1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет75/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   98
паразит экзамен ответ 1

89. Жылқы нутталиозы.
Нутталлиоз - қарапайым қоздыратын қызбамен, қанның азаюымен, сарғаюмен, қан құйылумен, орталық жүйке, жүрек қан тамырлары жəне ас қорыту жүйелерінің зақымдануымен ерекшеленетін, жіті жəне жітілеу өтетін трансмиссивтік ауру. Нутталлиозбен жылқылар жəне басқа да тақ тұяқты (есек, қашыр) жануарлар ауырады.
Қоздырғышы - Nuttalіa equі Theіlerіdae тұқымдасына жататын қан эритроциттерін зақымдайтын қарапайымдылар. Нутталиялардың пішіні сопақ, алмұрт тəрізді жəне нүкте тəрізді болып келеді. Паразиттің тұрқы 1-4 мкм. Тұрқы жағынын олар үш түрлі болады: ірілерінің тұрқы эритроцит радиусына тең, орташалары эритроцит радиусының жартысындай, ал ұсақ түрлері радиустың төртінші бөлігіндей. Жылқы қанында бұл паразиттер екі, үш жəне төртке бөлініп көбейеді. Сондықтан эритроцит ішінде нутталиялардың крест тəрізді түрлері пайда болады. Паразиттің бұл түрлерін “мальта кресі” деп атайды. Тақ тұяқтылардың қанында нутталиялар өте ұзақ уақыт – 6 жылға дейін, ал кейбір деректерге қарағанда 18 жылға дейін сақталады. Егер жылқы қанында паразиттердің ірі жəне орташа түрлері басым болса, нутталиоз жіті жəне жітілеу түрінде байқалады, ал оның түрлері көбірек болса, аурудың созылмалы болғаны. Нутталиоз ауруының қоздырғышын Dermacentor туысына жататын кенелер жəне Hyalomma plumbeum, Rhіpіcephalus bursa кенелері тасымал-дайды. Нутталиялар кене арқылы жылқыға трансфазалы жолмен таралады. Кене, балапан кене не нимфа сатысында инвазияланса, онда нутталиоздарды келесі сатылары нимфа немесе имаго таратады. Сондай-ақ, нутталлиялар кененің келесі ұрпағына трансовариалды (жұмыртқа арқылы) жолмен де ауысады. Кене мал денесінен қан сорғанда паразиттер оның сілекейімен жылқы организміне өтеді. Олар лимфа бездері арқылы қанға өтіп, эритроциттерге енеді. Эритроциттерге енген паразиттер өсіп-дамуын жалғастырып, жедел түрде бөлініп көбейе бастайды. Нəтижесінде нутталлиялар қандағы эритроциттердің 10-30 % -тін зақымдайды.
Эпизоотологиясы. Нутталлиоз Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының орталық жəне оңтүстік аудандарында кездеседі. Солтүстік жəне орталық белдеулерде сирек кездеседі. Орталық Азия республикалары мен Қазақстанда нутталиоз мамыр айында бой көтеріп, ал ауырған малдар жаз бойы кездеседі. Нутталлиоз əдетте пироплазмозбен аралас кездеседі. Бұл ауруға жас мал, əсіресе басқа жақтан əкелінген асыл тұқымды жылқы шалдыққыш келеді. Ауру қан арқылы іштегі төлге де жұғуы мүмкін. Жергілікті байырғы жылқылар ауруға төзімді келеді. Себебі, олар жыл сайын кенелердің талауына ұшырып, ауруға төзімділік қасиетін табиғи түрде арттырып отырады. Нутталлиозбен аурып жазылған малда ауруға қарсы стерилсіз иммунитет пайда болады. Ондай иммунитет 1-1,5 жылға дейін сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет