1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет17/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Эпизоотологиялық деректер. Оқыра Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Бұл ауруға ірі қара жаздың ыстық күндерінде шалдығады. Оған əсіресе жас мал бейім. Ересек малда балапан -құрттар саны бірен-саран ғана болады. Кейбір жеке шаруашылықтарда мал оқыраға қарсы тиісті шаралардан тыс қалып қояды да, келесі жылдары кеселдің таралуына əсерін тигізеді. Сондай-ақ, оқыра аруымен күрестің тағы бір қиындығы бұл жəндіктердің өсімталдығы. Бір ұрғашы бөгелек 2-3 аптада 800 дейін ұрық (жұмыртқа) шашып, 30-40 малды ауруға шалдықтырады.
Аурудың сырт белгілері. Ұшып жүрген бөгелектің ызыңынан қорыққан мал тынышсызданып, жөнді жайылмай мазасызданады, қораға, көлеңкелі жерге, шілік ішіне қашады немесе белуарынан суға түсіп тұрады. Осының əсерінен мал арықтайды, сауын сиырлардың сүті кемиді. Бірақ бөгелектің ұрғашылары малды қуып жүріп (H. bovіs) немесе олардың жайылымда жатқан жерінде (H. lіneatum) терінің түгіне жұмыртқаларын жапсырып кетеді. 3-7 тəуліктен кейін жұмыртқалардан шыққан балаң - құрттар теріге енгенде мал ауырсынады. Терінің шелі ісінеді, балаң - құрттар жұлынға не өңешке барғанда, ал кейін арқа терісі астына жеткенде клиникалық белгілері айқын білінеді. Жұлынға барған балаң - құрттар шонданай жүйкесін жартылай салдандырады. Сондықтан жатқан мал орнынан əрең тұрады, жүргенде арт жағы шойқалаңдайды. Ал, өңеші зақымдалып, эзофагитке ұшыраған мал жемшөпті əрең жұтады, кейде өңеш тығындалып қалуы мүмкін. Аурудың кейінгі сатысында малдың жотасы мен белінде кішірек түйіндер пайда болады. Сонан соң олар үлкейіп, ортасында тесігі бар төмпешікке айналады. Балаң -құрттар өскен сайын төмпешік ішінен жалқаяқ шығып, маңындағы түкті желімдеп тастайды. Жалқаяқтың əсерінен малдың арқасы жасыл сары түске боялады. Төмпешік қолға қап-қатты, аздап ыстығы бар, басып көргенде мал ауырсынады. Бір малдың арқасында орта есеппен 50-150 балаң -құрттар болуы мүмкін. ІІІ сатыдағы балаң -құрттар жерге түскен соң, арқадағы төмпешік біртебірте дəнекер ұлпамен бітеліп жазылып кетеді. Бірақ мұндай терінің сапасы өте төмен болады. Себебі теріні өңдегенде төмпешік тесігін толтырған дəнекер ұлпа тығын тəрізді шығып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет