1. Эпикалық шығармаларды оқыту



бет3/3
Дата21.12.2023
өлшемі25.79 Kb.
#487428
1   2   3
окыту

Сабақ тақырыбы: Көрнекіліктер, оларды пайдаланудің тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері
Жоспар:
1. Көрнекіліктер жайлы жалпы түсінік.
2. Көрнекіліктерді тиімді қолданудың әдіс-тәсілдері.
Әдіскер-ғалымдар әдебиет сабағында қолданылатын көрнекіліктерді мынадай түрге бөледі:
1. Көркем суретті;
2. Графикалық мактериалдар, үнтаспа жазбалары, күйтабақтар, радио-телехабарлар, оқу фильмдері, кино-фрагменттер, телесабақтар. Бұлардың өзін есту, көру, үрдістеріне байланысты бірнеше түрге жіктейді:
а) көруге негізделген көрнекіліктерге: иллюстрациялар, бейнелеу өнерінің туындылары, мүсін, сәулет өнерінің шығармалары, графикалық материалдар (сызба, кеспе-плакат), ақын-жазушылардың портреттері, фотографиялар, макеттер, альбомдар, буклеттер, т.б. жатады.
ә) естуге негізделген көрнекіліктерге: ақын-жазушылардың жанды дауысы, шығармалар жазылған компакт дисктер, аудиомәтіндер, компакт дискке жазылған естеліктер, музыка туындылары, ертегі, батырлар жыры, әңгіме, өлеңдер, артистер оқуындағы басқа да шығармалардың түрлері жатады.
б) көруге де, естуге де негізделген көрнекіліктерге – кино, телехабарлар, оқу фильмдері.
Техникалық оқу құралдары екіге бөлінеді: экрандық техникалық құралдар; дыбыстық техникалық құралдар. 
Экрандық техникалық құралдар: графопроектор, мультипроектор, интерактивті тақта, мультимедиалық подиум.
Дыбыстық техникалық құралдар: үнтаспа, радио, диктафон.
Жеке оқушымен жұмыс барысында үлестірмелі карточкалар, перфокарталар, семантикалық карталар қолданылады.
Әдебиет сабақтарында қолданылатын көрнекіліктердің бір түрі – тірек сызбалар. Жаңа тақырыпты түсіндіруде қолданылатын тірек сызбалар жеті кезең бойынша кіргізіледі:
– тақырыпты бейнелі эмоционалдық тұрғыдан әрі көрнекі құралдарды пайдаланып түсіндіру;
– тірек плакатты (тірек-сызбалар бейнеленген парақтың ұлғайтылған көшірмесі) бойынша оқу материалдарын түсіндіру, әр қилы негізгі ұғымдар символының көмегімен кодталған материалдарды дыбыстандыру, құпия кілтін ашу және олардың арасындағы өзара логикалық байланысты анықтау;
– тірек сызбаларын оқып-үйрену, шәкірттер сигналдарды дәптерге көшіріп жазады немесе ксерокс машинасымен көбейтілген парағын желімдейді;
– үй жағдайында оқулықпен және тірек сызбалар парағымен жұмыс істеу;
– келесі сабақта мұғалімнің сұрақтарына тірек сызбалары бойынша жауап беру;
– тірек сызбаларға сүйеніп, мазмұнын толық баяндау;
– білім тексеру кезінде мазмұнын ауызша баяндау.
Әдебиет сабақтарында қолданылатын заманауи үлгідегі техникалық құралдардың бірі – интерактивті тақта. Интерактивті тақта – компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және мұғалімге екі түрлі құралды біріктіретін: ақпарттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны мұғалімге сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында оқушы тақта алдында тұріп, бір мезетте мәтіндік, аудио-бейнеқұжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тінтіруді алмастыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды әдебиет сабақтарында пайдалануда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
– пән бойынша базалық білімді меңгерту;
– алған білімді жүйелеу;
– өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру;
– жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
– оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Интерактивті тақтамен жұмысты оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру, жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Аудио және бейнеақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50%-ға дейін арттырады. 
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтамен үш режимде жұмыс жасауға болады: ақ тақта режимін өолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеумен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі-түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнда суретті пайдалануға болады. 
Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point презентациясы болуы мүмкін.
Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақты жүргізуде өткен материалдарды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қосуға болады. 
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтетін болсақ:
1. Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру өиын, кей жағдайда мүмкін.
3. Слайдтарды, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түсетуге болады. 
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
6. Сабақта көрнекілік қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң ісер етеді. 
Әдебиет сабақтарында қолданылатын заманауи үлгідегі техникалық құралдардың бірі – электронды оқулық. Электронды оқулық дегеніміз – мультимедиалық оқулық. Екінші бір сөзбен айтсақ, Электронды оқулық – дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген жүйе.
Электронды оқулықпен оқутудың негізгі мақсаты – оөқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептерде қазақ әдебиетін оқытуда электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймайды, согымен ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Қазіргі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандары мен оқулықтыағы бар дүниені пайдалану оқушыны қанағаттандыра алмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мұмкін емес. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, сонымен қатар ертеректе өтілген материалдарды жаңғыртуға, еске түсіруге ықпал етеді. Электронды оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашлық жұмыстар орындайды. Әр оқушы таңдаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тест тапсырмаларын орындап, түрлі кестелермен жұмыс жасайды. 
Электронды оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіндік туғызады. Бұл оқулықтың ең қажет бөлігі – аудиохабарлар. Мысалы, ақын-жазушылардың жанды дауыстарын есту, актерлердің, көркемсөз шеберлерінің оқуында көркем мәтіндер тыңдау.
Электронды оқулықтар арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, мәтіндер, музыкалар тыңдауға болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. 
Электронды оқулықпен оқыту мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істегендей әсер қалдырады. Электронды оқулықпен жеке жұмыс істеудің арқасында сол тақырыпты бірнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тіпті түсінбеген сөзді бөліп анықтама бөлімінен қарауға, сол сөздің түсіндірмесін білуіне, оның грамматикалық жасалу жолдарын білуіне көмегін тигізеді.
Электронды оқулықтар оқушының білім сапасын бақылау жүйесін өзгертуге мүмкіндік жасайды. 
Электронды оқулықтар оқушылардың
– білім деңгейін тереңдетуге;
– ауызекі тілде сқйлей білу дағдыларын қалыптастыруға;
– өз бетінше іздену қабілетін қалыптастыруға;
– ойларын дамытуға;
– оқушылардың сөздік қорының молаюына;
– тілді үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
– сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіндігін кеңінен пайдалануына;
– өз ісін талдай алуға көптен-көп көмегін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет