60. Ыбырай Алтынсарин шығармашылығындағы қазақтардың рухани өмірі жайлы көтерілген мəселелер.
Ыбырай өзінің бүкіл өмірі мен күш-жігерін халық игілігі жолындағы күреске арнап, қайткен күнде де қоғамдық өмір үшін «пайдалы білім болуын» арман етті. Сондықтан да ол өзі көрген, кейбір істерінің терістігіне көзі жеткен Ұлы Дала өміріндегі әділетсіздіктерге қай жерде де батыл араласып, көпшілік бұқараның мүддесін сақтап қалуға бар мүмкіншілігін пайдаланып отырды. Әрине, әділетсіздік пен теңсіздік үстемдік етіп тұрған дәуірде.Ыбырай Алтынсарин қазақтың жазба тілінде алғаш сөйлеуші және әліппесін қалыптастырушы ғана емес, тұңғыш халық грамматикасын да қалыптастырушы. Халық поэзиясы мен кітаби шығармалардан тұратын халықтың сауат ашуына арналған алғашқы жинақты құрастыруды бастаған да Ы. Алтынсарин. Ыбырай туралы айтқанда оның өз дәуіріндегі бүкіл халықтың көзін ашу оңай болмағандығын ғана айтып қою мүлде аздық етеді. Ол сол тұстағы Қазақ Даласына оқу мен білімді, ғылымды танытушы ғана емес, ғылым жолындағы жұмсалған қайраткерліктің де жанды үлгісі болды.
Ы. Алтынсарин өзі өмір сүрген дәуірді қазақ халқының көшпеліліктен отырықшылыққа, өркениетке өту дәуірі деп бағалады. Ол халық ағарту жұмысы мен оқу мәселелерін қалың бұқараның талап-тілегі, мүдделеріне сай шешуге тырысып отырды. Ағартушы оңай олжа табуға ұмтылуға ешқашан теңеспейтін қоғам үшін өте пайдалы және үнемі дамитын ғылымдарды меңгеруге шақырды. Ол өз ойын оқырманға дерексіз әңгімелеу жолымен емес, белгілі нақтылы мысалдар негізінде шебер жеткізе білді. Оның көптеген шығармалары қазақ қоғамына қатысты мәселелерді көтерді, идеялық жағынан ол мәселелер Орыс және Еуропа ойшылдары шығармаларымен үндесіп жатты. Ол өз кезіндегі қазақ шындығын дұрыс бағалай білді. Бұл жағынан алғанда, өз қызметі арқылы қазақтың қоғамдық-әлеуметтік ойын жаңа да бағалы пікірлерімен байытты.
61. Абайдың дүниетанымы жəне оның негізгі бағдарлары мен ерекшеліктері Абай жəне оның дүниетанымы туралы айтқанда ой-танымының, əсіресе шығыстық-діни терең толғамдарының қалыптасуына ықпал еткен тұлғалар туралы тоқталмай кету əсте мүмкін емес. Дала дəстүрі мен халық философиясын бала жастан бойына сіңіріп, кейін медреседе оқып, тіл үйреніп, өздігінше ізденген данышпанның Шығыс пен Батысты тел еміп, адамзаттық өреге көтерілуіне, əрине оқыған кітаптары мен тəлім алған ұстаздарының тигізген əсері орасан зор болғаны анық. Абайға əсер еткен сондай тұлғаның бірі де бірегейі татар халқының ұлы перзенті Шихабеддин Маржани (1818-1889) екені белгілі. Шихабеддин Маржани Абайға жəне Алаш қозғалысының қайраткерлерімен бірге өз жалғасын тапқан жаңа тұрпаттағы ұлттық ой-танымының қалыптасуына үлкен əсер етті. Сондықтан Абай дүниетанымы мен оның дəріс алған мектебі мен ұстаздарына жүгінуге тура келеді.
Абай өзінің дуниетанымДЫҚ көзқарасында дүниенің обьективтік заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай өзгеріп отырады деп қорытты. Бұл жөнінде Абай былай тұжырымдайды: Дүние үлкен көл, заман - соккан жел. Алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын – інілер, кезектене бөлінер, баяғыдай көрінер, - дейді. Абайды адам неден тұрады? Оның тәні мен жаны қалай қабысады?, - деген сияқты адам проблемасы қатты ойландырғанын байқаймыз. Қырық ұшінші сөзінде, тән азығы ішіп-жеу, болмаса өсіп қуаттанбайды, ал адамның жан азығы – білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жок.
Достарыңызбен бөлісу: |