1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»


ХІХ-ХХ ғғ. ғылымның бейклассикалық түрлерінің калыптасуы



бет20/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   75
Фил емтихан

2. ХІХ-ХХ ғғ. ғылымның бейклассикалық түрлерінің калыптасуы.
Позитивизмнің бірінші толқыны. О.Конт, Г.Спенсер, Дж.С.Милль, Э.Мах
ХХ ғасырда барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми- техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, әмбебаптық (глобальдық) проблемалардың шиеленісуі, көптеген социалистік елдерде тоталитарлық режимдердің қалыптасып-қирауы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың салдары т.б. Осылар сияқты маңызды оқиғалар, жалпыадамзаттық өркениеттің (цивилизация), мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда, түбегейлі өзгерген философиялық ой тө”ірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді. Солардың бірі – неопозитивизм еді. Неопозитивизм философиялық ағым ретінде 1922 жылы құрылған вена үйірмесінің қызметімен байланысты дүниеге келді. Ол өзінің даму сатысында 3 кезеңнен өтті.
Біріншісі ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары қалыптасқан Огюст Конт (1798-1857 ж), Джон Стюарт Милль (1806-1873 ж.) және Герберт Спенсердің (1820-1903 ж.) Позитивистік ілімдерімен тікелей байланысты. Олардың ілімдері бойынша, ғылым ешқандай философияға мұқтаж емес, сондықтан ол философияның пайдасыз, өздеріне өздері қайшы келетін идеяларынан арылуы қажет. Ал денелер мен құбылыстардың мәні мен шығу себептерін шешемін деп, шеше алмай, қарама-қайшылыққа толған бұрынғы философияның орнына, жаңа позитивистік (шынайы, нағыз, дұрыс деген мағынада) философия жасау керек. Оның негізгі міндеті – сезімдік тәжірибелердің (объективтік нақтылықты емес) деректерін жүйелеу, ғылымдардың нәтижесін тұжырымдап жалпы қорытындылар жасау.
Неопозитивизмнің екінші кезеңі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан эмпириосыншылдық (Э.Мах, Р.Авенариус, Богданов, Базаров т.б.) Ілімімен байланысты. Эмпириосыншылдар позитивистердің ғылымды философиядан бөліп алу идеясын ары қарай жалғастырып, философияның мақсаты - ғылыми деректерді тұжырымдап қорытындылар жасау емес, таным теориясының ғылыми нұсқасын жасау, себебі материализм мен идеализм негізінде қалыптасқан таным теориясы объективті нақтлықты шынайы түрде танып білуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан жаңа таным теориясы мынадай қағидаларға сүйенуі керек: объективті нақтылық дегеніміз “бейтарап” түйсіктердің, элементтердің (бөлшектерді”) комплексі (жиынтығы). Егер бұл “элементтерді” бір-біріне қатынаста қарастырсақ (мысалы, түр мен бояу), онда олар физиологиялық (физикалық) құбылыс, ал оларды аам түйсінуіне байланысты қатынаста қарасақ, онда олар психикалық құбылыстар болады. Оларды адам өз санасына қондырады, осы себептен олар адамны” шын түйсіктері сияқты болып көрінеді.
Неопозитивизмнің үшінші, қазіргі кезеңгі сатысында б.рассел (1872- 1970 ж.), Л. Витгенштейн (1889-1951 ж.), М. Шлик (1882-1936 ж.), Р. Карнап (1891-1970 ж.), А. Айер (1910-1989 ж.), Поппер т.б. ілімдерінің 107 арқасында “логикалық позитивизм”, кейінірек “семантикалық позитивизм” (терминдердің маынасын талдау), ал оның орнына “лингвистикалық философия” (әдеттегі табиғи тілің сөздік айтылуын анықтау) т.б. Сол сияқты неопозитивистік ағымдар дүниеге келді. Логикалық позитивизмнің өкілдері өздерінен бұрынғы позитивистік бағыттағы ойшылдардың “философия шешілмейтін қарама-қайшылыққа толы ілім” деген көзқарастарын әрі қарай дамыта отырып, ол көтерген мәселелер (этикалық, діни, эстетикалық т.б. ілімдерде) шын мәнінде ешқандай ғылыми маңызы жоқ “жалған проблемалар”, “алдамшы сұрақтар” деп жариялады. Себебі, философия теориялық көзқарастарды” жиынтығы емес, ғылымның логикалық - синтаксистік, семантикалық және тіл талдаудан тұратын және осылай алған деректер негізінде әлемді объективті тұрғыдан бөлуге талпынатын, оның адамның санасынан тыс өз-өзінен қалай өмір сүретінін білуге үмітті “метафизикалық” пікірлер мен ұғымдар жиынтығы. Демек, қазіргі философияны” міндеті “метафизикалық” (философиялық) ұғымдар мен сөйлемдерден арылу (б.рассел). Неопозитивистер қандай да болмасын ілімді ғылыми, немесе ғылыми емесиігін ажырату үшін “верификациялау” (сезімдік тәжірибелер мен салыстыру арқылы тексеру) қағидасын қолдануды ұсынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет