1. Экология ғылымының басқа ғылымдармен байланысын талқылау негізінде экологияның бөлімдерін атап көрсетіңіз


Экологияның ғылым ретінде қалыптасу кезеңдерін атап көрсету негізінде оның зерттелетін обьектілердің ерекшеліктеріне байланысты бөлімдерін сипаттаңыз



бет3/11
Дата12.06.2024
өлшемі34.91 Kb.
#502543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Документ Microsoft Word (2)

3. Экологияның ғылым ретінде қалыптасу кезеңдерін атап көрсету негізінде оның зерттелетін обьектілердің ерекшеліктеріне байланысты бөлімдерін сипаттаңыз

«Экология» ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген неміс ғалымы Э.Геккель (1866 ж) экологияға мынадай анықтама берді: «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қарым-қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктердің өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеу деп түсінеміз».


Экология жеке ғылым ретінде негізінен ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасты. ХХ ғасырдың ортасына дейін гидробиологтардың, фитоценологтардың, ботаниктердің, зоологтардың экологиялық мектептері қалыптасты. Олардың әрқайсысында экология ғылымының белгілі бір жақтары дами бастады:
1-кезең-жеке ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара байланыстарын биологиялық зерттеу.
2-кезең-трофтың байланыстарды, экологиялық пирамидаларды және т.б. зерттеу ( А. Гумбольдтың, Д.Дарвиннің, К.Ф.Рульенің жұмыстары).
3-кезең-ғылыми зерттеулердің негізі бірлігі ретінде экожүйелер мен биогеоценоздарды зерттеу.
4-кезең-биосфераны ғаламдық экожүйе ретінде қарастыру.
5-кезең-биосферадағы адамзат қоғамының ерекше ролін мойындау.
Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымдардың құрамына еніп, организмдер мен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана зерттеумен шектелген болса, қазіргі заманда экология шеңбері одан да әрі кеңіп, көптеген ғылымдармен, атап айтқанда – география, геология, агрономия, химия, архитектура, математика, физика, генетика, медицина, қысқасы ғылымның барлық салаларымен тығыз араласып кетті. Осылай қазіргі заманғы экология – зор қарқынмен дамып келе жатқан, Жер планетасындағы барлық тіршілік иелері үшін іс жүзінде аса зор маңызды, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның дамуына тікелей байланысты.

4. Экологиялық факторлардың жіктелуін сипаттау негізінде минимум заңының әсер ету заңдылықтарын түсіндіріңіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет