1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»



бет3/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Фил емтихан

Орта ғасыр ғылымы.

Антик заманының ғылымы терең құлдырауға ұшырауға байланысты Батыс Европада үзақ уакыт бойы дін ғылым мен философияда, жалпы рухани мәдениетте толық өз үстемдігін жүргізді. "Орта ғасыр" дәуірі деп аталған бұл тарихи кезең, шамамен, біздің жыл санауымыздың IV ғасырының аяғынан бастап XIV ғасырының аяғына дейін созылды, ал ғылым мен рухани мәдениет қайта жандана бастаған XV—XVI ғғ. тарихта қайта өрлеу дәуірі деп аталатыны белгілі. Бірақ дін мен шіркеудің үстемдігі қайта өрлеу дәуірінде де кеміген жок, керісінше, ғылым мен ғылыми көзқарасқа қарсы жанталаса күрес жүргізе берді. Соның бір көрінісі — 1600 ж., қайта өрлеу дәуірінің ең соңғы жылында, дүниеге ғылыми көзқарасынан қайтпағаны үшін италияндық ғалым Джордано Бруноны дін иелері ел-жүрттың көзінше Римнің орталық алаңында өртеп жіберді. Христиан дінінің инквизиция сотының құрбаны болған есімі белгісіз жандар қаншама! Қысқасы, XVII ғ. дейін үстем идеология діни идеология болғаны, ғылым да, философия да, өнер мен мораль да, ягни қоғамдық сананың барлық формасы дінге толық бағынғаны белгілі. Сол себепті де антик заманының философиялық мүрасы XII ғасырдың аяғына дейін Европа жүртшьглығына белгісіз болып келді, ал содан кейін ол философиялық мүрамен танысқан соң оны христиан дінінің қагидаларын негіздеу үшін пайдаланды: дін иелері жаратушы қүдайдың болмысын негіздеу үшін философиялык дәлелді қажетсінді. Философияға діни үғымдар көптеп ене бастады. Сондықтан ортағасырлық Европа философиясының өзіне тән бір ерекшелігі оның монотеистік-діни көзқараспен тығыз байланыстылығында болды. Осы мақсатта аса ірі шіркеу иесі Августин алғашында Платон мен жаңа платоншьглардың идеяларын пайдаланса, кейіннен "ақиқат философия мен ақиқат дін — бір нәрсе" деген қағиданы дәлелдеу үшін Аристотельдің бүрмаланған ілімін пайдаланды. Діни догмаларды дәлелдеу барысында ортағасырлык философтар жеке мен жалпының арақатынасы проблемасына, яғни жеке нәрселер алғашқы ма, өлде жалпы үғымдар (универсалийлер) алғашқы ма деген проблемалық сүраққа тап болды. Бұл сүрақтың төңірегіндегі негізгі тартыс реалистер мен номиналистер арасында болды. Номинализм бағытынын негізін салған И.Росцелин (1050—1112) сезім мүшелері арқылы қабыдданатын жеке-дара заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы үғымдар бір-біріне үқсас жеке заттарды белгілеу үшін қабыл алынған атаулар, яғни потіпа ғана деді. Оған қарама-қарсы реалистер универсалийлер немесе жалпы үғымдар тек объективті түрде ғана өмір сүрмейді, олар сондай-ақ жеке заттардан бұрын бар, алғашқы бастама деп дөлелдейді. Сол кездегі әйгілі дін иесі Ансельм Кентерберийский (1033—1109) мен белгілі теолог Фома Аквинский шегіне жеткен реалистік көзқарасты жақтады. Номиналистер реализмнің универсалийлік пікірлерін сылай отырып, белгілі бір дәрежеде дүниетанудың ғылыми теориясын жақтады, табиғатты зертгеуді қодцады. XIV ғасырда бұл идеяларды белгілі номиналист-философтар Уильям Оккам (1285-1349), Дуне Скот (1265-1308) және басқалар әрі қарай дамытты. У.Оккамның көп күш салуының нәтижесінде білімнің сенімнен ақтық бөлінуіне қол жетті. Оның пікірінше, қүдайдың бар екенін және оны танып білуге болатынын ойлау мен білім қалай дәлелдей алмаса, діни сенім де, дәл сол сияқты, ғылыми білім алу процесіне араласа алмайды. Бұл пікірден туатын практикалық қорытынды — ғылымды шіркеудің ықпалынан босатуды талап ету. Табиғатты танып білу, зерттеу тікелей қабылдау мен абстракциялық ойлауға сүйенген тәжірибе әдістерінің көмегімен іске асуы тиіс. Алайда, бұл ойлау схоластика мен түрліше "жасырын сапалардан", формалардан, метафизикалық себептер мен мәндерден аулақ болуы тиіс деген талап кояды Оккам. Табиғат қүбылыстарын түсіндіру үшін бұл сияқты жасырын сапалар мен мәндерді схоласт философтар мен натурфилософтар үсынады. Дәл соларға ашық қарсы шыға отырып, Оккам кейіннен көпшілікке әйгілі болып кеткен: "қажетсіз мөндерді көбейте бермейік!" деген принципін үсынды. Ортағасырлық номинализмнің аса көрнекті өкіліне айналған У.Оккам шындыгында тек жеке заттар ғана өмір сүреді деген көзқарасты табанды түрде қорғады. Ал универсалийлер немесе жалпы үғымдар белгілі бір түрғыдан алғанда өзара үқсас нәрселерді белгілеу үшін қабыл алынған терминдер, шартты белгілер және сөздер болып табылады деді ол. Орта ғасыр түсында Батыс Европада және Таяу Шыгыс елдерінде айтарлықтай дамыған ғылым, монастырлық мектептер мен университеттерде оқытылған логика болды. Ол риторикамен бірге тіпті монастырлық мектептерде де міндетті түрде оқылатын пән болды. Ал XII ғасырда пайда болтан университеттерде әлдеқайда кенірек оқьпыдды. Сондай университеттердің қатарына Париж университеті (1200 ж. ашылған), Италияда Неапол, Болонья университеттері, Англияда Оксфорд, Кембридж университеттері т.б. жатады.Ортағасырлық логика Аристотельдің силлогизмдік логикасына негізделді, бірақ схоластиктер оны өз мақсатына сойкес өндеп қолданды. Аристотельдің логикалық идеяларыл творчестволық түрғьщан пайданлану үшін алғашқы әрекеттер XIII ғасырда ғана жасалды. Антик заманының философиясы мен логикасы Батыс Европа жүртшылыгына XII гасырдың аяғына дейін белгісіз болып келген болса, ал Таяу Шыгыс пен араб елдеріне олар орта ғасырдың алғашқы VIII—XI ғасырларында-ақ белгілі бола бастады. Оның бірінші себе-бі — Рим империясының қудалауынан қашқан грек оқымыстылары бас пананы Персиядан және басқа елдерден тапты. Екінші себебі — шығыста Индиядан бастап, батыста Испанияға дейінгі, оңтүстікте Мысырдан бастап, солтүстікте Түркістан, Кавказға дейінгі кең алқапта күшті теократтық мемлекет — Араб халифаты құрылды. Араб жазушылары қол астындағы елдерге күштеп мемлекеттік араб тілі мен ислам дінін енгізді. Дамыған өз мәдениеті бар ол елдерде енді араб тілі мемлекеттік діни тілге айналғаннан кейін, араб тілін білетін адамның беделі өлшеусіз артты, өйткені жаратушы қүдайдың сөзі деп жарияланған құранды, сол сияқты бес мезгіл намазды да (тек араб тілінде гана оқуға) болатын еді. Ал мүсьглмандар дүниесінде де барлық ғылымдардың ішінде теология бірінші орында түрды. Теология алғашында құранға түсіндірме беру түрінде пайда болды да кейіннен арнайы діни догмалар жүйесі жасалды. Дәл осы мақсатта Аристотельдің логакасын білу қажеттігі туды. Аристотельдің логикасы ислам дініне қызмет ету үшін, оны схоластикалық логикаға айналдырып аудару қажет болды, Батыста Аристотельдің логикасы қалай христиан дінінің схоластикалық логикасына айналдырылса, мүнда мүсылман дінінің логикасына айналдырылды. Араб тілді философияда логика дүрыс ойлаудың ережелерін белгілейтін практикалық ілім ретінде түсінілді. Міне осы жагдайлардың бәрі ертедегі грек философиясы мен логикасының араб тілдес шыгыс елдеріне VIII—XI гасырларда енуіне себеп болды. Діни догмаларды дәлелдеу барысында ортағасырлық философтар жеке мен жалпының арақатынасы проблемасына, яғни жеке нөрселер алғашқы ма, әлде жалпы үгымдар (универсалийлер) алғашқы ма деген проблемалық сүраққа тап болды. Бұл сүрақтың төңірегіндегі негізгі тартыс реалистер мен номиналистер арасында болды. Номинализм бағытының негізін салған И.Росцелин (1050—1112) сезім мүшелері арқылы қабылданатын жеке-дара заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы үғымдар бір-біріне үқсас жеке заттарды белгілеу үшін қабыл алынған атаулар, яғни потіпа ғана деді. Оған қарама-қарсы реалистер универсалийлер немесе жалпы үғымдар тек объективті түрде ғана өмір сүрмейді, олар сондай-ақ жеке заттардан бұрын бар, алғашқы бастама деп дәлелдейді. Сол кездегі әйгілі дін иесі Ансельм Кентерберийский (1033—1109) мен белгілі теолог Фома Аквинский шегіне жеткен реалистік көзқарасты жақтады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет