1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет16/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Гиподерматоз (Hypodermatosis) - оқалақ балаңқұрттар тудыратын, жалпы организімнің улануы жəне жануарлар қоңдылығының төмендеп паразит орналасқан жерлердің қабынып өзгеруімен сипатталатын жануарлардың созылмалы ауруы. Ірі қараның тері астын мекендейтін, Hypoderma туысына жататын бөгелектердің балаң құрттары қоздыратын энтомоз ауруы. Негізінен ірі қара мал (оның ішінде қодас, өркешті бұқалар, буйволдар) ауырады, жылқылар сирек ауырады. Ірі қара малында Hypoderma bovis - жай тері асты бөгелегінің балаңқұрттары жəне Н. Lineatum- оңтүстік тері асты бөгелегі (өңештік) паразитті өмір сүреді. Жануарлар организімінде оқалақ балаңқұрттарының тоғышарлық етуімен шақырылатын ауру. Жыныстық толық жетілген жəндіктер араларға ұқсас. Денесі қалың сары, сарғыш немесе қара түкті.
Қоздырғышы. Гиподерматоз ауруының екі қоздырғышы бар:
Hypoderma bovіs- кəдімгі сиыр бөгелегі жəне
H. lіneatum - өңеш бөгелегі. H. bovіs бүкіл Қазақстан көлемінде, ал H. lіneatum Қазақтанның оңтүстік-шығыс аймақтарында кездеседі, сондықтан оны о
ңтүстік бөгелегі деп те атайды.
Hypoderma bovіs-бөгелегінің имаго кезеңінде дене тұрқы 13-15 мм. Денесі түкті, басындағы түгі сары түсті, күрделі екі көзі мен төбесінде нүкте тəрізді 3 қарапайым көздері жəне екі қысқа мұртшалары бар. Ауыз мүшелері толық жетілмеген, өйткені олар қуыршақ жəне имаго сатысында қоректенбейді. Кеудесінің алдыңғы жəне артқы жақтары ашық сары түкті, ал ортасы қара түсті. Құрсақ жағы орта шенінде қара түкті, арт жағында қызғылт сары түкті. Қанаттары ашық көгілдір түсті.
Hypoderma lіneatum- дене тұрқы сəл кішірек-11 мм. Оның құрсақ жағының алды сары түкті, арты - қызғылт сары түкті, ал қанаттары қоңыр түсті. Кеудесі 3 буылтықтан, ал құрсақ жағы 5 буылтықтан құралған. Оның 3 жұп аяқтары, қос қанаты бар. Жетілмеген екінші жұп қанаттары ызылдауық үн шығарады.
Өсіп-өнуі. Оқыра бөгелектерінің өсіп-өнуі бір-біріне ұқсас. Олардың ұрғашылары ұрықтанған соң ірі қараның шабына, аяқтарына көптеген жұмыртқа салады.
H. bovіs ызыңдап ұшып жүріп, малдың түгіне жұмыртқаларын желімдеп кетеді, ал H. lіneatum ешбір дыбыссыз, жатқан малға жасырын келіп, жұмыртқаларын жабыстырып кетеді. Бір бөгелектің ұрғашысы 800-ге жуық жұмыртқа салады. Қолайлы жағдайда (30-320С жылылықта) бөгелек жұмыртқаларынан 3-7 күн ішінде балапан-құрт түзіледі. Жұмыртқалардан шыққан І сатыдағы балаң-құрттар тұмсығымен теріні тесіп, ет пен терінің арасына енеді. Сонан соң
H. bovіs балаң-құрттары ірі қан тамырлары мен нервтерді байлап, малдың жотасына қарай жылжиды. Мал жотасына жеткен соң омыртқа аралық ұлпаға еніп, жұлынның майлы қабатына орын тебеді. Ал тері астына енген H. lіneatum балаң-құрттары өңешке жылжып, өңештің кілегей қабатының астына барып орнығады. Өңеш пен жұлында балаң-құрттар 5-6 айдай мекендейді. Сонан соң олар ірі қараның жотасы мен бел тұсына қарай жылжып орын ауыстырады. Тері астына жеткен І балаң құрттың маңына дəнекер ұлпадан қабықша түзіледі. Балаң-құрттардың бұдан əрі дамуына оттегі керек. Сол себептен де олар теріні тесіп алады. 1-8 тəуліктен соң олар түлеп, ІІ сатыдағы балаң-құртқа айналады. Бірнеше тəуліктен соң ІІІсатыдағы балаң -құрттар түзіледі. Бұл сатыдағы балапан -құрттар өте ірі, олардың тұрқы 28 мм дейін - H. bovіs 24 мм - H. lіneatum. Күн əбден жылынғанда бұл балаң -құрттар терідегі тесік арқылы жерге түсіп, 1-2 тəулік ішінде топыраққа еніп, қуыршақ сатысына айналады. Қуыршақтан 20-40 тəулікте бөгелектің ересектері дамып, қанаттары кепкен соң ұша бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет