БИЛЕТ 2
1 ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ НЕГІЗГІ ТҤСІНІКТЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ
. Әлеуметтік саясат – бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы ӛндіру процесіне, еңбек ӛнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін кӛтеруге, ӛндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани ӛміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауыруға шалдығу деңгейін тӛмендететіп ӛндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бӛлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық ӛндірістегі жұмысбастылықты кӛтеруге мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты — қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамассыз ету. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары:
Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу әдістері қолданылады:
- құқықтық реттеу – бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;
- қаржы- несиелік реттеу – қаржы ағындарын реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т.б.)
- жекешелендіру — әлеуметтік саладағы кәсіпорындарды жеке меншікке беру шектелген, ӛйткені мұндай кәсіпорындардың шығындарын кӛпшілік жағдайда мемлекет ӛтейді. Сондай-ақ әлеуметтік саясатта тӛмендегі маңызды ұғымдар қарастырылады
2 Өмір деңгейін болжау
Өмiр сүру сапасын анықтайтын көрсеткіштер:
Тұрмыс деңгей түсінігі адам қажеттіліктерінің құрылымына сәйкес оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктерін сипаттайды. Мұнда материалды қажеттіліктермен қатар рухани және әлеуметтік қажеттіліктер ескеріледі, яғни тауарлар мен қызметтерді тұтыну деңгейін ғана көрсетіп қоймай, орташа өмір сүру ұзақтығын, сырқаттану деңгейін, еңбек ету жағдайын, ақпараттық қамтамасыздық, адам хұқығын қорғауды да қамтиды. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейі, адамның таңдау еркіндігі, мәдени, ұлттық, діни қатынастар да маңызды роль атқарады. Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларында айтарлықтай алшақтық бар. Демографиялық жағдай мен халықтың денсаулығының жай-күйінде проблемалар бар, әзірге оның құқықтық, экономикалық, экологиялық сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі орын алуда. Бұл кедергілерді еңсеру Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу жолындағы басты кезеңдік міндеті болуға тиіс , «Өмір сүру деңгейі» категориясын алғаш рет К.Маркс «Жалақы, баға және пайда» атты еңбегінде енгізілген. Ол осы категорияны халықтың, әлеуметтік топтардың материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі мен деңгейінің әлеуметтік-экономикалық сипаты ретінде қарастырған.Халық саны проблемасының Қазақстан үшін айрықша маңызы Қазіргі таңда әлеуметтік алдын-ала болдаудың мәні зор, өйткені ол –нақты әлеуметтік процестердің дамуының перспективасын ерекше нақтылықпен айтуға қол жеткізіп отыр, сонысымен қоғамдағы көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуге көмегін тигізіп отыр. Алдын-ала болжау биологиялық не әлеуметтік жүйелердің мінез-құлқының арнаулы түсінігі, жалпы теориясы болып табылады және адам практикасы мен жалпы өмірдегі қажетті нәрсе. Адам өзінің алдындағы жоспарлары мен үміттерін құра отырып, өзінің күнделікті өмірінде болашаққа көз жүгіртуге мұқтаж, ол болашақ пен бүгінгіні болжағанда ылғи қорқыныш пен үміт сезімдерін қатар ұстап, соның арасында толқып отырады. Адамға алдын-ала болжау неге керек? Алдын-ала болжау оның дәл қазіргі уақыттағы жай-күйінің анық еместігіне, тұрақсыздығына, оларды шешу үшін оның өткенге, бүгінге, болашаққа ізденіс әрекетін жасауымен байланысты. Алдын-ала болжау әруақытта өткен мен бүгінгі потенцияға, қабілет, ресурстар мен жағдайларға сүйенеді, оның ғылыми және ғылыми емес, эмпирикалық түрлері бар. Сөйтіп, алдын-ала болжау дегеніміз қазіргі кездегі белгісіз не жоқ , бірақ болашақта болуы және зерттелуі мүмкін табиғат құблыстарын, қоғамдық өмірді, психологиялық жай-күйді анықтайтын, сипаттайтын теориялық әрекеттің (қызмет) түрі.бар.
3 Әлеуметтік мемлекеттің Қазақстандық моделі-
қатысу арқылы кәсіптік-техникалық және жоғары білім жүйесінде маңызды рӛл атқарады. Қазақстандық әлеуметтік модельдің одан әрі дамуы мүмкіндіктердің жалпыға ортақ теңдігі және мемлекет, жұмыс беруші мен азамат арасында жауапкершілікті нақты бӛлу арқылы ӛндірістік жұмыспен қамту және инклюзивтік экономикалық ӛсу негізіндеазаматтардың ӛмір сүру сапасының артуын қамтамасыз етеді.Барынша ауқымды орташа тап қазақстандық әділ қоғамның негізіне айналады. Азаматтар үшін олардың ӛзін-ӛзі кӛрсетуі үшін, олардың жеке ұмтылыстары мен меритократияға негізделген тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасалатын болады. Бұл ретте қиын ӛмірлік жағдай туындаған кезде бір де бір азамат мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғаусыз қалмайды.Әділ қоғам құрудағы мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың ынтымақты жауапкершілігінің басты қағидаты міндетті және ерікті сақтандыруды кеңейту арқылы қазақстандық әлеуметтік модель жаңа дамуға бет алады. Қазақстандық әлеуметтік даму моделі мынадай қағидаттар негізінде дамитын болады:
1) елдің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер;
2) ең тӛменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу;
3) әлеуметтік кӛмек кӛрсетудің атаулы болуы немесе оның сараланған тәсілі;
4) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақты жауапкершілігі;
5) тиімді әлеуметтік саясаттың негізі ретіндегі экономикалық ӛсу.
Еліміздің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер
Әлеуметтік игіліктерге (сапалы медицинаға, таза суға, білім алуға, оның ішінде ӛмір бойы қажетті ӛмірлік және кәсіптік дағдыларды алу үшін) қолжетімділікті кеңейту арқылы қоғам барлық азаматтарға олардың жеке әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасауы тиіс.
Әлеуметтік мәртебесіне, жынысына, этникалық тиесілілігіне, туған жеріне қарамастан, ӛмірлік циклдің барлық кезеңдерінде әлеуметтік игіліктер алуға азаматтардың тең мүмкіндіктері болуы тиіс.
БИЛЕТ 3
1 Әлеуметтік саланы қаржыландыру көздері
Әлеуметтік жұмысты қаржыландырудың екі негізгі әдісі
Тікелей қаржыландыру • әлеуметтік жұмысты қаржыландыруға бағытталған кезде тікелей қаржыландыру
Жанама қаржыландыру • жеңілдікті салық салу,жеңілдікті кредит беру,тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің әлеуметтік маңызы бар түрлеріне жеңілдікті баға белгілеу арқылы ақша қаражатын
алуды азайту түрінде жанама қаржыландыру.
1ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІ
Қазақстан Республикасының заңнамалық және құқықтық ақпарттық институтының мәліметіне назар аударсақ, әлеуметтік жұмысты қаржыландырудың бірнеше тәртібін көрсетеді. Атап өтсем:Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздарға төленетін еңбек ақыға заңмен бекітілген тәртіп бойынша салықсалынады.Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбек ақысын, жұмыс беруші, еңбек келісім шартында көрсетілген тәртіп бойынша және атқарылған жұмыстың сапасы мен санына қарай ай сайын төлеп тұрады.Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындалған жұмыс көлеміне қарайтөленеді.Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен түскен түсімдерді әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбек ақысына жұмсаған шығындарының орнын толтыру үшін пайдаланады.
Жұмыс берушінің жұмыссыздарға төлейтін төлем ақы шығыны әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғандарға жергілікті бюджет қаржысынан алты айға дейін орта есеппен жалақыны ішінара толықтырады,бірақ Республика бойынша бекітілген ең аз еңбек ақыдан кем болмауы керек. Жергілікті бюджеттен қаражат жұмысберушілердің есеп шотына аударылады.
Нарықтық экономикада әлеуметтік саланы қаржыландырудың кӛп каналы бар:
1. мемлекеттік және жергілікті қаржыландыру;
2. жеке қаржыландыру;
3. мақсатты несиелеу;
4. қайырымдылық жарналар;
5. шетелдік қаржыландыру.
Қаржыландыру кӛздерінде барлық деңгейдегі бюджеттердің және Мемлекеттік әлеуметтік
бюджеттен тыс қорлардың қаражаты негізгі орын алады. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын
жүргізуге арналған қаржы мынадай баптарға бӛлінеді::
1. әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері және жұмыспен қамту қызметі;2. әлеуметтік кӛмек;3. жастар саясаты;4. әскери қызметкерлердің зейнетақысы;5. зейнетақы мен жәрдемақы, құқық қорғау органдары;6. кӛші-қон саясаты;7. әлеуметтік саясат саласындағы ӛзге де іс-шаралар.. Негізінен, олар салық және сақтандыру түсімдерінің
Достарыңызбен бөлісу: |