1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет42/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Dermacentor (тері кескіш кене)
Dermacentor туысына жататын кенелер жылқының пироплазмоз (қоздырғышы Pіroplasma caballі) жəне нутталиоз (қоздырғышы Nuttallіa egyі) ауруларын тасымалдайды.Бұл туысқа жататын кенелердің 6 түрінің ішінде Dermacentor margіnatus жəне D. pіctus деген түрлерінің эпизоотологиялық маңызы бар.
Dermacentor туысына жататын кенелердің тұмсығы қысқа, түбі төрт бұрышты, жотасында, екінші аяқ тұсында көздері бар. Денесінің үстіңгі жағы қоңыр түсті болғанымен күміс реңді. Сондықтан бұл кенелерді басқаларынан тез айыруға болады.
Ересек, яғни имаго сатысындағы Dermacentor кенелері жылқы, ірі қара мал, ешкі, қой қанын сорады.Ал,балапан- кене жəне нимфа сатыларында ұсақ кеміргіштерді талайды.Бұл кенелер жануарларға көктем жəне күз айларында жабысады.Ересек кенелер 2-3 жылдай аштыққа шыдайды.1 жылдың ішінде бір ұрпағы өсіп-өнеді.
Dermacentor margіnatіs үш иелі кене.Олар жылқының пироплазмидоз ауруларынан басқа ірі қара малдың анаплазмозын (қоздырғышы Anaplasma margіnale), қойдың анаплазмозын (A.оvіs) жəне тейлериозын (қоздырғышы Theіlerіa recondіta), сондай-ақ кеміргіштердің туляремия ауруларын тасымалдайды. Кененің бұл түрі Украина, Молдавия, Қырым, Қазақстан, Орта Азия республикаларында, сондай-ақ Батыс жəне Шығыс Сібірдің Оңтүстік бөлігінде кездеседі.
Dermacentor pіctus түрі де үш иелі кене.Ол жылқының пироплазмидоздарынан басқа - ит пироплазмозын (қоздырғышы Pіroplasma canіs), ірі қара малдың анаплазмозын жəне жылқының энцефаломиелит ауруы жəне омбы геморрагиялық қызбасының вирусын тасымалдайды.
41. Кенелер коллекциясынан Hyalomma туысы кенесін тауып, сипаттаңыз.
Hyalomma (шыныкөз) Аш кененің дене тұрқы 2-9 мм., тұмсығы ұзын, көздері жоқ, фестондары анық көрінеді. Аналдық жырашығы анал тесігінің алдыңғы жағынан өтеді. Аталық кенелерді үш жұп бауыр қалқаншалары бар. Перитремаларының сырт пішіні әртүрлі. Аяқ буындарының қосылған тұсында ақтаңбалы сақина тәріздес дақтар анық байқалады .Бұл туыстықтағы кенелерді 22-28º С температурада өсіреді.Boophilus, Hyalomma scupense кенелерінің балаңқұрттары ірі-қара қанын жақсы сорады, ал H. plumbeum - тауық қанына құмар. Сондықтан, кенелерді өсіргенде, олардың телімді иелерін білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет