1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет18/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Анықтау тəсілдері. Қыстың аяғында гиподерматозға шалдыққан малды қарап зерттейді, арқа жотасының екі жағын алақанмен сипап немесе саусақтарымен басып барлау жасайды. Мал жотасының екі жағын сипағанда, шоқтықтан бастап құймышаққа дейінгі аумақты қамту шарт. Мұндайда ІІ немесе ІІІ сатыдағы балаң - құрттарды түгел сипап санап шығуға да болады. Бір малдан табылған балаң - құрттардың саны инвазияның интенсивтілігі (ИИ) болып табылады. Процент есебінен көрсетілген табындағы ауру малдың саны-инвазияның экстенсивтілігі (ИЭ) деп аталады. ІІІ сатыдағы балаң - құрттарының түрін ажырату үшін олардың перитремасын зерттеу қажет. H. bovіs балаң - құрттарының перитремасы (тыныс алаңы) шұңғыл - “воронка” тəрізді, ал H. lіneatum балаң -құрттарының перитремасының шұңғылы жоқ теп-тегіс.
Емі. Оқыраға қарсы күресті оның балаң-құрттарының І сатысына қарсы бағыттау тиімді. Ол үшін жүйелік əсер ететін фосфорорганикалық инсектицидтер: гиподермин-хлорофос, хлорофос, амидофос, сульфидофос, гиподермацид жəне т.б.қолданылады. Соңғы кездерде шет елдік дəрілер – ивомек, Цидектин, фасковерм жəне аверсектер де қолданылып жүр. Негізгі емді күз айларында бөгелек ұшуы тоқтаған кезде жүргізеді. Гиподермин- хлорофос дайын дəрі. Ол хлорофостың 11,6 % майлы-спиртті ерітіндісі. Дəріні қолдану мөлшері: тірілей салмағы 200 кг-ға дейінгі төлге- 16 мл, салмағы 200 кг-нан артық малға-24 мл.
Гиподермин-хлорофосты малдың арқа жотасының екі жағына арнаулы аспап-дозатормен АД-І немесе инесіз шприцпен, шоқтықтан құйымшаққа қарай сорғалата құю керек. Дəрі жотаның екі жағына тең бөлініп құйылады. Егер көктемгі мал дəрігерлік байқауда оқырасы бар мал 1 %-тен артық болса, онда дəл осындай емді қайталап қолдану шарт. Оқыраға шалдыққан бірен-саран малды 4 % хлорофос ерітіндісімен де емдеуге болады. Ол ерітіндіні бір малға 200-250 мл мөлшерінде арқаның шодырайған жерлеріне еппен ысқылайды. 188 Ертерек химиялықтерапия жүргізу мақсатымен 40 мг/кг мөлшерінде 5 % амидофос эмульсиясы до жоғарыда көрсетілген əдіспен қолданылады. Сондай-ақ, сульфидофос-20 мына мөлшерде қолданылады: тірі салмағы 200 кг-ға дейінгі төлге – 5 мл, салмағы 200- 400 кг малға –10 мл, ал салмағы 400 кг-нан артық болса-12 мл Көктемде малды 1 рет мал дəрігерлік байқаудан өткізу шарт. ІІ жəне ІІІ сатыдағы балапан-құрттармен зақымданған малды гиподерминхлорофос, амидофос немесе сульфидофос-20 дəрілерінің біреуімен емдейді. Шет елдік дəрі-ивомек тері астына малдың əр 50 кг тірілей салмағына 1 мл-ден қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет