1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»


Араб-мұсылман елдеріндегі ғылым



бет6/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Фил емтихан

2. Араб-мұсылман елдеріндегі ғылым.Араб өркениеті— ислам дінін ұстанып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және басқа да халықтар өркениеті. Ғылымда «араб мәдениеті» деген атпен белгілі. Орта ғасырларда Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Еуропада өркен жайған. Ғылымды дамытуға және оны басқа елдерге таратуға тікелей әсер еткен араб өркениеті Батыс, Оңтүстік және Солтүстік Арабияда туып, қалыптасты. Бұрын сабей тілінде сөйлейтін Оңтүстік Арабия халқының көне мәдениеті, өзіндік жазуы болған. Сирия, Ливан, Палестина, Ирак елдеріндегі арамей халықтарының мәдениеті сияқты сабей мәдениеті де араб өркениетінің дамуына негіз болды. 4 ғасыр шамасында пайда болған араб жазуы, арамей жазуының дамытылған түрі еді. Шапқыншылық соғыстар нәтижесінде ұлан байтақ империяға – халифатқа айналған Арабиядағы қатынас құралы осы жаңа жазуы бар араб тілі болды. Исламды енгізген Мұхаммед пайғамбардың уағызы бойынша барша қауым осы жаңа дінді мойындай отырып ілгері дамуға, жаңа аймақтарға осы бағыттың артықшылығын түсіндіруге, уағыздауға тиіс болды. Халифат құрамына Шығыс, Солтүстік Африка, Ирак, Ауғанстан, Пиреней түбегінің басым бөлігі, Кавказдың оңтүстігі мен Солтүстік-Батыс Үндістан кірді. Осы жерлердегі халықтардың мәдениетімен қоса көне грек, эллин, рим, үнді мәдениетінің жетістіктерін бойына сіңірген, анағұрлым озық мәдениет жасалды. Оған парсылар, сириялықтар, Орта Азия мен Кавказ халықтары зор үлес қосты. Мұсылман әлемінде ғылым – ерекше құрметке ие құндылық. Ертедегі ислам мемлекеттерінде патшалар танымал дін қайраткерлерін қамқорлығына алды, қабілетті ғалымдардың жұмыс істеуіне мүмкіндіктер жасап берді. Ерте кезден-ақ ислам әлемінің барлық қалаларындағы мешіттер мен медреселерде біртіндеп кітапханалар салына бастады. Бұл іс ислам әлемінің білім алуға қаншалықты деңгейде көңіл аударғанын аңғартса керек. Мұсылман елдерінің саяси-қоғамдық өмірінде философтар мен ойшылдар маңызды рөл ойнағанын тарихтан білеміз. Мұсылман ойшылдары қоғамдық пікірге ықпал етті және көптеген мемлекеттік маңызы бар шешімдердің қабылдануына түрткі болды. Әбул Әсуад әд-Дуали былай деген еді: «Патшалар адамдарды басқарады, ал патшаларды ғалымдар басқарады». Бұл сөз билеушілердің білім иелеріне жүгінгенін аңғартады. Ғұламалар тұщымды ойлары мен нәрлі сөздері арқылы қарапайым халыққа да ақылшы болып отырды. Ислам әлемінде орта ғасырларда болған ғылым жетістіктері қоғамның білім деңгейіне де әсер етті. Ойшыл-философ әл-Кинди, математик әл-Хорезми, дәрігер, ақын Ибн Сина, математик, астроном әл-Баттани, екінші ұстаз әл-Фараби т.б. даналар мұсылман әлемінен өсіп өнген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет