1. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
A) Асыл жан.
B) Сөзге сараң.
C) Терең құдық.
D) Арам ой.
E) Жібек мінез.
|
2. Дауыссыз дыбыстардыњ жасалуын кµрсетіњіз.
A) ¤кпедегі ауаның кедергіге ±шырап шыѓуынан.
B) ¤кпедегі ауаныњ кедергісіз шыѓуынан.
C) Жақтыњ тар ашылуынан.
D) Езудіњ кейін қарай тартылуынан.
E) Тілдіњ ілгері қарай созылуынан.
|
3. Зат есімге лайық қатарды көрсетіңіз.
A) Етістік.
B) Көмекші сөздер.
C) Бейтарап сөздер.
D) Есім сөздер.
E) Еліктеу сөздер.
|
4. Болжалдық сан есiмді анықтаңыз.
A) Он-оннан.
B) Қырық.
C) Отыз шақты.
D) Бiр жарым.
E) Сегiзiншi.
|
5. Өздік есімдігі қатысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Мектеп оқушылары.
B) Өзіміздің балалар.
C) Еңбектеген бала.
D) Көңілді қария.
E) Өнерлі жастар.
|
6. Қысаң дауыстылар қатарын толықтырыңыз:Ы, і, у, ү, ұ, ...
A) А.
B) И.
C) О.
D) Ә.
E) Е.
|
7. Айтылуы бойынша жазылған сөзді табыңыз.
A) Күлдіргі.
B) Құлақ сал.
C) Тақса.
D) Ағ ешкі.
E) Бұрын.
|
8. Көмектес септікте тұрған тұйық етістікті көрсетіңіз.
A) Баруға.
B) Сөйлеуден.
C) Келуімнің.
D) Айтуы.
E) Келуіңмен.
|
9. Қатыстық сын есімді табыңыз.
A) Ыстық күн.
B) Күрең шай.
C) Қызыл орамал.
D) Тіп-тік ағаш.
E) Орманды өлке.
|
10. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін табыңыз.
A) Сездің.
B) Сезесің.
C) Сезіпті.
D) Сезермін.
E) Сезбек.
|
11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Жазғы жайлау.
B) Таза жүру.
C) Жол торабы.
D) Сын және сынау.
E) Жұлдызы қарсы болу.
|
12. Жалаң сөйлемді табыңыз.
A) Сары жапырақ.
B) Талдықорған.
C) Сендер де оқуды бітірдіңдер.
D) Ит өлген жер.
E) Күн шықты.
|
13. Қыстырма сөзді табыңыз.
A) Әрине.
B) Кінәлі.
C) Жолдастар.
D) Қап.
E) Алақай.
|
14. Стиль түрін ажыратыңыз.
«Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады.»
A) Іс-қағаздар.
B) Ғылыми стиль.
C) Ауызекі сөйлеу.
D) Публицистикалық.
E) Көркем әдебиет.
|
15. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Шақырсам даусым жетпейді.
B) Баяғы балғын балалық.
C) Есімнен, сірә, кетпейді.
D) Қайран, менің жас күнім!
E) Ұсынсам қолым жетпейді.
|
16. Қай сөз жіктелмейтінін белгілеңіз.
A) Көз.
B) Келгем.
C) Студент.
D) Жазды.
E) Сезімтал.
|
17. Туынды үстеу тудыратын жұрнақтарды белгілеңіз.
A) -ар, -ер, -р.
B) -ма, -ме, ба, -бе.
C) -шы, -ші.
D) -а, -е, -й.
E) -ша, -ше.
|
18. Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Мектепке қарай.
B) Сен отыр.
C) Мал мен бас.
D) Орманға таман.
E) Мен келдім.
|
19. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.
A) Күн бұлттанып тұр (ма).
B) Әй, сен көп асқақта(ма).
C) Ғылым таппай мақтан(ба).
D) Сен одан қорық(па).
E) Жабырқа(ма), сабыр ет.
|
20. Бірыңғай толықтауыштың байланысу түрін көрсетіңіз.
Ол Шығанақ пен Олжабекке өз қасынан орын берді.
A) Қабысу.
B) Матасу.
C) Қиысу.
D) Меңгеру.
E) Жанасу.
|
21. Кезектес салалас сөйлемді табыңыз.
A) Экологияны сақтайық, соған ат салысайық.
B) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады.
C) Түнгі кезекте болғандықтан, шаршап та отырмын.
D) Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр.
E) Онымен әр кеңескен сайын әр түрлі жаңалықтар естимін.
|
22. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.
A) Қаз дауысты Қазыбектің әкесі Келдібек би қыз таңдап, үйленбей біраз жүрсе керек.
B) Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.
C) Күдері сөзінен Жақыпбектің жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, соңынан ұшып түрегелді.
D) Екпей егін бітпес, үйренбей білім бітпес.
E) Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кенжебек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жасайды.
|
23. Берілген төл сөздің қай нұсқасында тыныс белгілері дұрыс қойылғанын көрсетіңіз.
A) - Мырза жүргелі, жатырмыз. Киін, - деді де, солдат ізінше қайта шықты.
B) - Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін, - деді де, солдат ізінше қайта шықты.
C) - Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін! - деді де солдат, ізінше қайта шықты.
D) - Мырза жүргелі жатырмыз. Киін, -деді де, солдат, ізінше қайта шықты.
E) - Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін - деді де, солдат ізінше қайта шықты.
|
24. Тырнақшамен жазылатын сөздерге қосымша қалай жазылатынын көрсетіңіз.
A) Үтір арқылы.
B) Дефис арқылы.
C) Бірге.
D) Сызықша арқылы.
E) Бөлек.
|
25. Омонимдес сөздер қатысқан қатарды көрсетіңіз.
A) Сырлы аяқтың сыны кетпейді. Достың сырын ашуға болмайды.
B) Жазушы кітап жазады. Абай-жазба әдебиет өкілі.
C) Қыста балалар сырғанақ тебеді.
D) Марат ауырып қалды. Әселдің анасы әлі ауырып жүр.
E) Желсіз түнде жарық ай. Ай нұры төгіліп тұр.
|
26. Антонимдік жұп қайсысы, табыңыз.
A) Арық - көтерем.
B) Тіс жармау - үндемеу.
C) Орыс - қазақ.
D) Жүрек жұтқан - су жүрек.
E) Ұзын құлақ - ұзын етек.
|
27. Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсетіңіз.
A) Төзім.
B) Үлкен.
C) Шашпа.
D) Шолақтау.
E) Денелі.
|
28. Көп нүктенің орнына лайықты еліктеу сөзді көрсетіңіз.
Боқай келіншегінің сөзіне ... етпеді.
A) дік.
B) топ.
C) мыңқ.
D) қарс.
E) ырс.
|
29. Дефис дұрыс қойылған орынды белгілеңіз.
A) Ежелгі-дос.
B) Микро-биология.
C) Алты аласы-бес бересі.
D) Турсун-заде.
E) Жүре-сөйлеу.
|
30. Қабаттасып келген тыныс белгілердің қойылуына не себеп екенін белгілеңіз.
- Астапыралда (солай дейтін оның кейде әдеті болушы еді)!-деді Итбай.
A) Төл сөз, одағай.
B) Қаратпа сөз, төл сөз.
C) Төл сөз, бұйрықты сөйлем.
D) Лепті, қыстырма, диалог.
E) Төл сөз, қыстырма.
|
|