1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы


Ежелгі сақтар өнеріндегі түстердің әлеуметтік-символикалық мәні



бет3/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

5. Ежелгі сақтар өнеріндегі түстердің әлеуметтік-символикалық мәні.
Жауабы:Сақ қоғамының адамдары үш әлеуметтік топқа бөлінді. Олардың әрқайсына бір түс тән болды.:1)Жауынгерлер (қызыл) 2)Абыздар (ақ) 3)Басқа қауым адамдары (сары, көк)Сақтарда қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер акинақ, қанжар, жебенің ұштарын т.б. жасаған.Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т.б. металдарды көп пайдалаған. Сонымен бірге теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Европа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Сауда Жібек жолы және б.з.б. I мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды.Сақ өнерінде аңдық стиль болды. Олар аңдар мен әр түрлі аңыздардағы жануар бейнесіндегі құбыжықтарды бейнелейтін еді. Аңдық стиль б.з.б. VII ғасырда Алдыңғы Азияда дүниеге келді. Арыстан бейнесіндегі «өмір ағашы» сақтарда ең көп тараған.Сақтар әр түрлі жануарлар бейнесіндегі құдайға, табиғат күштері күнге, желге, әр түрлі құбылыстарға табынды. Мысалы, күн күркіреу құдайы қабан бейнесінде бейнеленген. Олардың түсінігінше, әлем үш бөліктен құралған:1)Жер астындағы әлем2)Орта жер әлемі 3)Аспан әлемі
6. Түркілер өркениетінің пайда болуы мен қалыптасуы және оның ерекшеліктері.
Түркі өркениетінің ерекшеліктері. Түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай? Ю.Худяков айтқандай, көнетүркілік этнос пен мәдениеттің өмір сүруінің аяқталуы және көнетүркілік мұраның өзге көшпелі этностардың мәдениеттерінде сақталып қалынуы ерте және дамыған орта ғасырларға тура келеді. Э.Тайлордың өркениетке берген анықтамасы бойынша, оны жекеленген адам мен бүтін бір басты қоғамды жоғары бір деңгейде ұйымдастыру арқылы олардың ізгіліктілігі мен қуатын күшейтуге, бақытты өмір сүруіне жәрдемдесу мақсатында, жалпы адамзат тегін жетілдіруге қаратылған іс-әрекет деп білу керек. Бұл ретте түркі өркениеті туралы деректерді сөйлетер болсақ, ең басты назар аударар жәйт, олар – алғашқы бастаулар. Бұл жөнінде Джеймс Джордж Фрезер былай деп жазады: "В конечном счете мы не так уж отличиемся от этих первобытных людей, и многим из того истинного и полезного, что так бережно сохраняем, мы обязаны нашим грубым предкам, накопившим и передавшим нам по наследству фундаментальные представления, которые мы склонны рассматривать как нечто самобытное и интуитивно данное. Мы как бы являемся наследниками состояния, которое переходило из рук в руки столько раз, что изгладилась память о тех, кто заложил его основание, поэтому нынешние обладатели читают его своим изначальным и неотьемлемым достоянием. Более глубокое исследование должно убедить нас в том, что большей частью этого состояния мы обязаны своим предшественникам”  Шығыс халықтарының өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Мысалы, орыстың атақты археологы Л.П.Окладниковтың еңбектерінде Түркі халықтарының Батыс Сібір цивилизациясын атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет