Қазіргі таңдағы тұрмыстық қалдықтар мәселесі
Жыл сайын планетада 2млрд т яғни 70% -ға артық қалдық қалдыратын болады. Бүгінгі таңда 1 адамға орташа есеппен күніне 0,74 кг қоқыс келеді.1950жылдан 2020 жылға дейін шамамен 6,3 млрд т пластик өндірілді оның тек 9% қайта өңделіп, 12% өртелді
Жыл сайын мұхиттарда 5-12 млн т дейін пластик түседі. Тынық мұхитында қазірдің өзінде аумағы Франциядан 3 есе үлкен қоқыс аралы бар.
Планетаның пластикалық ластануы негізгі проблемасы - микропластика, ол мұхиттың барлық қалыңдығында кездеседі. Жәнеде ауада , суда , тамақтарда кездеседі.
Соңғы деректер бойынша әлемддік мұхит суларына жыл сайын 13 млн т пластикалық қалдықтар, яғни пакеттер бөтелкелер қаптамалар контейнерлер және т.б түрлермен ластанады. Көшбасшы елдер - Қытай , Филиппин, Индонезия, Ветнам. Бұл елдерде барлық пластикалық қалдықтар көшелерге, полигондарға, өзендерге каналдарға, және мұхитқа тастайды.
Мұхиттың жоғарғы қоректік қабатын ластайтын микробөлшектер теңіз фаунасына химиялық және биологиялық зиян келтіреді.
Қазақстандағы жалпы қатты тұрмыстық қалдықтардың (бұдан әрі, ҚТҚ) барлық көлемі шамамен 100 миллион тоннаны құрап отыр. Бұл дегеніміз жылына 5-6 млн тонна түзілуде. Сарапшылардың есептеуінше, 2025 жылға қарай бұл сан жылына 8 млн тонна дейін өсуі мүмкін. Бұл қалдықтардың барлығы екіншілік өңдеуге жіберілмей полигондарда қалып жатыр. Аймақтар бойынша әрбір тұрғынға жылына 80400 кг шамасында қатты тұрмыстық қалдықтардың мөлшері жинақталып отыр. Қазақстандағы полигондардың жай-күйі өте нашар, олардың 97% табиғатты қорғау және санитарлық заңдылықтардың талаптарына сәйкес келмейді
Қазақстандағы қалдықтарды басқару мәселесі
Қазір республикамызда 6325 елді мекеннің 4525-інде ғана ҚТҚ мен күл-қоқыс төгілетін арнаулы бөлінген полигондар бар. Оның 6,8 пайызы немесе 307-сі ғана заңдастырылған.
Республикамыздағы 6325 елді мекеннің 25 пайызында немесе 1558 елді мекенде ғана ҚТҚ мен күл-қоқысты арнаулы полигондарға таситын кәсіпорындар бар. Ал қалған 75 пайызы немесе 4767 елді мекенде күл-қоқыс үй іргесінде немесе елді мекен маңында шашылып жатыр.
Жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар.
Зиянды қоқыс шығаруда Қарағандының тау-кен және кен байыту кешендері (29,4 пайыз) бірінші орынды иеленсе, Шығыс Қазақстан облысы (25,7 пайыз) екінші орынды, ал тиісінше 17,0 пайыз және 14,0 пайыз қоқыс «өндіретін» Қостанай мен Павлодар облыстары үшінші орынды бөліседі. Қоршаған ортаны ірі ластаушылар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Жәйрем КБК» АҚ, «Теміртау электр-металлургиялық комбинаты» АҚ (бұдан әрі - «ТЭМК» АҚ), «Караганда Энергоцентр» ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-2), «Централ Азия Цемент» АҚ, «ШұбаркөлКөмір» АҚ, «Қазақмыс Энерджи» ЖШС, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС, «Монополи ССА» ЖШС кәсіпорындары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |