1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз.
A) 8.
B) 6.
C) 7.
D) 12.
E) 10.
|
2. Жалқы есімді табыңыз.
A) Көше.
B) Облыс.
C) Өзен.
D) Ертіс.
E) Қала.
|
3. Бµлшектік сан есімді табыњыз.
A) Ж‰здеген.
B) Екі жарым.
C) Тµртеу.
D) Сегіз.
E) Он тоѓызыншы.
|
4. Мына сөйлемге қай шылау лайық, көрсетіңіз.
Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден-… белгілі.
A) -ақ.
B) -ау.
C) -ді.
D) -мыс.
E) -ай.
|
5. Еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.
A) Тәйт.
B) Жарқ.
C) Шөре-шөре.
D) Жә.
E) Ту.
|
6. Бірыңғай үнді дауыссыздан құралған сөйлемді белгілеңіз.
A) Елімнің сұлу көлдері.
B) Елімнің ерен ерлері.
C) Елімнің мөлдір бұлағы.
D) Елімнің байтақ даласы.
E) Елімнің асқар шыңдары.
|
7. Үндестік заңына бағынатын қосымшаны табыңыз.
A) -паз.
B) -кер.
C) -хана.
D) -мен.
E) -ды.
|
8. Барыс жалғаулы сөзді табыңыз.
A) Қылышына.
B) Жағаны.
C) Береке.
D) Далам.
E) Тара.
|
9. Күрделі сөзді табыңыз.
A) Күркілдек.
B) Толқымалы.
C) Ақмола.
D) Парасат.
E) Бақташылық.
|
10. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
A) Әсемпаз.
B) Жайраңда.
C) Әлдеқайда.
D) Ешқайсысы.
E) Отыздарда.
|
11. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Әкелді.
B) Әкелсін.
C) Әкелерсің.
D) Әкелмессің.
E) Әкелгейсің.
|
12. Атаулы сөйлемді табыңыз.
A) Жарыс жалғаса берді.
B) Ауа желсіз екен.
C) Баламен ойнады.
D) Бізге уақытты ұту керек.
E) Сайын дала.
|
13. Төл сөздің алдынан автор сөзі келсе, қойылатын белгіні көрсетіңіз.
A) Нүктелі үтір.
B) Көп нүкте.
C) Нүкте.
D) Қос нүкте.
E) Үтір.
|
14. «Қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл» деген кімнің сөзі, табыңыз.
A) С.Мұқанов.
B) А.Құнанбаев.
C) М.Әуезов.
D) К.Аханов.
E) Б.Момышұлы.
|
15. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
A) Халық саны өсуде.
B) Сен өсіріп сөйлеме.
C) Баласы өсті.
D) Өсу жолы - бұл емес.
E) Бұл ойды мен өсірген емеспін.
|
16. Эвфемизмді табыңыз.
A) Қолды болды.
B) Табылмады.
C) Жоғалды.
D) Ұрланды.
E) Іздеді.
|
17. Кейінді ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын сөзді табыңыз.
A) Келу.
B) Қар.
C) Бал
D) Теп.
E) Ара.
|
18. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз.
A) см-ден
B) смге
C) ГАЗ-51 ге
D) ИЛ-86-мен
E) см. ден
|
19. Сапалық сын есімді табыңыз.
A) Мейірімді.
B) Баласыз.
C) Желсіз.
D) Базарлы.
E) Ақшыл.
|
20. Мекен үстеуін табыңыз.
A) Жорта айтты, қасақана үндемеді.
B) Ілгері жүрді, төмен түсті.
C) Бұрын жүрді, күні-түні оқиды.
D) Үйге кетті, қатты өкінді.
E) Бірден сөйледі, шалқасынан құлады.
|
21. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
A) Дұшпанға тастай қатты бол.
B) Япырым-ау, қайда сол күндер.
C) Көп алғысы көгертер.
D) Тіл-сарқылмас ғылым.
E) Ақылды адам айтқызбай біледі.
|
22. Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Оқушылардың бәрі қысқы демалысқа тарады да, мектеп бос қалды.
B) Үлкенді сыйлау - асыл қасиет.
C) Ақылбай, Ербол және Мағаш келді.
D) Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Арал, Алакөл және Марқакөл.
E) Жел қатайып кетті,-күн суытпады.
|
23. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасып тұрған түрін көрсетіңіз,
A) ''Біз қайда жатырмыз? - деді, - кеше кеткен жоқпыз ба?''.
B) Мен колхозшыларға: ''Өзім бұл жерде туғаным жоқ'', - дедім.
C) ''Иә,-деді Дина, басын изеп, - тіл мен үн арасында айырма жоқ''.
D) ''Біз қайда жатырмыз?'' - деп сұрады.
E) Ол бірде маған шынын айтты: ''Сенімен сапарға шықсам, көңілім бір түрлі көтеріңкі болады''.
|
24. Қыстырма сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.
A) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма-байқаймын-кейбір бала қайран.
B) Менің бұлай ашық, мойындап- отырғаныма кейбір бала, қайран.
C) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын, кейбір бала қайран.
D) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын кейбір бала қайран.
E) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма байқаймын, кейбір бала қайран.
|
25. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.
Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.
A) Әңгімеге
B) Қойып
C) Кірісейік
D) Бәрін
E) Ашық
|
26. Күрделі сөз қатысқан тіркесті табыңыз.
A) Кеш суықтау.
B) Торы ат.
C) Ағаштардың жапырақтары.
D) Қара торы қыз.
E) Зәулім ағаш.
|
27. Жатыс жалғаулы есімшенің шарттылық мәндегі қатарын табыңыз.
A) Жазған - есімше.
B) Сен жақсы оқығаныңда, бес алып кетер едің.
C) Мен келгенде жоқ болдың.
D) Сен туғанда қуандық.
E) Айтылған сөз - атылған оқ.
|
28. Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтасты табыңыз:
A) Жұмысың өнсін десең, өткенге өкінгің келмесе, әр минутыңды ұқыпты пайдалана біл.
B) Сыйластық – адамның ақыл-ой, мінез-құлқын, санасы мен мәдениеттілігін аңғартатын қасиеттердің бірі.
C) Оқудағы қызы келіп еді, туыстары жиналып, той-думан өткізді.
D) Үй іші мұздап, сырттағы ызғырық азынай бастаса, Бұзаубақ пен Айжан пештің жанына бөстекті төсеп, бір-біріне тығыла түсіп бүрсиіп отыратын.
E) Ұсақ балалардың көпшілігі жеке-жеке тайға мініп, бірен-сарандары екі-екіден мінгесіп алып, Абайларға ілесе шапқанда, жұрттың бәрінің артында қалғаны Оспан болды.
|
29. Қаратпа сөзді анықтаңыз.
A) Бала, баланың ісі - шала.
B) Бала, бала деп құрақ ұшады.
C) Ескертуден қорытынды шығар, бала.
D) Келіп кеткен - сол бала.
E) Бала тілі - бал.
|
30. Тырнақшаның қойылу себебін анықтап, дұрысын табыңыз.
Сарқылмас сөзі таудың бұлағындай,
Сиқыр сөз көлдің сұлу құрағындай.
Жортады желмаядай шал кеңеске,
²Осылай болған екен, шырағым-ай².
A) Дәйексөз.
B) Өлең ішіндегі төл сөз.
C) Мақал.
D) Сөйлем ішіндегі төлеу сөз.
E) Мәтел.
|
|