1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы


Әл-Фарабидың іліміндегі болмыстың бастамалары жайлы көзқарастары



бет17/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

23. Әл-Фарабидың іліміндегі болмыстың бастамалары жайлы көзқарастары.
Ешбір жанға бағынбайтын басшы адам, міне, осындай. Ол – имам, ол – қайырымды қаланың бірінші басшысы, ол – қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы. Өз бойында туа біткен он екі қасиетті ұштастырған адам ғана осындай бола алады:
1. Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделгені жөн, сонда, егер осы адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденендей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады.
2. Айтылған сөзді сөйлеушінің құлағына ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алуға тиіс.
3. Естігіш және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтап, бұлардан ешнәрсені ұмытпауы шарт.
4. Әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуға міндетті.
5. Өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар, өнер-білімге құштарланып, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жетуі тиіс.
6. Тағамға, ішімдік ішуге, сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болғаны дұрыс.
7. Жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ жүріп, бұдан алатын ләззатқа жирене қарағаны жөн.
8. Шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған, суайттарды жек көріп, аулақ жүру өзімізге жақсы.
9. Оның жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып, жаратылысынан игі істерге ынтызар болса, келешек қызмет жолында зор көмегі тиері сөзсіз.
10. Дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қараса, пайдасы тимесе, еш зияндығын көрмейді.
11. Жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру – адам бойына бітетін ең асыл қасиеттердің бірі. Мұндай қасиетке ие адам жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып, жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне өз білігінше жақсылық пен ізгілік көрсете алады.
12. Адамның бойында қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүректілік мінез болса, өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырған сәтте міндетті түрде шешімпаздық көрсете алады.
Осының бәрі бір адамның бойында болуы қиын нәрсе, сондықтан да жаратылысынан осындай қасиет дарыған адамдар өте сирек кездеседі. Осы қасиеттердің бәрін өз бойына жинақтаған адам табылмайтын болса, бірақ екі адам табылып, оның бірі – дана, екіншісі басқа шарттарға сай келетін болса, онда осы екеуі де қала басшылары болар еді. Егер осы қасиеттер бір топ адамның бастарына бөлек-бөлек біткен болса, сөйтіп, бірінде даналық, екіншісінде тағы бір қасиет, үшіншісінде тағы бір қасиет болса, онда осы адамдар өзара келіскен жағдайда, бәрі де қайырымды басшылар болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет