63.Абайдың «Адам бол!» қағидасының рухани-дүниетанымдық мәні мен сипаты.
Абай заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани əлеміне жақындай береміз. Хəкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті.
Абайдың рухани əлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мəселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше əрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мəнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Əуезов Абайдың: «ұстаздық, əлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын жəне бар халқын түзетіп өзгертпек болады»;- дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тəрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дəстүрі мен рухани мəдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тəрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мəдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тəн кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тəжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді. Ұлы данышпанды адам өмірінің мəні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар – намысы сияқты мəселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, «мені» мен «менікінің» айрылғанын, «өлді» деп ат қойыпты өнкей білмес. Ушинский де өзінің басты еңбегін адамға арнаған. «Адам тəрбие пəні қақында» осы тұрғыдан Абайадың ойлары, пікірлері орыс ғалымдарымен үндес келеді.
Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі – қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу – кісіліктің кісісі, шын мəнінде азамат болу, қара бастың қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін - өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге əлем тұрғысынан қарайтын Азамат адам болу. Абай қазақ жастарын желөкпе, əр нəрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді.
Достарыңызбен бөлісу: |