№1 емтихан билеті


Қазақстандағы қалдықтарды басқару облысында қазіргі жағдайды төмендегідей мәселелермен



бет8/47
Дата12.05.2023
өлшемі0.69 Mb.
#473629
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Управление отходами

Қазақстандағы қалдықтарды басқару облысында қазіргі жағдайды төмендегідей мәселелермен сипаттауға болады:

  • тарихи өндірістік қалдықтардың мұрасы. Өткен онжылдықта ауыр өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және пайдалы қазбаны өндіргеннен көп көлемді қалдық жиналған. Оның үстіне қалдықтың көп бөлігі улы және радиоактивті.

  • қалдықты жинаудың, қайта кәдеге жаратудың және өңдеудің инфрақұрылысының дамуының артта қалуы.

  • өндіріс пен адамның өмірлік істерінен қалатын қалдықтарының жыл сайын артып отыруы.




  1. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау талаптары.

Қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар кодексте былай деп жазылған:
1. Қауіпті қалдықтардың құралуы мен олардың тасымалдануы барынша азайтылуға тиіс.
2. Қауіпті қалдықтарды мынадай жағдайларда: 
1) қауіпті қалдықтар тасымалдау мақсатында тиісті түрде орап-буылған және таңбаланған болса;
2)арнайы жабдықталған және арнаулы белгілермен жарақтандырылған көлік құралдары бар болса;
3) қауіпті қалдықтардың паспорты және тасымалданатын қауіпті қалдықтардың саны, оларды тасымалдау мақсаты мен межелі орны көрсетілген, қауіпті қалдықтарды тасымалдау мен беруге арналған құжаттама бар болса;
4) қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезінде қойылатын, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарына қойылатын қауіпсіздік талаптары сақталса, тасымалдауға жол беріледі.
3. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау мақсатында буып-түю және таңбалау тәртібі Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасында белгіленеді.
4. Қалдықтарды көлік құралдарымен тасымалдау тәртібі, тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар және экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі басқа да талаптар көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитарлықэпидемиологиялық қызметі саласындағы мемлекеттік органмен келісілген нормалар мен ережелерде айқындалады.
5.Қалдықтар көлік құралына тиелген және қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға оларды қабылдап алған кезден бастап олар белгіленген жерде көлік құралынан түсірілгенге дейін осы көлік құралы тиесілі көлік ұйымы немесе адам олармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін жауапты болады.

5 ЕМТИХАН БИЛЕТІ







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет