22. Әл-Фарабидың философияны үйрену үшін нені білу қажеттігі жайлы ойлары.
Әбу Насыр әл-Фараби – көрнекті, аты әлемге әйгілі ғалымдардың бірі болып саналады. Ол көптеген ғылымдарға өз үлесін белсене қосқан ғалымдардың бірі. Толықтыра айта кетсек, ислам діні туралы, әлеуметтану ғылымына,, математика, физика,астрономия, ботаника, лингвистика, логика, музыка және көптеген салаларға өз үлесін қосқан. Сол зерттеген ғылымдарының бірі философия ғылымына назар аударсақ, жан мен тәннің зерттелуіне баса көңіл қоятынын байқауымызға болады. Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында негізгі үш бағытқа тоқталады: біріншісі, ол дүниенің мәңгілігін мойындады, екінші, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ал үшінші, ақыл-парасат туралы ілімді саралады.
“Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, сонымен қатар өз алдына жеке ғылым. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл болып саналады. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған қорған еді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның негізгі 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы бар мақсат —жалпылықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу болып табылады. Философ адамның өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салады. Аристотельдің «Никомахтың этикасында» келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, яғни айтқанда мәңгілік заттарды қамтыса, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше” игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі деп есептейді.
Қорытындылай келе, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс. Айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатса, адам тек шыншыл адамға айналып, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Бабамыздың бізге қалдырып кеткен мұраларын біз бойымызға сіңіріп, ұрпақтарымызға жеткізуіміз керек деп білемін! Әл-Фарабидың философияны үйрену үшін нені білу қажеттігі жайлы ойлары
Достарыңызбен бөлісу: |