1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы


Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны және ондағы басты рухани құндылықтар



бет25/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

31. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны және ондағы басты рухани құндылықтар.
Жүсіп Баласағұн (Баласағұни) — ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мəшһүр болған данышпан-ойшыл, белгілі қоғам қайраткері. Ол замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға тек дарынды ақын ғана емес, сондай-ақ Орта ғасырдың атақты ғалымы, дəлірек айтсақ, табиғаттану, риезиет (математика), фəлəкият (астрономия), тарих, араб-парсы тіл білімі, тағы басқа толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама-ғалым ретінде жақсы мəлім болған.
«Құтты білік» 1069–1070 жж. жазылған адамгершілік пен имандылыққа, білімділік пен біліктілікке, əділдік пен еңбекке үндеген түркі тіліндегі философиялық, дидактикалық шығармалардың көшбасшысы. Баласағұнидің бұл еңбегі кезіндегі ел билеуші хан-қаһандарға əділдік пен парасатты биліктің шешен шежіресі ретінде, ақылымен іс қыла білудің заң ережесі ретінде ұсынылған:
1.Дастанның белгілі бір мағынада елдегі Ата Заң (Конституция) қызметін атқаруы.
Жүсіп Баласағұн шығармасы Қарахан мемлекетінің Ата Заңы қызметін атқарған. Ол үшін автор өз еңбегінде патшалар мен уəзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, əскербасылар мен нөкерлердің, тəуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез- құлқы, білім дəрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мəселені əмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам — ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады.
2.Дастандағы құт, бақ-дəулет, бақыт ұғымдарының мəні.
Халқымыз бұл ұғымдарға өте үлкен мəн берген. Жүсіп осы ұғымдар туралы былайша толғанады.Өлең жолдарында өмірде «болдым, толдым, бақытқа кенелдім» деген тоғышарлық психологиядан əрқашан бойды аулақ салуға шақырады.Сөйтсе де, ақын құт пен бақыттың адамзат басынан ұшып кетпей, баянды да мəңгі қонуын аңсайды.Ғұлама ақын баюдың жолдарын ашып айтпаса да, байлыққа деген өзінің көзқарасын білдірген.Оның пайымдауынша, байлық, алтын-күміс дүниедегі ең қымбат нəрсе емес.
Жалпы, дастанда дəулетқұмарлық, дүниеқорлық, байлық, мансапқа құмарлық жан-жақты сыналады. Ғұламаның пайымдауынша, нағыз байлық — жан тазалығы.
Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет