1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы


Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мәнді сөздері»



бет56/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

68. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мәнді сөздері».
Мен жетпіс екі жасқа келгенше өмірде болатын неше алуан қилы оқиғаларға, түрлі жамандық, жақсылыққа кездесіп, солардың көпшілігін, керекті - керексіздерін өзім де істеп, басымнан өткізгендерім көп. «Алдыңда өнегелі көрерің болсын» дегендей, алдымда Абай марқұм болған соң, содан ғибрат алып, «мен де адамдықтың, адалдықтың жолын қуғаным жөн» деп, басымды шытырман шатақтан ерте босатып алып, білім жолына түстім. Негізгі алған білімім болмаса да, өз бетіммен ізденіп, өткен жазуш ы -ғалымдардың жазғандарын оқып, ойларымен танысып, білгендерден сұрап, өз ойымнан құрап, түрлі әңгімелер жазып, барлық өмірімді жазумен өткіздім. Елу жасқа тақаған соң, оңашада жатып, басқа келген ойлардың барлығын қағазға түсіріп кеттім. Мен солардың бәрін өз мақтаным үшін жазғамын жоқ, мақтан үшін жазылған, айтылған сөздің құны болмайтынын жақсы білемін. Кейінгілер жарағаннан үлгі алып, өнеге үйренсін дедім. Міне, жетпістен астым, ойым тозбағанмен, денем тозды. Тозған денем ойыма орын болудан қалып барады. Мен оған қарамай әлі де келген ойды жаза бермекпін. Бұл айтқалы отырған ойымды жекелеп, сұрыптап жазбағаныммен, бұрынғы жазғандарымда кездесіп отырады. Бұл тараудағы ойды басынан аяғына дейін түгел жазып, бәрін талдап, қорытып шығуға бір адамның өмірі керек. Ендігі менің қалған өмірімнің жетпейтіні анық. Дегенмен, сол ойымды қысқаша алдарыңа тартпақпын. Бұл ойым — басқа келген қиял. Бірақ болмаған іс, құрғақ қысыр кеңес, жай қиял дейтін бір ауру бар. Бұл аурудан құтылу керек. Неге десеңіз, барлық ғылымның өзі қиялдан, ойлаудан туған.
69. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жағдайы. Столыпиннің аграрлық саясаты және жер мәселесі.
Столыпиннің аграрлық реформасы – патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпиннің есімімен аталды. Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді. Шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсетілетін болды. Бұл іс Қоныс аудару басқармасына жүктелді. Қо-ныс аударушыларға шет аймақтарда жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906 – 15 жылдары аралығында Қазақстанда қо-ныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорын» (Переселенческий фонд) құру үшін Қазақ өлкесіндеп «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір казак отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіліп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды.
XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы ешбір сын кетірмейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін беліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусым-дық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсіпорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал­ жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет