1. Экология ғылымының басқа ғылымдармен байланысын талқылау негізінде экологияның бөлімдерін атап көрсетіңіз


Популяция ұғымына сипаттама беру негізінде оның жастық құрылымын түсіндіріңіз



бет6/11
Дата12.06.2024
өлшемі34.91 Kb.
#502543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Документ Microsoft Word (2)

6. Популяция ұғымына сипаттама беру негізінде оның жастық құрылымын түсіндіріңіз.
Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір-бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.
Популяция ұғымы латынша popolus - халық деген мағына білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Йогансен 1903 жылы қолданды.
Популяция ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, экологиялық және эволюциялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді.
Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады. Бір популяцияға жататын организмдер бір-біріне қоршаған ортаның факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда түраралық қарым-қатынастың барлық формалары кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік байланыстар қатты байқалады. Популяциядағы өзіндік түріші қарым-қатынастары - ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы байланыстар.
Популяциялар жастық құрылымы особтардың барлық жас топтарын, оның ішінде организмнің барлық даму стадияларын, фазаларын қамтиды.
Жануарлар популяциясында 3 экологиялық жасты бөледі: репродуктив алды, репродуктивті, репродуктив соңы. Жалпы өмірінің ұзақтығына қатысты әрбір жастың ұзақтығы әр түрге әрқалай болады.
Популяциялар жастық құрылымы сыртқы факторлар әсерінен болуы мүмкін. Өйткені сыртқы факторлар туылу және өлу процесстерін қадағалап отырады.
Егер поуляцияда барлық жастағы особьтар біркелкі мөлшерде болса, соғұрлым өміршең болады. Мұндай популяцияларды қалыпты деп атайды. Егер популяцияда кәрі особьтар көп болса оны регрессивті немесе өліп бара жатқан популяциялар деп, ал жас особьтар саны көп популяцияларды инвазиялық немесе өсіп келе жатқан популяциялар деп атайды.
Популяциядағы әр жастығы особьтардың сандық мөлшерін салыстыру үшін жастық құрылымның гистогррамасы қарастырылады.
Жастық құрылымға талдау жасау жақын арада популяцияның бірнеше ұрпақтарының сандық мөлшерін білуге көмектеседі. Мұндай талдаулар ауланатын балықтың шамасын білу үшін балық шаруашылығында жиі қолданады. Егер таңдап алынған табиғи популяцияның жастың құрылымының көрсеткіштеріне ортаның әсері дәл анықталып алынған болса, алдағы бес жылда аулауға болатын балықтардың мөлшері туралы дәлдігі жоғары болжамдар алуға болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет