1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым


Ірі қара трихомонозы, емі және алдын алу шаралары



бет70/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   98
паразит экзамен ответ 1

83. Ірі қара трихомонозы, емі және алдын алу шаралары

Ірі қара трихомонозы - жыныс ағзаларын мекендейтін қарапайымды


паразит Trіchomonas foetus қоздыратын жіті немесе созылмалы ауру.
Қоздырғышы Tr.foetus - пішіні алмұрт, ұршық тәрізді, ал кейде
дөңгелек, сопақша келген, ұзындығы орта есеппен 12-18 мкм және ені
3-10 мкм. Паразиттің цитоплазмасы көпіршік тәрізді, ядросы ортасында
денесіне тірек болатын өзегі бар (аксостиль).
Емі. Ең алдымен ауру малдың күтімі мен жемі жақсартылады.
Трихомоноздың алғашқы сатысында жүргізілген ем жақсы нəтиже
береді. Жатыр етін сергітіп, ішіне жиналған жалқаяқты шығаруға себеп
болатын дəрілер (питуитрин, синэстрол) қолданылады. Малдың қорғаныс күштерін үдету аутогемотерапия (өз қанымен емдеу)
жүргізіледі.
Алғашқыда ауруға шалдыққан сиырдың жыныс мүшелерін
глицеринге не суға ерітілген 8-10 % ихтиолмен, суға ерітілген йодпен
(1:500), флавакридинмен (1:1000) резеңке түтікше арқылы жуып шаяды,
ал бұлшық етке 80-150 мл мөлшерінде 3 рет метронидозолдың
(трихопол) 1 % ерітіндісі егіледі. А.А.Сунайкин жатыр ішін нитрофуран
қоспасымен (0,1 фуразолидон, 0,2 г фурацилин жəне 1000 мл
физиологиялық ерітінді) шаюды ұсынады. Қолданар алдында қоспаны
қайнатып, суыту қажет.
Аурудың созылмалы түрінде аралас ем қолданылады. Жалпы ем
ретінде 0,5 % прозерин немесе 1 % синэстрол 3-4 мл мөлшерінде күн
ара 2 рет қолданылады. Мұның артынан қынап пен жатыр 500-600 мл
зарарсыздандырғыш ерітінділерімен шайылады.
Бұқаларды емдегенде мынадай 6 күндік ем нəтиже береді.
Алғашқыда арасына 2 күн салып, тері астына 1,5-2 мл фурамонның 1 %
ерітіндісі егіледі. Сонан соң 4 рет бұлшық етке фуразолидонның балық
майына жасалған қосындысы малдың əр 100 кг салмағына 10-мл-ден
егіледі. Сонымен қатар күн сайын күпек ішін 60-70 мл нитрофуран
қоспасының судағы ерітіндісімен шайып отыру шарт. Бұдан кейін 10-12
минуттан соң күпек ішіне 25-30 мл фуразолидонның 5 % майлы
эмульсиясы енгізіліп, күпек сыртынан уқаланады.
Алдын алу жəне күресу шаралары
Шаруашылық субъектілерінде, малдарда трихомоноз ауруын
болдырмау мақсатында инвазия қоздырушысының енуін алдын алуды
қамтамасыз етуші шаралар жүргізіледі, малдарды ұстаудың, азықтан-
дырудың жəне күтудің ветеринариялық-санитариялық ережелері қатаң
сақталуы тиіс.
Малдарды тек ірі қара трихомонозынан қолайлы шаруашылық
субъектілерінен алып келуге рұқсат етіледі.
Шаруашылық субъектілеріне түқымдық немесе пайдалану мақса-
тында əкелінген бұқалар (жас бұқалар), сонымен қатар сиырлар мен
ұрықтанатын қашарларды карантинде 1 ай ұстап, трихомонозға 10 күн
сайын 3 рет тексереді.
Асыл тұқымды бұқалар мен күйіттеуші - бұқаларды трихомонозға
6 айда, араларына 10 күн салып 3 мəрте, біррет тексереді.
Іш тастаған малдарды дереу оқшаулайды. Іш тасталған төлді
зертханаға трихомонозға зерттеуге жібереді.
Шаруашылық субъектілерінде трихомонозбен ауырған немесе
трихомонада-алып жүруші малдар анықталғанда, оларды ірі қараның трихомонозынан қолайсыз екенін хабарлап, шектеу қойылады жəне
ветеринарлық - санитариялық, ұйымдастыру - шаруашылық
шараларының жоспарына сəйкес сауықтыру жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет