1. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
A) Әлді, әлсіз.
B) Адам, жануар.
C) Мықты, әлжуаз.
D) Күшті, мықты.
E) Құмырсқа, қоян.
|
2. Екі буыннан қ±ралѓан сµзді анықтањыз.
A) Кіріспе.
B) Қаламгер.
C) Б‰гін.
D) Оқушы.
E) Бояушы.
|
3. Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы зат есімдерді көрсетіңіз.
A) Қарағанды, Жетісу.
B) Адай, Балбырауын.
C) Іле, Лепсі.
D) Амангелді, Ақбота.
E) Балқаш, Зайсан.
|
4. “Гөрі, үшін, сайын” шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз.
A) Септеулік.
B) Демеулік.
C) Тәуелдік.
D) Жалғаулық.
E) Жіктік.
|
5. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз.
Жүйрік ат – ердің қанаты.
A) Сабақтас.
B) Атаулы.
C) Жақсыз.
D) Жайылма.
E) Жалаң.
|
6. Дұрыс жазылған сөздi белгілеңіз.
A) Модельi.
B) Моделмен.
C) Моделде.
D) Моделге.
E) Модельдi.
|
7. Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын таңбаны белгілеңіз.
A) щ
B) ь
C) е
D) к
E) ә
|
8. Сөз жасаушы жұрнақтың дұрыс қолданылған түрін көрсетіңіз.
A) Білгер.
B) Білімсек.
C) Білгіш.
D) Білек.
E) Білгек.
|
9. Қосымшаның түбір сөзге дұрыс жалғанған түрін белгілеңіз.
A) Грамы.
B) Грамми.
C) Грамі.
D) Граммы.
E) Граммі.
|
10. Болымсыздық есімдігін табыңыз.
A) Кімдер.
B) Әлдекім.
C) Кімде-кім.
D) Қайсыбір.
E) Ешкім.
|
11. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Әкелерсің.
B) Әкелгейсің.
C) Әкелмессің.
D) Әкелсін.
E) Әкелді.
|
12. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Жонынан таспа тілу.
B) Жаңбырлы күн.
C) Кішкене тарақ.
D) Толықша келіншек.
E) Томағасын сыпыру.
|
13. Көңіл-күй одағайын табыңыз.
A) Айт.
B) Арман.
C) Моһ-моһ.
D) Алақай.
E) Сөйтіп.
|
14. Ресми стильге жататын қатарды көрсетіңіз.
A) Өтініш, сенімхат, қолхат.
B) Ғылыми шығармалар.
C) Көркем шығарма.
D) Газет-журнал тілі.
E) Қоғамдық-саяси әдебиет.
|
15. Дауысты дыбыстардың үндесуін не дейміз, белгілеңіз.
A) Орфография дейміз.
B) Екпін дейміз.
C) Сингармонизм дейміз.
D) Орфоэпия дейміз.
E) Дыбыс үндестігі дейміз.
|
16. Қысқарған сөз қатысқан қатарды табыңыз.
A) Ата анасымен сөйлесті
B) Талдықорғанда тұрады
C) Аққулы көл
D) Күні бойы ойнады
E) Педколледжге барды
|
17. Салыстырмалы шырайды табыңыз.
A) Қалпақты.
B) Өте жақсы.
C) Үп-үлкен.
D) Көгірек.
E) Тым әдемі.
|
18. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
A) Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады.
B) Рабиға біресе маған, біресе, Әмірге қарады.
C) Рабиға біресе, маған біресе Әмірге қарады.
D) Рабиға біресе маған, біресе Әмірге, қарады.
E) Рабиға біресе маған, біресе Әмірге қарады.
|
19. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Ол да, ол тұрған село да жас еді.
B) Жүрісіміз кейде бүлкіл, кейде бөкен желіс.
C) Саят өте еңбекқор еді.
D) Пайда, мақтан - бәрі тұл.
E) Қар суы да, жаңбыр суы да- соның ырысы.
|
20. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ойын аяқталған соң, Аяштар қайтуға кірісті.
B) Музыканы мен жастайымнан жақсы көрдім.
C) Ана мен баланың бақытты сәттеріне бөгет болғысы келмей, жүріс-тұрысының сыбдырын сездірмеуге тырысты.
D) Біз жөн сұрап, тез шүйіркелесіп кеттік.
E) Данияр алдыңғы күні Мәскеуден келіпті.
|
21. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
A) Көп сағындырдың ғой: қуатым!
B) Көп, сағындырдың ғой қуатым!
C) Көп сағындырдың ғой - қуатым!
D) Көп, сағындырдың ғой - қуатым!
E) Көп сағындырдың ғой, қуатым!
|
22. Төл сөздің төлеу сөзге айналып тұрған түрін көрсетіңіз.
A) Жүзі бал-бұл жанып: - Мен сізге қонаққа келдім, - деді ол.
B) Жүзі бал-бұл жанған ол өзінің қонаққа келгенін айтты.
C) - Мен сізге қонаққа келдім, - деді ол түрі бал-бұл жанып.
D) - Мен, - деді ол түрі бал-бұл жанып, - сізге қонаққа келдім.
E) Жүзі бал-бұл жанып ол былай деді: - Мен сізге қонаққа келдім.
|
23. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.
A) –Армысыз, ардақты ата!
B) –Армысыз ардақты, ата?!
C) –Армысыз ардақты ата.
D) –Армысыз ардақты ата?
E) –Армысыз, ардақты, ата.
|
24. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.
Бұл үйден ешкіні, лақты, шыбышты, тушаны - бәрін көруге болады.
A) Бірыңғай толықтауыш.
B) Айқындауыш.
C) Қыстырма сөз.
D) Құрмалас сөйлем.
E) Оқшау сөз.
|
25. Диалект сөздерді көрсетіңіз.
A) Әдемі, көркем, сұлу.
B) Шәугім, шаппа, меш.
C) Табан, бекіре, шортан.
D) Өнеркәсіп, сым, леген.
E) Айыр, күрек, тырма.
|
26. Басқа тілден енген сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Әдебиет, зымыран, жүйе.
B) Класс, күрке, ханзада.
C) Кірпіш, билет, пальто.
D) Секунд, пиала, кеуірт.
E) Иман, үшбұрыш.
|
27. Сан есімді лайықты сөзімен тіркестіріңіз.
Бір шөкім …
A) шай
B) бұлт
C) сөз
D) нан
E) тұз
|
28. Үстеу қатысқан есімді тіркесті табыңыз.
A) Бәріміздің өміріміздің басталуы осылай еді.
B) Ол қайта-қайта қарады, бірақ танымады.
C) Қазір жалғызбын.
D) Жаздың көркі енеді жыл құсымен.
E) Мұнда бір салқындық бар.
|
29. Төмендегі аралас құрмалас сөйлем қай қатарға тән екенін табыңыз.
Өздері елеп шақырмаған соң, Бақтыбайлар да біраз уақыт өкпелі боп үнсіз жатып алып еді, қыз алған жақ одан сайын тоң-теріс сыртын беріп, қарым-қатынасты біржола үзді.
A) Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы, бағыныңқы.
B) Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
C) Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
D) Бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.
E) Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы.
|
30. Бір мәселе жайында айтылған ойдың кесек бөлшегін білдіретін белгіні көрсетіңіз.
A) Нүкте.
B) Сызықша.
C) Көп нүкте.
D) Үтір.
E) Жаңа жол.
|
|