1. Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау


Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар



бет14/15
Дата12.03.2023
өлшемі52.89 Kb.
#470659
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
АЛЕУМЕТ 1-РК

18. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен олардың өзара қарым-қатынастарын реттеу, дамыту мәселесі қоғам өміріндегі аса қиын да күрделі құбылыс. Өйткені элемде 3 мыңнан астам ұлттар, халықтар мен ұлыстар өмір сүреді. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың әртүрлі сатысында тұрған, олардың арасында азаттықпен бостандыққа қол жеткізгендері де, оған жете алмай тәуелді болып отырғандары да бар. Бүгінде дүние жүзі халықтарының 90 пайыздан астамы көпұлтты мемлекеттер құрамында өмір сүруде. Әлем халықтары 225 мемлекетке топтасқан. Олардың ішінде 180-ге жуығы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі, ал 187-сі егеменділік құқы бар ел болып табылады. Бұлардың қатарында 38-і дамыған ірі мемлекеттерге тәуелді болып келеді. 1600 халық дамушы елдерде тұрады, шамамен алғанда 100 ұлт дамыған капиталистік елдерді мекендеген. Ал ТМД әлемдегі 320-дан астам халықтың әрқайсысының саны бір миллион адамнан асады. Неміс ғалымдарының есептеуінше әлемде бүгінде 5661 түрлі тіл бар. Оның 1400 қолданыстан қалған не жойылу алдында тұрған тілдер болса, ал 4200-і өз алдына дербес тіл ретінде танылған. Бұл келтірілген мысалдар, саясаттың субъектісі ретіндегі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың дамуы жөніндегі мәселеге айрықша назар аударуды талап ететін, күрделі де аса маңызды мәселе көрсетеді.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың «түрі» жөнінде түсінік берер болсақ, қауымдастықтың нәсілдік түрі тиісінше адамдарды бет-әлпеті, өңіне қарай біріктіреді, ал көз жанары, түсіне қарай тағы да басқа бір қасиеттері орайластырылады. Сөйтіп, адамдар нәсілдік және жағрапиялық орта ерекшелігіне сәйкес алдымен тайпалық, ұлыстық, ұттық қауымдастыққа топтасады. Міне, осыған орай, адамдардың әрбір тобы олардың қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрі деп аталады.
Адамдар қауымдастығының түрліше әлеуметтік-этникалық түрінің пайда болуы мен дамуы қоғамдық өндіріс тәсіліне қарай анықталады. Демек, материалдық өмірдің өндіріс тәсілі, адамдар өмір-тіршілігінің әлеуметтік, саяси және рухани процесін айқындайды. Адамдар өміріндегі сондай аса қажетті, өзара араласу мен қауымдастықтың күллі тұтастық белгісі-тілдің ортақтығы болып саналады. Тіл – халықтың жан-жүрегі, оның этникалық сана-сезімінің қасиетті мұрасы. Тіл – адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас байланысын нығайта түсетін басты құрал. Адамдардың қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрінің негізгі белгілері – рулық-тапайлық, ұлыстық, ұлттық. Адамдар қауымдастығының, әлеуметтік-этникалық түрінің негізгі белгілеріне жататын экономикалық байланыстың ортақтығына, тілдің ортақтығы, жер мен мәдениет ортақтығы – қауымдастықтың қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Ал нәсілдік тұрпатқа келер болсақ, бұл – адамдардың ұзақ уақыт бойы биологиялық жағынан жағырапиялық түрліше жағдайда икеменделуі. Кейбір ғалымдар қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрлерінің үш түрі бар деп тұжырымдайды. Бұлар – рулық-тайпалық қауымдастық, ұлытық, ұлттық. Енді бірі осындай қауымдастықтың төрт түрі бар дейді. Олардың айтуынша: ру, тайпа, ұлыс, ұлт. Орыстың белгілі этнографы С.А.Токарев адамдар қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрін басқаша қарастырған. Мысалы, адамдар қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрі – тайпа, демос, ұлыс, ұлт деп тұжырымдайды. Соңғы көзқарастар бойынша, әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың негізгі түрлері: рулық-тайпалық қауымдастық, ұлыс және ұлт. Шынында, түрлі халықтың ұзақ ғұмыр кешуі, дамуы қарқынына сәйкес адамдар қауымдастығының-этникалық түрі де түрліше бұл дамудың әлеуметтік-экономикалық жағдайларының ерекшеліктеріне тікелей қатысты болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет