1. Экология ғылымының басқа ғылымдармен байланысын талқылау негізінде экологияның бөлімдерін атап көрсетіңіз


Экожүйелердің типтерін атап көрсету негізінде трофикалық байланыстарды талқылаңыз



бет7/11
Дата12.06.2024
өлшемі34.91 Kb.
#502543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Документ Microsoft Word (2)

7. Экожүйелердің типтерін атап көрсету негізінде трофикалық байланыстарды талқылаңыз.
Экожүйе және экожүйелер типтері. Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз – белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым.
Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір нұсқасы болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болғанымен, соңғы кезде «экожүйе» ұғымы кең қолданылады. Экожүйе – зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы.
Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып – биосфераны түзеді.
Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады:

  • микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі);

  • мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ);

  • макроэкожүйе (континент, мұхит);

  • ғаламдық экожүйе (Жер биосфера).

Ю.Одум (1986 ж) табиғи экожүйелердің үш түрін бөледі: жер беті (тундра, тайга, дала, шөл т.б.), тұщы су (көлдер, өзендер, батпақтар) және теңіз (ашық мұхит, өзен құйылыстары) экожүйелері. Бұл классификацияның негізінде өзіне тән белгілері, мысалы, жер беті экожүйесі үшін – өсімдіктер жамылғысы, тұщы су экожүйелері үшін – судың физикалық қасиеті жатыр.
бір түр басқа тірі особьтармен, өлекселермен немесе олардың соңғы өнімдерімен (экскременттерімен) қоректену. Ұшып жүрген жәндіктермен қоректенетін құстар, көңімен қоретенетін қоңыздар, өсімдіктер шірнесін (нектар) жинайтын аралар өздеріне қорек болатын түрлермен тікелей байланысқа түседі. Қорегі үшін екі түр бәсекеге түскенде олардың арасында жанама қоректік байланыстар пайда болады. Өйткені біреуінің тіршілігі екіншісінің қорекпен қамтамасыз етілуіне әсер етеді.
Бір түрдің тіршілігі әсерінен тіршілік ортасының физикалық немесе химиялық өзгеруін топикалық байланыстар деп атайды. Бір түрдің екінші түрді тіршілік ортасымен қамтамасыз етуі (мысалы, ішкі паразитизм, жануарлар ішіндегі комменсализм) басқа түрлер қоныстанатын немесе басқа түрлер қоныстанудан қашатын субстар құруы,қоршаған кеңістіктегі жарыққа, ортаның бөлінген соңғы өнімдерімен қанығуына, судың, ауаның, температураның өзгеруіне әсері. Киттер терісіне қоныстанып тіршілік ететін теңіз организмдері (кейбір шаян түрлері), сиыр көңіндегі шыбын личинкалары, ағаш діңгегіндегі қыналар өздеріне тіршілік ортасы немесе субстрат болып табылатын организмдермен тікелей топикалық байланысқа түседі.
Топикалық немесе трофикалық байланыстар организмдер тіршілігінде үлкен роль атқарып биоценоз тіршілігінің негізін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет