1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы


Әл-Фараби философиясындағы «бақыт» мәселесі және оның әлеуметтік-этикалық мазмұны



бет23/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

29. Әл-Фараби философиясындағы «бақыт» мәселесі және оның әлеуметтік-этикалық мазмұны.
Әлеуметтік-этикалық және философиялық трактаттар жалпы философия, әлеуметтік-этикалар мәселелерге арналған шығармаларының жинағы. Оларда әл-Фарабиқайырымдылық, ізгілік, ар-ождан, даналық, кішіпейілділік секілді қасиеттерге философиялық тұрғыдан өзкөзқарасынбілдіреді. Бақыт және оған жету жолдары туралы айтады. «Адам өмірінің мақсаты бақытқа жету болғандықтан ең алдымен оның не екенін ұғынуы және сол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін білуі қажет» дейді автор. Адамзат қоғамының дұрыс бағытта дамуы әлеумеуттік тәртіпке, әлеумеуттік құндылықтар жүйесіне тікелей байланысты екенін көрсетеді. Трактаттар орыс және қазақ тілдерінде алғаш рет 1972-1975 жж. жарық көрді. Бұл екі жинаққа әл-Фарабидің этика тақырыбында жазған «Қазіргі қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат», «Бақытқа жету туралы», «Бақытқа жол сілтеу», «Азаматтық саясат», т.б. еңбектері енген.
«Ең дұрысы, бақыт - оқығанда, сабақ алғанда, білімді игеру, әртүрлі өнерлерді үйренгенде, оларды игеру, жұмыстарды орындау сияқты игілікті істер арқылы қол жететін мақсат»;
«Бақыт - өз басың үшін көксейтін игілік; бұған ешбір жағдайда және ешқашанда басқа нәрсеге бола талпынбайды, өйткені (бақыттың) аржағында адамның қолы жете алмайтын бұдан артық нәрсе жоқ. Бақытқа жетуге көмектесетін еркін әрекет - тамаша әреекет. Мұны туғызатын әдет-ғұрып - қайырымдылық. Қайырымдылық дегеніміз, оның өзі белгілеген, бірақ бақытқа жету мақсатынан туған жақсылық. Бақытқа (жетуге) бөгет жасайтын әрекет жаман немесе сұмпайы әрекет болмақ. Бұл әрекетті туғызатын әдет-ғұрып - кемшілік, кесепат, пасықтық». 
Әл-Фарабидің пікірінше, адам өмірінің мәні мен сәні, ең жоғарғы шыңы болып саналатын бақыт жанның байлығына, адамгершілікке негізделеді. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады». Жаны жайсаң, адамгершілігі мол адамдардың мінез-құлқы да жақсы келеді. Жақсы мінез-құлық білім алу, үйрену барысында көбіне тәрбиемен қалыптасады. «Адамның бойына дарыған, халықтар мен қала тұрғындарына тән және бұл дүниеде тиесілі бақытқа жетуіне, о дүниеде асқан рахатқа кенелуіне септігін тигізетін төрт түрлі нәрсе бар, бұлар: теориялық ізгіліктер, ойшылдық ізгіліктер, этикалық ізгіліктер және практикалық өнерлер».
«Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекеттерін жасауға көмектесетін жан қасиеттері - ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары - сұрқиялық, кемшілік немесе опасыздық болып табылады» Адамның саналы өмірін қамтамасыз ететін - денінің саулығы мен жан саулығы. Осы екеуі бір-біріне сай, үйлесім тапқанда ғана адам бақытты бола алады. Денсаулықты дәрігер қадағаласа, жан саулығы - аса күрделі; ол адамның өзінің дүниеге көқарасынан бастап, алған біліміне, тәрбиесіне, өмірлік мақсатына, мамандығына, қоршаған әлеуметтік ортасына сияқты көптеген факторларға байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет