1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет14/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
11 Kazak tili 2007

14 нұсқа



1. Омонимнің анықтамасын белгілеңіз.
A) Сөз бен сөзді байланыстыратын сөздер.
B) Қосымша.
C) Мағынасы бір-біріне қарама қарсы сөздер.
D) Тұлғасы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер.
E) Тұлғасы, дыбысталуы бір, мағынасы алшақ сөздер.

2. Қатањ дауыссыздан басталып қатањ дауыссызѓа аяқталѓан сµзді табыњыз.
A) Парыз.
B) Сақтан.
C) Тамыр.
D) Қайрат.
E) Арман.

3. Дерексіз зат есімдерді белгілеңіз.
A) Дәптер, қағаз.
B) Бала, ата.
C) Ақыл, ой.
D) Үй, көше.
E) Тау, орман.

4. Сын есімді табыңыз.
A) Қышқыл.
B) Сырт.
C) Мезгіл.
D) Найза.
E) Өнер.

5. “Тоғызыншы” – сан есiмнiң қай мағыналық түрi екенін белгілеңіз.
A) Бөлшектiк.
B) Реттiк.
C) Топтау.
D) Болжалдық.
E) Жинақтық

6. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.
A) Құндыз.
B) Жұлдұз.
C) Қындыз.
D) Құндұз.
E) Жұмұс.

7. Үндестік заңына бағынатын қосымшаны табыңыз.
A) -мен.
B) -ды.
C) -паз.
D) -хана.
E) -кер.

8. Шығыс септігінде тұрған өздік есімдікті табыңыз.
A) Өзімде.
B) Өзіміздің.
C) Өзіммен.
D) Өзімнен.
E) Өзіме.

9. "Әлде" сөзінің қай сөзбен бөлек жазылатынын көрсетіңіз.
A) Әлде(адам).
B) Әлде(қашан).
C) Әлде(қалай).
D) Әлде(кім).
E) Әлде(қандай).

10. Күн(ұзаққа) үстеуі қалай жасалатынын белгілеңіз.
A) Туынды түбір арқылы.
B) Қосарлану арқылы.
C) Тіркесуі арқылы.
D) Қайталану арқылы.
E) Бірігуі арқылы.

11. Шылаулар мағынасына, тұлғасына, қызметіне қарай қалай бөлінеді, табыңыз.
A) Жалғаулық, жіктік, реттік.
B) Жалғаулық, есептік, септеулік.
C) Септеулік, демеулік, жалғаулық.
D) Септеулік, жіктік, тәуелдік.
E) Демеулік, реттік, жіктік.

12. Негізі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді табыңыз.
A) Қыңқ.
B) Арс.
C) Лып.
D) Күмп.
E) Тыртың.

13. Жалаң сөйлемді табыңыз.
A) Біркелкі, жақсы өсіпті.
B) Жайлауға шықты.
C) Бұдан еш нәрсе түсініп болмайсың.
D) Бұлар жүріп кетті.
E) Таң сарғая қорғанның артына керуендер жиналды.

14. Сөйлемнің қай стиль түріне жататынын анықтаңыз.
Туу, ит-ай … Сонша ұмытпай жүр бәрін.
A) Көркем әдебиет стилі.
B) Публицистикалық.
C) Іс-қағаздары стилі.
D) Ғылыми стиль.
E) Ауызекі сөйлеу.

15. Буын үндестігін тағы қалай деп атауға болады, табыңыз.
A) Орфография
B) Орфоэпия
C) Дыбыс үндестігі
D) Сингармонизм
E) Ассимиляция

16. Күрделі сөздер қатарын белгілеңіз.
A) Киім-кешек, ер-тұрман.
B) Сен-ақ, үп-үлкен.
C) Кірпіш, доп.
D) Сары жайлау, туыстас.
E) Шөпшек, үйшік.

17. Төмендегі жұрнақтардың қайсысы көсемше жасамайтынын белгілеңіз.
A) - қалы, - келі.
B) - ғалы, - гелі.
C) - ып, - іп, - п.
D) - атын, - етін.
E) - а, - е, - й.

18. "Бағыныңқы", "басыңқы" үлгісіндегі байланысы жоқ, өз мағынасынан айырылған сөздерді табыңыз.
A) Он екі бала.
B) Еңбекті сүйе біл.
C) Бетімнен отым шықты.
D) Адал еңбек.
E) Мен бармақпын.

19. Қалау рай сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарады, табыңыз.
Осыдан кейін жаман жаппасын Ақбаланың жерқазбасының жанына тігіп алғысы келеді.
A) Баяндауыш.
B) Толықтауыш.
C) Бастауыш.
D) Пысықтауыш.
E) Анықтауыш.

20. Қарсылықты жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені табыңыз.
A) Баланың бас ұстазы – ата-анасы.
B) Өзің-ақ бар.
C) Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап.
D) Сөзге сараң,бірақ ісін орындайды.
E) Жомарт қазіргісі мен кешегісін салыстыруда.

21. Мына құрмаласта қай шылау жоқ, белгілеңіз.
Кел демек бар,-
Кет демек жоқ.
A) немесе
B) бірақ
C) және
D) не
E) яки

22. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мен шаңғы теуіп жүремін.
B) Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып түрегелді.
C) Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.
D) Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кенжебек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жасайды.
E) Екпей, егін бітпес, үйренбей, білім бітпес.

23. Қаратпа сөзді табыңыз
A) О не дегенің?
B) Жо-жоқ, дұрыс емес.
C) Құр, жануар, құр-құр, Бір орныңда тұр-тұр.
D) Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім.
E) Қош болыңдар, амандықпен кездесейік.

24. Сызықша дұрыс қойылған жерді табыңыз.
A) Көшірі- ұзын Байбол.
B) Класта жиырма бес- адам бар ма?
C) Осы - сурет көрмесіне келдім.
D) Болаттың жасы-қырық бестерде ме?
E) Қара жолмен өрлеп- бір арбалы келеді.

25. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
A) Оқта-текте, ләм-мим.
B) Қоқан-лоқы көрсету, қорқыту.
C) Жас, жастық, жастан.
D) Сағыну, сағынбау.
E) Жанын жалдау, көлік жалдау.

26. Асты сызылған сөздер - мағынасына қарай қандай сөздер, дұрысын табыңыз.
Үлкен бастар,
Кіші қостар.
A) Омоним.
B) Ауыспалы мағына.
C) Көп мағыналы.
D) Синоним.
E) Антоним.

27. Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аттарын табыңыз.
A) Мырзашөл, қосаяқ.
B) Атауыз, Алакөл.
C) Қаражорға, Есекқырған.
D) Жетіқарақшы, ұлтабар.
E) Ақбозат, Темірқазық.

28. Тыныс белгісі дұрыс қойылған диалогты белгілеңіз.
A) – Уау, ат-көлік аман ба. Неге ерте қайттың?
B) – Уау, ат-көлік аман ба? Неге ерте қайттың?
C) Уау ат-көлік аман ба? Неге ерте қайттың?
D) – Уау, ат, көлік аман ба? Неге ерте қайттың?
E) – Уау ат-көлік аман ба? Неге ерте қайттың?

29. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.
Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды айтқан.
A) Құрмалас.
B) Қыстырма сөз.
C) Бірыңғай мүше.
D) Айқындауыш.
E) Оқшау сөз.

30. Драмалық шығармалардағы ремаркаларға (автордың түсіндірмелері) қандай тыныс белгісі қойылатынын көрсетіңіз.
Амангелді. Миша! Жайнаққа Әкет машиналарыңды!
A) Үтір.
B) Жақша.
C) Қос нүкте.
D) Сызықша.
E) Тырнақша.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет