1. Философия пәні. Философияның негізгі мәселесі


М.Қашқаридің іліміндегі философия, махаббат және достық



бет8/30
Дата19.05.2022
өлшемі348.58 Kb.
#457772
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Философия

9. М.Қашқаридің іліміндегі философия, махаббат және достық.
Сонымен, Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» атты түркі сөздерінің жинағы арқылы бізге жеткен алғашқы қауым адамдарының еңбек жөніндегі өлең-жырлары сол дәуір адамдарының аңшылық, егіншілік және мал өсіру саласындағы өмірін, еңбек процесін,тайпа мүшелерінің қауымдасқан тұрмыс-тіршілігін бейнелейді.
Махмұт Қашқари, «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы ерлікті мадақтау
«Түркі тілдерінің жинағында» ерлікті, батырлықты мадақтайтын өлең-жырлары көп.Әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамы үрейлі аңдармен арпалыста немесе түрлі тайпалар арасындағы соғыста ерекше ерлігімен, қыруар күш-қуатымен, әскери айла-тәсілмен жұрт көзіне түсуді өзіне биік мәртебе санаған. Дәл осындай халық батырларының сом тұлғасын жасау-барлық халықтар эпосына тән құбылыс. «Сөздікте» мысал ретінде көрсетілген шағын өлең жолдары қазақтың көнеден кел жатқан дәстүрлі дастандары-батырлық жырларындағы сюжетті баяндау сарынын, батырларды таныстыру тәсілін, жекпе-жекке шақыру мәнерін, қазалы үйге ат шаптырып келу дәстүрін, т.б. Еріксіз еске түсіреді. Мәселен, «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр» және «Ер Тарғын» жырларында халықтың ерлік героикасы , махаббат пен достық, туған жерге деген сүйіспеншілік осылайша жырланады.


10. Материяның философиялық түсінігі. Материяның құрылымы.
Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан.
Өзінің практикалық қызметінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау барысында алуан түрлі заттарды, құбылыстар мен процестерді байқай отырып, адам сонау ерте заманда-ақ өзіне мынадай сұрақ қоюға мәжбүр болды: шетсіз де шексіз көп заттар мен құбылыстардың бәріне тән, бәріне, ортақ негіз болып табылатын нәрсе бар ма? Әрине, бұл сұрақ өте күрделі әрі маңызды еді. Ең әуелі адамдардың өздерін қоршаған ортадан бөліп қарап, өздерінен тысқары және өз алдына дербес заттар мен құбылыстар өмір сүреді деген қорытындыға келу үшін сан ғасырлар мен мыңдаған жылдар қажет болды. Бірақ бұл қорытынды адам санасының дамуындағы елеулі кезең, айтулы уақиға еді. Бұдан әлдеқайда көп уақыт өткенде ертедегі грек ойшылдары табиғат құбылыстарының құпияларын ұғынуға талпына отырып, дүниенің бір негізі, түп қазығы, ортақ бір бастамасы бар деген тұжырымға келді. Оны олар субстанция (латынша – түп негіз, мән деген сөзден шыққан) деп атады. Субстанция алуан түрлі заттардың, құбылыстардың, процестердің өмір сүруінің, олардың ішкі бірлігінің негізі деп қаралды. Түрлі заттар, құбылыстар мен процестер пайда болып немесе белгілі бір уақытта жоғалып кетіп жатады, ал субстанция еш уақытта пайда болмайды, жоғалып та кетпейді, ол бар болғаны өзінің өмір сүру әдісін, болмысын өзгертеді, бір күйден екіншісіне ауысып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет