1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет83/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Алдын алу жəне күресу шаралары. Мүйізді ірі қараның тейлериозбен ауруының алдын алу мақсатында емдік-алдын алу шараларының кешенін жүргізу қажет. Шаруашылық субъектілерінің басшылары аурудың тасымалдаушы-лары - кенелермен жанасуын болдырмайтын жағдайда малдарды ұстау қажет, ол үшін: ауруға бейім малдарды кенелерден таза қораларда ұсталуын қамтамасыз етеді; тейлериоздан қолайсыз пунктте немесе шаруашылық субъектісінде бейім малдарды қорада жəне қорада-лагерьде күтіп бағуды немесе жоғары таулы жайылымдарда жаюды ұйымдастырады. Əкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы келесіні жүзегө асырады: тейлериоздан қолайсыз пунктте немесе шаруашылық субъектісінде сол жердің эпизоотиялық жағдайын ескере отырып, кенелерге қарсы жəне тейлериозға қарсы кешенді шаралар жоспарын жасайды; сол жерде мекендейтін тасымалдаушы-кенелердің түрлерін анықтайды; кенелердің таралу картасын олардың малдарды шағу мерзімін ескере отырып жасайды. Тейлериоз анықталған қолайсыз пунктте немесе шаруашылық субъектісінде əкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатынсыз малдарды қайта топтастыруға жəне енгізуге болмайды. Малдарды кенелерге қарсы өңдеуді жергілікті жердің температуралық шарттарына жəне кенелердің белсенділігіне байланысты жетісіне бір рет наурыз-қыркүйек айларында, екі жетіде бір рет қазан-қараша айларында жəне айына бір рет желтоқсан-ақпан ай-ларында жүргізеді. Наурыз-қыркүйек айларында малдарды өңдеу үшін дымқыл əдісті қолданады, шашу немесе ванналарда тоғыту. Тейлериозбен ауру малдарды емдейді, байлауда ұстайды жəне азықтандыруды жақсартады. Рационға жаңа шабылған шөпті немесе жақсы пішенді (қажетінше) жəне жеңіл қорытылатын концентрацияланған жемді (кебек, комбикорм) қосады. Малдарды тəулігіне үш реттен кем емес суару қажет. Малдың дене қызуының жоғарылаумен өтетін аурудың ауырлауы кезеңінде рационнан концентрацияланған жемдерді алып тастау қажет. Емдеудің алғашқы күнінен бастап симптоматикалық жəне патогенетикалық заттар қолданылады. Бұл аурудың дауасы малды қысқы мерзімде дұрыс азықтандыру. Ірі қараны жаз айларында көп жылдық себінді шөп өсірілген жайылымдарда жайған дұрыс, себебі мұндай жайылымда, əдетте, иксодид кенелері болмайды. Егер мұндай жайылымдар болмаған жағдайда, малды жайылым кенелерінен арылту үшін немесе оларды дарытпау мақсатымен 1 % хлорофос ерітіндісі немесе 0,1 % күйдіргіш натрий (сілті) қосылған 0,5 % хлорофос ерітіндісі қолданылады. Сондай-ақ, 3 % СК-9 (хлорлы скипидар) эмульсиясын, 3 % полихлорпинен немесе парисар, дикрезил, бутокс сияқты басқа акарацидтер ерітінділерін қолдануға болады. Осы көрсетілген ерітінділер мен эмульсиялар кене көп таралған маусымда əрбір 7-10 күн сайын қолданылады. Бұл дəрілер ірі қараның жасына байланысты əрбір малға 1-3 л мөлшерінде ДУК, ЛСД-2 машиналарымен немесе гидропультпен бүркіліп отырады. Кейбір Hyalomma sсupense сияқты жайылым кенелері мал қораларында кездессе, ондай қораларды 1,5 % хлорофос ерітіндісімен дəрілеу керек. Бұдан кейін қора ішін 4-6 сағат желдетіп, оттықтар ішін ыстық сумен тазалап жуу шарт. Кенеге қарсы ивомек, протеид, неоцидол дəрілерін де пайдалануға болады. Соңғы жылдары тейлериозға қарсы БЭВИ-ның (Ресей) тірі себінді вакцинасы қолданылып жүр. Тейлериоз болып тұратын шаруашы?лықтарда 6 айдан 18 айға дейінгі жас малды, əсіресе басқа жақтан əкелінген асыл тұқымды малды, ақпан-қаңтар айларында нұсқау ережелеріне сəйкес вакцинациялау қажет. Аталмыш ауруға қарсы Израйль, Иран жəне Қытай мемлекеттерінде вакцина шығарылып қолданылыуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет