1. Философия пәні. Философияның негізгі мәселесі


Ғылыми білім мәселелері және оның арнайы белгілері



бет11/30
Дата19.05.2022
өлшемі348.58 Kb.
#457772
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Философия

15. Ғылыми білім мәселелері және оның арнайы белгілері.
Ғылымның қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отырған қазіргі заманда "білім" деген ұғымды көбінше "ғылыми білім" деген ұғыммен тепе-тең мағынада түсінеміз. Ал шынында олай емес екенін жоғарыда айттық. Адам білімінің көптеген түрлері ғылыми емес. Мәселен, күнделікті тұрмыста қалыптасқан білім, діни білім, бірдеңеден алатын эстетикалық әсер т.б. ғылыми білімге жатпайды.
Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алынатын білімдердің мазмұны мен сипаты мүлде басқаша. Ғылыми білімнің мазмұны мен сипатын, мәселен, күнделікті тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстық білімдерден ажырату үшін ғылым деген не екенін, оның мазмұны қандай екенін білу қажет.
Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы барынша ақиқат білім алуына бағытталған дүниетану қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы. Демек, ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы ақиқат білімге қол жеткізу екен. Ал білім не үшін керек? Ол болашақ өндірістік іс-әрекетте қолданып, практикалық қызметті ілгері дамыту, жетілдіру үшін, сөйтіп, барған сайын шындық дүние заттары мен құбылыстарын өз мақсат-мүддесіне сәйкес меңгеру үшін қажет. Бұл ғылымның өндіргіш күш ретіндегі қоғамдық-әлеуметтік функциясы (қызметі) болып саналады. Ғылымның екінші бір функциясы — мәдени-дүниеге көзқарастық функциясы.


16. Рационалды таным және оның формалары.
Рационалдық таным – логика, ойлауды
абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну.
Формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы.
17. Сезімдік таным және оның формалары.
Сезімдік таным – сезімдер мен түйсікті білімнің қайнар көзі деп біледі. Формалары: түйсік, қабылдау, елестету.
18. Ғылыми танымның формалары мен әдістері.
Ғылыми таным әдістері екі деңгейге бөлінеді: Эмпирикалық деңгейі және Теориялық деңгейі.
Эмпирикалық деңгейі - таным ғылыми фактілерді ашылуы эмпирикалық заңдылықтары.
Формалары – 1) Бақылау, эмпирикалық заңдары, 2) Ғылыми факт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет