1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет27/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
11 Kazak tili 2007

27 нұсқа



1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
A) Қисық бұтақ.
B) Білімді оқушы.
C) Қызыл гүл.
D) Қара сиялы қалам.
E) Қоңыр дауыс.

2. Қысањ дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз.
A) 7.
B) 10.
C) 4.
D) 6.
E) 8.

3. Жалқы есімді табыңыз.
A) Сауысқан.
B) Қарлыға.
C) Қарға.
D) Тауық.
E) Дуадақ.

4. Бµлшектік сан есімді кµрсетіњіз.
A) Отызѓа тарта.
B) Он-оннан.
C) Тоқсан.
D) ‡ш ширек.
E) Алпысыншы.

5. Т±йық етістікті анықтањыз.
A) Шегелеу.
B) Кµрсет.
C) Кµмектес.
D) Т‰сіндір.
E) Дәлелде.

6. Жіңішкелік белгісіне (ь) біткен сөзге дұрыс жалғанбай тұрған
жалғауды табыңыз.
A) Бинокльінен.
B) Рульді.
C) Hольден.
D) Артельде.
E) Лагерьге.

7. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
A) - лар.
B) - шы.
C) - кеш
D) - ым.
E) - лық

8. Көмектес септікте тұрған тұйық етістікті көрсетіңіз.
A) Баруға.
B) Келуімнің.
C) Келуіңмен.
D) Айтуы.
E) Сөйлеуден.

9. “Ешқандай, ешқайдан” сөздері тән қатарды белгілеңіз.
A) Болымсыз етістік.
B) Белгісіздік есімдігі.
C) Өздік етіс.
D) Үстеуші есім.
E) Болымсыздық есімдігі.

10. Атаулы сөйлемді табыңыз.
A) Жарыс жалғаса берді.
B) Бізге уақытты ұту керек.
C) Сайын дала.
D) Ауа желсіз екен.
E) Баламен ойнады.

11. Себеп-салдар салаластың шылауларын табыңыз.
A) Дегенмен, әйтсе де, ал.
B) Өйткені, сол себепті, бірақ.
C) Сондықтан, және, әрі.
D) Өйткені, сондықтан, сол себепті.
E) Немесе, бірде, кейде.

12. Көңіл-күй одағайын табыңыз.
A) Арман.
B) Айт.
C) Моһ-моһ.
D) Сөйтіп.
E) Алақай.

13. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Көрмес - түйені де көрмес.
B) Көрмес түйені де көрмес.
C) Көрмес түйені - де көрмес.
D) Көрмес түйені де - көрмес.
E) Көрмес - түйені де - көрмес.

14. Мына сөйлемдердің қайсысы ғылыми стильге жататынын анықтаңыз.
A) Күнге бәрінен де жақын бірінші шеңбер жолында Меркурий тұрады.
B) Қайдан келуші ем? Сендерді іздеп келдім.
C) Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады.
D) Президент республика халқын жаңа жылмен құттықтады.
E) Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады.

15. Дауыссыз дыбыстардың үндесуін табыңыз.
A) Сингармонизм.
B) Екпін.
C) Дыбыс үндестігі.
D) Үндестік заңы.
E) Буын үндестігі.

16. Біріккен сөздердің қалай жазылатынын белгілеңіз.
A) Сызықша арқылы
B) Бірге
C) Бөлек
D) Үтір арқылы
E) Дефис арқылы

17. Сын есім - қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.
Еркін сабағын жақсы оқитын.
A) Бастауыш.
B) Баяндауыш.
C) Анықтауыш.
D) Толықтауыш.
E) Пысықтауыш.

18. Күшейткіш демеулікті табыңыз.
A) -ау
B) -ды
C) сайын
D) ше
E) дейін

19. Бірыңғай толықтауыштың байланысу түрін көрсетіңіз.
Ол Шығанақ пен Олжабекке өз қасынан орын берді.
A) Қабысу.
B) Жанасу.
C) Қиысу.
D) Матасу.
E) Меңгеру.

20. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Пайда, мақтан - бәрі тұл.
B) Ол да, ол тұрған село да жас еді.
C) Саят өте еңбекқор еді.
D) Жүрісіміз кейде бүлкіл, кейде бөкен желіс.
E) Қар суы да, жаңбыр суы да- соның ырысы.

21. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.
B) Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті.
C) Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.
D) Ауылда жаңа мектеп салынды.
E) Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жауған жоқ.

22. Қаратпа сөзді табыңыз
A) О не дегенің?
B) Құр, жануар, құр-құр, Бір орныңда тұр-тұр.
C) Қош болыңдар, амандықпен кездесейік.
D) Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім.
E) Жо-жоқ, дұрыс емес.

23. Берілген төл сөздің қай нұсқасында тыныс белгілері дұрыс қойылғанын көрсетіңіз.
A) - Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін - деді де, солдат ізінше қайта шықты.
B) - Мырза жүргелі, жатырмыз. Киін, - деді де, солдат ізінше қайта шықты.
C) - Мырза жүргелі жатырмыз. Киін, -деді де, солдат, ізінше қайта шықты.
D) - Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін, - деді де, солдат ізінше қайта шықты.
E) - Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін! - деді де солдат, ізінше қайта шықты.

24. Тырнақша қойылмайтын жерді көрсетіңіз.
A) ’’Алтын алқа’’ белгісі.
B) ’’Мемлекеттік Опера және балет театры’’.
C) ’’Арман’’ кинотеатры.
D) ’’Абай’’ романы.
E) ’’Қазақстан әйелдері’’ журналы.

25. Асты сызылған сөздер - мағынасына қарай қандай сөздер, дұрысын табыңыз.
Үлкен бастар,
Кіші қостар.
A) Көп мағыналы.
B) Ауыспалы мағына.
C) Антоним.
D) Синоним.
E) Омоним.

26. Сіріңке, тәрелке, кәмпит сөздері қай елдікі, анықтаңыз.
A) Араб.
B) Орыс.
C) Моңғол.
D) Иран.
E) Парсы.

27. Туынды зат есім жасап тұрған жұрнақты көрсетіңіз.
A) Немесе.
B) Сана.
C) Алатау.
D) Күзем.
E) Жануарлары.

28. Сөздердің қайталануынан, қосарлануынан жасалған үстеулер қандай тыныс белгісі арқылы жазылатынын белгілеңіз.
A) Үтір.
B) Тырнақша.
C) Қос нүкте.
D) Жақша.
E) Дефис.

29. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Алыстан дүрсілдеген ат тұяғының дыбысы естілді.
B) Жұт тігерге тұяқ қалдырмады.
C) Артында қалған бір тұяқ бар еді.
D) Омардың ірілі-ұсақты он бес тұяғы бар.
E) Малдың тұяғын да іске асыруға болады.

30. Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз.
A) ’’Әй Баянды’’ деймін, осы дүниені Қызылжарға апаратын менмін ғой.
B) Әй, Баянды, деймін, осы дүниені Қызылжарға апаратын менмін ғой.
C) Әй Баянды, деймін, осы дүниені Қызылжарға апаратын менмін ғой.
D) -Әй, Баянды деймін, осы дүниені Қызылжарға апаратын менмін ғой.
E) Әй Баянды деймін, осы дүниені Қызылжарға апаратын менмін ғой.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет