1. Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау


Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау



бет2/15
Дата12.03.2023
өлшемі52.89 Kb.
#470659
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
АЛЕУМЕТ 1-РК

2. Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау
Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі.

  • Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар).

  • Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы).

  • Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары.

  • Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б.

3. Әлеуметтану пәнінің негізгі құрылымы және қызметтері
Әлеуметтанудың құрылымдық бөлігі танымдық және нәтижелі қызметтің қажеттіліктерімен шарттастырылған және өз кезегінде әлеуметтанудың ғылым ретіндегі көп аспектілі және көп мақсаттылық міндетін сипаттайды.
Макроәлеуметтану ірі көлемді әлеуметтік жүйелер мен тарихи ішкі үдерістерді қарастырады.Микроәлеуметтану тікелей тұлғаааралық әрекеттесуден адамдардың әр жердегі мінез-құлқын зерттейді.
Қазіргі әлеуметтанудың құрылымы арнайы тәсілдемелер арқылы жүреді:
Мазмұндық тәсілдеме үш компоненттің міндетті түрде болуын пайымдайды:

  1. Эмпириялар-әлеуметтік өмірдің шынайы фактілерін жинақтау;

  2. Теориялар-тұтас әлеуметтік жүйе мен оның даму үдерістерін түсіндіретін пікірлер, көзқарастар, болжамдар жиынтығы;

  3. Әдістемелер-әлеуметтік білімдерді жинақтау, жасау, қолдану.

Мақсаттық тәсілдеме -ғылымның ұйымдастырушылық үш тәуелсіз деңгейдің болуына қатысты

  1. Іргелі зерттеулер деңгейі саланың заңдылықтары мен қағидаларын ашып көрсететін теорияларды жасау арқылы ғылыми білімді жетілдіру

  2. Қолданбалы зерттеулер деңгейі тікелей тәжірибелік құндылығы бар мәселелрді зерртеу

  3. Әлеуметтік инженерия-қолданыстағы технологияны жетілдіру арқылы ғылыми білімді тәжірибеде еңгізу

Әлеуметтанудың міндеттерін оның функциялары анықтайды:

  • Теориялық -танымдық қоғам әлеуметтік топтар индививдтер мен олардың мінез-құлық заңдылықтары туралы білімдерді береді.

  • Қолданбалы-тәжірибелік ғылыми және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін нақты әлеуметтанулық ақпаратты береді

  • Әлеуметтік болжау және баұылау-қоғам дамуының ауытқулары туралы ескертеді.

  • Гуманистік-әлеуметтік идеалдарды ,қоғамның ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық ,әлеуметтік-мәдени даму бағдарламаларын әзірлейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет