1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы


Абайдың «Қара сөздеріндегі» негізгі ой желілері жəне оның адамгершілік пен ізгілік қағидаларымен сабақтастығы



бет53/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

64. Абайдың «Қара сөздеріндегі» негізгі ой желілері жəне оның адамгершілік пен ізгілік қағидаларымен сабақтастығы.
Адамды рухтандыратын және даналыққа толы Абайдың «Қара сөздерінің» көкейкестілігі мынада:
- ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының өмірін объективті түрде көрсете білуінде;
- қазақ халқы өмірінің энциклопедиясын жасауында;
- қысымға ұшыраған әлсіздердің мүдделері үшін күресінде;
- кемеңгер ақынның Ұлы Дала кеңістігіндегі гуманизм мұраты мен ағартушылықты дәріптеуінде;
- өз заманындағы негізгі мәселелерді ашып көрсете білуінде жатыр.
Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, əр қайсысы өзін бірінші орынға қойып, таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дəл сипаттап, əділ сынайды. Жеке –жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғалым. Демек Абай жүректі, яғни адам- адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нəрсе –осы айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді.
65. Шəкəрім Құдайбердіұлының шығармаларында көрініс тапқан басты рухани- адамгершілік құндылықтар
Қазақ əдебиеттану ғылымының ұзақ жылдар бойындағы тынымсыз талпыныстарының нəтижесінде «коммунистік идеология» атты «қара теңіздің» қыспақты құрсауынан босап, əділеттіктің ақ айдынына шыққан, ақиқатын айғақтаған асыл қазыналардың бірі он тоғызыншы ғасырдың соңғы ширегі мен жиырмасыншы ғасырдың басында қалам тербеген талант иесі, суреткер жазушы, көрнекті ақын - Шəкəрім Құдайбердіұлы.
Шəкəрім өзінің көркемдік ой танымын арғы - бергідегі əдеби дəстүрлермен сабақтастырып, кешегіні бүгінгімен жəне ертеңгімен жалғастырып өткен талантты перзент.
Шəкəрім талантының түп негізінде сан алуан сарқылмас қайнар бастаулар жатыр. Ойшыл суреткер сол бастаулардың кəусардай таза, кіршіксіз мөлдір шырынын тауып, талғаммен талғай отырып табиғатына дарытты, асылдың шипасын ақындық жүрегіне сіңірді. Шығыстың классикалық поэзиясының жауһарлары, одан беріректегі халық поэзиясы, жыраулар жырлары, ұлы Абайдың əдеби дəстүрі, өзі өмір сүрген дəуірдегі түрлі үрдістер, бəрі - бəрі Шəкəрім үшін өнегесі өлшеусіз тағылымды мектеп болды.
Халқының мұңын жырлап, адам бойындағы игі қасиеттерді қастерлеп, өлеңдерінің өзегі ету - Шəкəрім шығармашылығының басты мұраты. Ақын айналасындағы барлық нəрсеге терең бойлап, жамандығынан жирене біліп, жақсылыққа ұмтыла білді.
Туған халқының мəдениеті, азат ел болып, еркін еңбек етіп, бейбіт өмір сүруін армандады. Сол үшін жан сала күресті, сол мақсаттан жазушылық арнасын тапты. Шəкəрім терең ойға құрылған, күмістей жарқын жырлар жазуды мақсат тұтқан. Өлең сөздері мыс араласпаған таза күмістей, тереңнен толғап, жүрек сырын шертерліктей болуын, ұйқасы жатық болуын көздейді. Кейде ол Абай шығарған өлең өлшемдерін, шумақ түрін, ұйқастарын қолданып жырлады. Қырық жасқа дейін Шəкəрім ел жұмысымен айналысып дала, қара жайларын өз көзімен көріп, ондағы əр түрлі тартыстар, қайшылықтар сырына үңіледі. Бөтен жұрт өмірін, мəдениетін білуге, ғылым жетістіктерін тануға талап қылады. Білім мен мəдениет, өнер салаларының жетістіктеріне назар аударады. Қазақ қоғамындағы үстемдер өктемдігіне, надандық кесапаттарына, қулық – сұмдықтарға қарсы шығады. Əділдік, адамгершілік, мəдениет, оқу – білім ұрандарын жырлайды. Айтып, уағыздап қана қоймай шамасы келгенінше, өзінің ізгі ойларын іске асырып та жүреді, Халықты жақсылыққа үндеп, ар – ұят сақтауға, жоқ – жітікке қарасып, қайырымдылық жасауға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет