1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет21/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
11 Kazak tili 2007

21 нұсқа



1. “Мол” сөзінің синонимін көрсетіңіз.
A) Қалың.
B) Көп.
C) Аласа.
D) Аз.
E) Жиі.

2. “Он төрт” – сан есiмнiң қай мағыналық түрi екенін белгілеңіз.
A) Есептiк.
B) Болжалдық.
C) Бөлшектiк.
D) Жинақтық.
E) Реттiк.

3. Т±йық етістікті анықтањыз.
A) Т‰сіндір.
B) Кµмектес.
C) Кµрсет.
D) Шегелеу.
E) Дәлелде.

4. Мына сөйлемге қай шылау лайық, көрсетіңіз.
Алтынсары қадалған …, оның кескіні құбыла бастады.
A) Туралы.
B) Қарай.
C) Сайын.
D) Таман.
E) Тарта.

5. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз.
Мені танимысың?
A) Жақсыз.
B) Жақты.
C) Жалаң.
D) Атаулы.
E) Толымды.

6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Білімді өлмес – қағазда аты қалар,
Ұста өлмес – істеген заты қалар.
A) Ерлік.
B) Өнер-білім.
C) Адамгершілік.
D) Денсаулық.
E) Достық.

7. Бірыңғай езулік дауысты сөзді ажыратыңыз.
A) Дос.
B) Тұрғылықты.
C) Партизан.
D) Көмір.
E) Бұлбұл.

8. Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді табыңыз.
A) Жүз.
B) Төрт.
C) Сегіз.
D) Бір.
E) Тоғыз.

9. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді белгілеңіз.
A) Үшінші.
B) Ертеңгіміз.
C) Қарашашпен.
D) Арманды.
E) Балаға.

10. Біріккен түбірден жасалған сөзді табыңыз.
A) Жасыл.
B) Әнуар.
C) Дара.
D) Көртышқан.
E) Алтын.

11. Күрделі сөзді көрсетіңіз.
A) Болашақ жастардікі.
B) Ән, жыр асқақтады.
C) Адамға табыну.
D) Ертеңгілік болды.
E) Балалар бақшасы.

12. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.
A) Бұдан.
B) Бұнымен.
C) Бұны.
D) Бұлар.
E) Бұнысы.

13. “Ертең жүрмекші”тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасын айқындаңыз.
A) Қимыл-сын.
B) Істің салдары.
C) Істің мөлшері.
D) Істің себебі.
E) Істің мезгілі.

14. Кімім? Нем? – сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.
A) Анықтауыш.
B) Бастауыш.
C) Баяндауыш.
D) Пысықтауыш.
E) Толықтауыш.

15. Біріккен сөздегі кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Шалкөде.
B) Бірқазан.
C) Сазсырнай.
D) Дауылпаз.
E) Жетіген.

16. Би сөзіне түбірлес етістік қатарын табыңыз.
A) Билеу, билік, билікқұмар.
B) Биосфера, биржа, бизнес.
C) Биязы, биялай, бидай.
D) Бие, биолог, биология.
E) Биыл, бинт, билет.

17. Сапалық сын есімді табыңыз.
A) Базарлы.
B) Мейірімді.
C) Баласыз.
D) Ақшыл.
E) Желсіз.

18. Мекен үстеуін табыңыз.
A) Жорта айтты, қасақана үндемеді.
B) Ілгері жүрді, төмен түсті.
C) Бұрын жүрді, күні-түні оқиды.
D) Бірден сөйледі, шалқасынан құлады.
E) Үйге кетті, қатты өкінді.

19. Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Арал, Алакөл және Марқакөл.
B) Оқушылардың бәрі қысқы демалысқа тарады да, мектеп бос қалды.
C) Ақылбай, Ербол және Мағаш келді.
D) Жел қатайып кетті,-күн суытпады.
E) Үлкенді сыйлау - асыл қасиет.

20. Аралас құрмалас сөйлемнің арасына үтір мен сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Егер мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылды, менің жалданғым да келді, - оған Баймағамбет болмады.
A) Күрделі сөз тіркестерінің арасына.
B) Бірыңғай мүшеге.
C) Қарама-қарсылық мәні болғандықтан.
D) Қалған сөйлемге басыңқы сыңар ұйытқы болғандықтан.
E) Себеп мәнді мағыналы болғандықтан.

21. Қаратпа сөзді табыңыз.
A) Немене, риза емеспісің?
B) Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз?
C) Амал қанша, осылай болды.
D) Сөйтіп, ол Домалақ ана атанды.
E) Алма, алманы әкел.

22. Сөйлеушінің біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей беруінің атауын табыңыз.
A) Қыстырма сөз
B) Төлеу сөз
C) Автор сөзі
D) Қаратпа сөз
E) Төл сөз

23. Кімің келіп кетті?
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңыз.
A) Зат есім.
B) Көмекші етістік.
C) Дауыс интонациясы.
D) Сұрау есімдігі.
E) Сұраулық шылау.

24. Сен келіп қойғанбысың?
Сұраулық шылаудың түрлену түрін анықтаңыз.
A) Жіктелді.
B) Көптік тұлғасында.
C) Тәуелденді.
D) Көмектес септікте.
E) Септелді.

25. Антонимді табыңыз.
A) Дос - жолдас.
B) Ақ - қызыл.
C) Бұзу - жөндеу.
D) Көп - қыруар.
E) Халайық - әлеумет.

26. "Арманыма" - сөзіндегі соңғы қосымшаны табыңыз.
A) Тәуелдік жалғау.
B) Көптік жалғау.
C) Жіктік жалғау.
D) Барыс септік.
E) Септік жалғау.

27. Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.
Оның құлағына гүріл естілді.
A) Баяндауыш.
B) Бастауыш.
C) Толықтауыш.
D) Пысықтауыш.
E) Анықтауыш.

28. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаластың сұрағын анықтаңыз.
A) Қалай?
B) Қайткендіктен?
C) Қашаннан бері?
D) Не еткенше?
E) Не еткен соң?

29. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.
A) Бірақ шынында олай емес-ті: Асқар адастырмайтын.
B) Бірақ шынында, олай емес-ті, Асқар адастырмайтын.
C) Бірақ, шынында, олай емес-ті; Асқар адастырмайтын.
D) Бірақ шынында, олай емес-ті: Асқар адастырмайтын.
E) Бірақ, шынында, олай емес-ті: Асқар адастырмайтын.

30. Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз, белгілеңіз.
A) Ресми тіл.
B) Публицистика тілі.
C) Көркем әдебиет тілі.
D) Ауызекі тіл.
E) Ғылыми тіл.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет