1. Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау


Девиация мен әлеуметтік бақылау



бет11/15
Дата12.03.2023
өлшемі52.89 Kb.
#470659
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
АЛЕУМЕТ 1-РК

15. Девиация мен әлеуметтік бақылау.
Девиация сөзі латын тілінен аударғанда deviate деген сөзден шыққан. Deviate ауытқу дегенді білдіреді. Девиантты мінез құлық бұл адамның қоғамдық, топтық нормалардан ауытқыған мінез құлқы. Адамның іс әрекеті, мінез құлқы қоғамдағы нормаларға, ережелерге және одан күтілетін әрекеттерге, құндылықтарға сәйкес келмеуі. 
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) – жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары, қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Қоғамдағы қабылданған өлшемдерден ауытқудан тұратын, жеткіншектердің девиантты мінез- құлқын көрсетуі шешімді талап ететін күрделі де, көп аспектілі мәселе. Оны зерттеу әлеуметтік тапсырыспен айтып жаздырылатын себепші болатын, ең алдымен, әлеуметтік феномен ретінде девиантты мінез-құлқының мәнін ашу қажеттілігі.
Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтанулық сипатын тұлғаның қоршаған ортамен сыртқы қайшылықтары, құрылымсыздық және тұлғаның өзін-өзі бұзуымен байланысты қарастыруға болады.
Девиация екі түрлі жағдайдан анықталады:
-Бағалық. Яғни, бір ауытқу тарихи, дәстүрлік жағдайда әр түрлі бағаланады. Мысалы:әмеңгерлік, қыз алып қашу бір қоғамда оң, ал келесі бір қоғамда теріс бағаланады.
-Ситуациялық. Мысал: кісі өлтіру-бейбіт жағдайда-қылмыс; соғыс жағдайында-ерлік.
Девиация:
-жағымды(позитивті)-мінез-құлықтың ауытқуы көптеген адамдарға оғаш көрінгенімен бірақ оған қоғам тарапынан айырмашылық тудырмауы. Бұған өзін-өзі құрбан ету, бір нәрсеге немесе біреуге шектен тыс беруілу, шектен тыс ынта-жігер, шектен тыс жан ашу сезімі.
-жағымсыз(негативті)-көптеген адамдар тарапынан жақтырмаушылық, айыптаушылық тудыратын девиция болып табылады.
Психиклық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық үдерістерге әсер етеді.
Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір өлшеммен салыстыру іске асады. Мәселелік іс-әрекетті жиі девиантты деп атайды. Девиантты мінез-құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мәдениеттік немесе жалпы қабылданған өлшемнен ауытқу әрекетінің жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет