Олберс парадоксы: Түнгі аспандағы қараңғылық.
Хаббл заңы: Галактикалардың бір-бірінен алыстап бара жатқанын бақылау арқылы тексеруге болады.
Заттың таралуының біртектілігі.
Толман эффектісі (жылтырдың өзгеруі).
Қашықтық супернова: Оның жарық қисықтарында уақытша кеңею байқалады.
Жарылыс сәтінен кейін әр бөлшек кеңейіп, бір-бірінен алыстай бастады. Мұнда болған жағдай біз әуе шарын үрлеген кездегіге ұқсас болды. Біз көп ауа енгізген сайын, ауа бөлшектері қабырғаға жеткенше көбірек кеңейеді.Теориялық физиктер Үлкен жарылыстың екінші секундында 1-ден басталатын оқиғалардың хронологиясын қалпына келтіре алды. Бөлінген барлық заттар белгілі элементар бөлшектерден құралған. Олардың арасында біз электрондар, позитрондар, мезондар, бариондар, нейтрино және фотондар.Соңғы бірнеше есептеулер сутектің және гелийдің жарылыстың алғашқы өнімі болғандығын көрсетеді. Ауыр элементтер кейінірек жұлдыздарда пайда болды. Ғалам кеңейген сайын Үлкен жарылыстың қалдық радиациясы 3 К (-270 ° С) температураға жеткенше салқындауды жалғастырады. Күшті микротолқынды фондық сәулеленудің іздерін радио астрономдар 1965 жылы анықтады. Бұл әлемнің кеңеюін көрсетеді.Ғалымдардың үлкен күмәндерінің бірі - ғаламның шексіз кеңейетінін немесе қайтадан қысқаратындығын шешу. Қараңғы мәселе онда үлкен маңызға ие.
№ 9 емтихан билеті
1. Ғылым дамуының ішкі және сыртқы жағдаяттары мен шарттары.
Ғылымның мұраты – бар тылсымның сырын айқындау, барлықтың ақиқатын ашу, соның негізінде сол барлықтан заңды түрде туындайтын немесе міндетті түрде шығатын, шыға алатын нәрселерді анықтау. Ғылымдар өмірде жоқ нәрселерді, өмірдің формаларын айнымас заңдылықтардың негізінде болжап, тіпті айқын бейнесін жасап бере алады. Бұл бірақ көбінесе табиғат пен қоғамның бар заңдылықтарына байланысты. Адам ғылыммен құрдан-құр айналыспайды. Адамның өмірі әртүрлі проблемалар және күрделі мәселелермен тығыз байланысты. Оларды меңгеру үшін адамға білім керек, ал осы білімді қалыптастыру ғылыми қызметтің мақсаты. Ғылым тарихшылары ғылымның дамуы жайлы атап өткендей, егер де ғылыми оқулықтарда назар аударған теория мен методтарды фактілердің жиынтығы ретінде қарастырсақ, онда ғалымдарды осы аталған жиынтыққа қандай да азды-көпті үлестерін қосушылар деп бағалау керек болады. Рухани мәдениеттің еш бір саласы қоғамға ғылым сияқты елеулі және динамикалық әсер етпейді. Ғылым – қажеттіліктен туындайтын зерттеу объектісі. Біздің заманымызда ғылым бірден бірнеше пәндер, яғни тарих, әлеуметтану, экономика, психология және т.б. ретінде назарға ұсынылған. Бұлардың ішінде ғылым философиясы және оның тарихы ерекше орын алады.
Ғылым философиясы ғылыми білімнің сипаттамасын, табиғатын, жағдайын ашуды міндет етіп қояды. Ғылым философиясының пәні болып ғылыми білімді қалыптастырушы ерекше қызмет ретіндегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтары мен бағдарлары табылады. Ғылыми – техникалық өркениеттің қалыптасуы мен дамуында ғылым әр кезде жетекші рөлді аткарып келді. Ғылыми танымның даусыз жетікстіктері қоғамдық санада ғылымның өлшеусіз асыра бағалануы мен ғылымға табынудың таралуына алып келді. Ғылымның даму қарқынына деген сенім, белгілі дәрежеде Тәнірге табынуды, сенімді алмастыра бастады, дүние әлемнің және адамзат тұрмысының қалыптасуында барлық түбегейлі мәселелеріне жауап берерліктей дәрежеге жетті. Ғылым жоғары мәдени құндылық ретінде танылды. Сонымен бірге, біздің қазіргі жағдайымыздағы ғылымитехникалық өркениет алдарынан туындаған адамгершілікке қарсы әреккетер ғылымға қарсы белсенді оппозицияны туғызды. Ғылым көп жағдайда қазіргі өркениеттің барлық жаман жақтары мен күнәлеріне жауапты болатын жағдайда қаралып келді. Жаңашыл батыс философиясында белгілі ағым қалыптастырылған, ол өз алдына ғылымды тани білудің ерекшкліктерін және оның әртүрлі салалардағы өзгешеліктерін анықтауды, ғылыми білімнің құрылымы мен динамикасын, ғылымның даму заңдылықтарын айқындауды мақсат етіп қойған. Осы ағым “ғылым философиясы” деген атқа ие болды. Ғылым философиясы шеңберінде бүгінде бірқатар ірі және жетекші орындағы мектептер қалыптасты. Оқу пәні ретінде “ғылым философиясы” Батыста ХІХ ғасырдың аяқ кезінен бастап және ХХ ғасырдың басынан бері жүргізіліп келеді, алғашқыда лингвистикалық философия бойынша курс ретінде, ал бүгінде, “ғылым философиясы” ретінде жүргізіле бастады. Ғылым философиясының негізін қалаушылар, оның ірі өкілдері: Л. Витгенштейн, Томас Кун, И. Лакатос, Э. Гуссерль, К.Поппер. Олар ұзақ жылдар бойы Батыстың ең жетекші университеттерінде сабақ берді.
Достарыңызбен бөлісу: |