1. Әлемдік саясат ұғымы және халықаралық қатынастар жүйесі. Геосаясат


Халықаралық қатынастардың субъектілері



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата12.12.2023
өлшемі205.42 Kb.
#486231
1   2   3
f61c02bc898165

2. Халықаралық қатынастардың субъектілері.  
Саясат субъектілерінің ішінде әлемдік және халықаралық
саясаттың субъектілерінің орны ерекше. Бұлар өз кезегінде түрлі 
деңгейде анықталады. 
Жаһандық деңгей. Қазіргі әлемдік саясаттың ең басты 
субъектісі ретінде Бірікен Ұлттар Ұйымын ( БҰҰ ) айта аламыз. Ол
1945 жылы АҚШ, КСРО, Ұлыбритания және Қытай арсындағы 
келісім негізінде құрылды. Қазіргі таңда ұйымда 198 мемлекет 
мүшелікте тұр. БҰҰ-ның құрылымы үш бөліктен тұрады:
1) Бас Ассамблея (барлық елдердің өкілдері қатынасады), 


2) Қауіпсіздік кеңесі (5 тұрақты мүшесі – Ресей, АҚШ, 
Қытай, Франция, Ұлыбритания және 10 ауыспалы мүшесі бар)
3) Салалық құрылымдар: Экономикалық Кеңес, Ауыл 
шаруашылық ассоцияциясы (ФАО), Мәдениет, білім және ғылым 
саласына жауапты орган (ЮНЕСКО), Халықаралық сот
Халықаралық қамқорлық жөніндегі кеңес және секретариат т.б. 
органдар. БҰҰ-ң ресми жұмыс тілдері қытай, ағылшын, француз, 
орыс, неміс, испан тілдері болып табылады.
Аймақ аралық деңгей. Бұның қатарына әр түрлі аймақтарда 
орналасса да бір ұйымға мүше мемлекеттер кіреді. Мысалы, мына 
ұйымдарды айтуға болады:
1) 
 NATO (North Atlantic Treaty Organisation) 1949 жылы 4 
сәуірде Вашингтонда құрылған Солтүстік атлантикалық келісім 
ұйымы. Ұйымның мақсаты - демократияға, тұлға еркіндігіне және 
заңдылық принциптеріне негізделген ортақ қоғам мен өркениет 
мұраларын қорғау. Оған басты мүше мемлекеттер – АҚШ, Батыс 
Еуропаның бірқатар мемлекеттері.
2) 
Варшава Шарты Ұйымы. Бұл ұйым кезінде NATO-ға 
қарсы тұру үшін құрылып, социалистік мемлекеттерді 
біріктіретін, социалистік құрылысты қорғауға бағытталған одақ 
болатын. ХХ ғ-ң 90-жыл-ы болған өзгерістерден соң тарап кетті;
3) 
Бейтараптық қозғалысы. Аталмыш ұйым ХХ ғасырдың 
екінші жартысында әлем NATO мен Варшава Шарты ұйымына 
бөлініп, 
«қырғи-қабақ» 
соғыс 
жағдайында, 
олардың 
ешқайсысына да қосылмау үшін құрылған, Азия, Африка, Латын 
Америкасының бірқатар елдерін біріктіретін ұйым;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет