімен байланыстырылады. Бұл үлгідегі ескерткіштер көбіне-көп Түркіменстанда кездеседі.
Алаша (Алаш) хан - халық аңызы бойынша «Алты алашты» құрған тайпалардың түп атасы. Қазақ шежіресінде Алаша ханның шыққан тегі қарапайым кісі болған делінеді. Оның есімі қазақтың шығу тегін баяндайтын ең көне аңыздарда кездеседі. Сондықтан кейбір ежелгі деректерде «Алаш» этнонимінің шығуы осы Алаша хан атымен байланыстырады. Оның есімі 9 ғасырдың туындысы «Қорқыт» дастанында айтылады. Алаша хан ордасы Ұлытау төңірегінде болған деген тұжырыммен ұштасады. Шоқан Уәлиханов Ұлытау-Жезқазған өңіріне сапар шегіп, Алаша хан күмбезі, Жұбан ана кесенесі, Аяққамыр күмбезі секілді сәулет ескерткіштеріне алғаш зерттеулер жүргізіп, сипаттама берген. Ғұлама ғалымның пікірінше, Түркістанның бір ханы (Қызыл Арслан) баласы ала болып туғандықтан, оны ұнатпай «Алаша» деген ат беріп, Сыр бойынан Арқаға жібереді. Аз уақыттың ішінде оның қасына жігіттер жиналып, елде беделі асады. 1868 жылы Алаша хан күмбезін көзімен көрген подполковник Н.И.Красовский кесененің әлі де берік, бүтін қалыпта тұрғанын, тек күмбезінің көк бояу жалатқан сылағы ғана аздап қабыршақтанып түсе бастағанын атап өткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет